Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Берекелі алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
балалардың ойлау қабілетін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Берекелі алтын –күз

Мақсаты: Күзгі табиғат өзгерістерін бақылап ,күз байлығын ,әсемдік ,сұлулықты сезіне білуге үйрету.

Жүргізуші: Алты алашқа ана болған Сыр елінің бас қаласы Қызылордаға биыл 200 жыл.Қызылорданың қазіргі бет-бейнесі бірден қалыптасқан жоқ, қала өсіп-өркендеуі үшін ел азаматтары еселей еңбек етті.Сырдарияның жағасындағы қасиетті мекеннің тарихы өте терең.Әсіресе алғашқы астана болған жылдары Ақмешіт саяси және рухани-мәдени орталық болды.

Қызылорда қаласы,

Болған бір кез астана.

Ал бүгін құлпырып ,

Өркен жайған жас қала.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,балалар , ата-аналар !Берекелі алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер !Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын.Сары алтындай күз себетке толы жемісін , қамбаға толы егінін сыйлайды.Ендеше «Арайлы алтын -күз»атты мерекелік іс-шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Берекені сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді-дей отырып ортада балапандардың өлеңін қарсы алыңыздар(хор Күзім-ай)

Берекелі,мерекелі ,

Келеді жомарт алтын күз,

Қалада да, далада да.

Жанның бәрі жарқын күз.

Ендігі кезегімізді бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз.

1 Аяжан

Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.



2.Қасым

Мен өрікпін,өрікпін,

Бау бақшаға көрікпін.

3.Жауқазын

Берекені сыйлауға,

Өлкемізге күз келді

5 .Айлан

Күз келді алақай,

Алтын келді далаға.

Дәні бітік бидайды,

Құйып жатыр қамбаға.

7.Гүлсім

Күз арқылы білеміз,

Жомарттықтың салтын біз.

Біз өзіңді сүйеміз,

Рахмет саған алтын күз.

8.Арайлым

Көктемде еккен көкөніс,

Күзде берді көп жеміс.

9.Іңкәр

Мен алмамын,алмамын,

Таңдайда қалар бал дәмім.

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би,билейік ойнайық.

Келесі кезегімізді бүлдіршіндердің биіне береміз. «Жапырақтар» биін қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Әсем әуен салдырған,

Сәбилерде алғыр жан.

Бал дәуреннің қызығын ,

Есте қалар балдырған- дей отырып мың бір алған бүлдіршіндерді қарсы алыңыздар « Күн суытты»Қимылды би

Жүргізуші: Балалар мінекей күз мезгіліде келіп жетті.Осы кезде ішке алтын күз жеміске толы себетімен билеп кіріп келеді.

Жүргізуші: Балалар, қане қарайықшы , бізге қонаққа кім келді?Бізге қонаққа күз ханшайымы келіпті.

Күз ханшайымы: Сәеметсіңдер ме балапандар!Бүгін сендер қандай әдемісіңдер.

Балалар:ия

Күз ханшайымы: «Қандай жаңбыр»ойынын ойнайық.Жаңбырдың жәй түрі болады , оны салу үшін қолымызды жәй шапалақтаймыз.Сонымен қатар қатты жаңбырлар болады.Қатты жаңбыр болса, қолымызды шапалақтаймыз. Түсініктіме балалар.

Күз ханшайымы: Балалар сендермен уақыт өте көңілді өтті.Рахмет сендерге. Енді мен үйге қайтайын.Сендердің ақылды,көңілді екендеріңді достарыма айтып барайын.Сау болыңдар , балалар!

Жүргізуші: Біздер қарап қалмайық,

Жақынырақ барайық.

Мерекелі күз келді,

Бірге қарсы алайық.

Ойын ойнап ,би –билеп,

Әсем әнге салайық-дей отырып келесі кезегімізді кішкентай бүлдіршіндердің өлеңіне берейік. «Күзгі жапырақ»

Жүргізуші:Кездескен соң күзіммен,

Бұтағынан үзілді.

Ай жапырақ –сары алтын,

Айналаның бәрі алтын-дей отырып балалардың қимылды биін қарсы алыңыздар.

«Топ-топ»балапан.

Жүргізуші: Бүгін сендермен өткізген алтын күз мерекесі осымен аяқталды . Сау болыңыздар.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
379
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12