Берекелі Алтын
күз
Мақсаты: Балаларға жыл
мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз
қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш
сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге
қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын
байыту.
Күз мерекесіне арналған әсем әуен орындалады,
балалар әдемі киінген күйі залға кіреді.
Жүргізуші
. Құрметті қонақтар,
мектепалды даярлық
«Ә»тобының күз мерекесіне
арналған «Алтын
күз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз
.Қош келдіңіздер!
Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
Салқын жел соғады,
Гүл
жапырақ шөптерде
Қурап, қурап салады
Айтыңдаршы балалар
Бұл
қай мезгіл болады.
Балалар: Күз мезгілі ,(Балалар орындарынан
тұрып ән айтады.)
Ән.
«Күз жомарт»
Балалар орындарына жайғасады,жақсы музыка әуені
орындалады, осы кезде «Күз ханшайымы» кіреді.Балалармен
амандасады.
«Күз
ханшайымы» Амансыңдарма
балалар,
Ерінбестен еңбек етіп
келетін
Еңбекшіл бар жемісін
беретін,
Мен Күз ханшайымымын
Ынтымақты елімнің,
Берекелі ырыс болып келетін ,мен сендерге құр
келген жоқпын, өзіммен бірге піскен жеміс ала келдім, сондықтан
алдымен сендермен ойын ойнайын, солайма
балалар:
Ойын .
Шарты:Балалардың көздерін байлап, қандай нәрсе екенін,
сипау арқылы немесе иіскеу,дөңгелекпе, сопақпа ,қандай жеміс екенін
сұрау.(3-4 балаға ажыратқан баланы мақтап
мадақтау.)
Жүргізуші.Күз ханшайымы біздің балалардың, сізге
дайындап келген жақсы тақпақтары бар соны тыңдағыңыз
келмейме?
«Күз
ханшайымы» Жарайды, жақсы демалып қалатын
болдым.
Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
Ал енді біз коймадан жинаған
жемістеріміз бен көкөністерімізді
шақырайық.
Машинаға тиелген жемістер мен
көкөністер келеді. Бір-бірлеп тақпақтарын
айтады.
Қияр : (
Алияр)
Көктеп ерте
өрмелеп
Өсемін мен бүр
жарып
Атым қияр теріп
ал
Жиі-жиі
суарып
Қызылша :
(Інжу.Т)
Мен де бір сөз
айтайын
Мақтанайын
сіздерге
Менсіз борщ
болмайды
Венегрет те
үстелге
Жүзім :
( Имран)
Жүзім пісті
бір-бірлеп
Үзіп мәзбіз біз
енді
Қоңырауы
күмбірлеп
Қыркүйекте күз
келді
Асқабақ:
( Інжу.Ш)
Таңдандырар
бәрін
Асқабақпын
дәмді
Кептірілген
дәнім
Таптырмайтын
дәрі
Қарақат:
(Айзере)
Торсиған бал
уызға
Кіп-кішкентай
қарақат
Салып қояр
ауызға
Болса егер
дәмін тап
Қырыққабат :
(Бауыржан)
Бақшаларда
тізіліп
Қаперсіз мен
жатамын
Қабат-қабат
киініп
Қырыққабат
атандым
Шие:
(Айару)
Мен шиемін,
шиемін
Күннің көзін
сүйемін
Қышқыл шырын
менде бар
Төмен басты
иемін
Қызанақ :
( Рүстем)
Тал шыбығым
бұралып
Бақшаларда
қызарып
Тұрған ол мен
қызанақ
Күнге қарап
ұялып
Сәбіз:
( Мансур
)
Өсіремін
бойыңды
Дамытатын
ойыңды
Қоянға да
азықпын
Сәбіздерміз
жазықсыз
Картоп:
( Картоп)
Картоп біздің
атымыз
Жер астында
жатырмыз
Бір тамырдан
тараған
Ағайынбыз
бәріміз
Қарбыз :
(Аян)
Көрсең егер
бақшада
Доп екен деп
қалмағың
Шөл қандырар
қарбызбын
Ерте үзіп
алмағың
Пияз :
(Динара)
Асханадан
шықпаймын
Атым пияз
бұқпаймын
Көзден жасты
шығарып
Тұмаудан бірақ
сақтаймын
Алма: (
Ернұр)
Мен алмамын,
алмамын
Таңдай татар
бал дәмім
Мына тәтті бал
дәмді
Дастарханыңа
арнадым
Шалқан :
( Дамир)
Кім білмейді
шалқанды
Дәмін татып таң
қалды
Тауып көр
меннен дарқанды
Құлпынай:
( Медина)
Жапырақта
тасалап
Өскен жері
бақша-бақ
Күрең қызыл
шіркін-ай
Оның аты -
құлпынай
Би
«Қолшатыр»
Күз
ханшайымы: (Балаларды мақтап мадақтайды, орындарына
жайғастырып отырғызады, осы мезгілде есік
қағылады,)
Жүргізуші. Балалар біздің топқа біреу қонаққа
келе жатқан сияқты кім болды екен, осы кезде қолында үлкен сәбізі
бар қоян кіріп келеді.
Қоян. Балалар сәлематсыздарма мен сендерге
қонаққа келдім, сендерге Күз ханшайымы келіпті ғой –қандай тамаша ,
олай болса мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр ойнаймызба? Алдымен
шартын тыңдаңдар.
Шарты: Менің қолымдағы себетте жемістермен көкөністер
бар оларды жерге шашып тастаймын , ал менің жейтінім тек сәбіз ғана
.Сондықтан осылардың арасынан тек сәбізді жинап, менің себетіме
салып берсеңдер , мен қуанып қалар едім.Кәне балалар ойынды
бастайық.(ойын 3-4 рет қайталанады.)
Ән.
«тук-тук ,
кап-кап-кап»
Балалар
тақпақтары:
Нұрасыл-Ақниет,
Сымбат-Асылжан
Елдар-Әсемай
Мағжан-Нұртөре
Жанторе-Нұрасыл
Би «ырғақты
би»
Ән «Золотая
осень»
«Күз ханшайымы мен
Қоян» : Балаларға риза болып рахметтерін айтып
«Күз ханшайымы қолындағы жемістерді балаларға таратып бередіде қоян
екеуі қоштасып шығып кетеді.
Жүргізуші. Жел тұрады
жалықпайды
Күн жылытып жарытпайды,
Жапырықтар жерге қарай
Қалықтайды, қалықтайды—дегендей біздің тобымыздың
дайындаған мерекелік ертеңгілігіміз
аяқталды.
Қош
сау болыңыздар!!!