«Берекелі,
мерекелі
Алтын күз!»
(Ертеңгілік)
Тәрбиешілер:
Жуманова
М.Б.
Курманова
А.Н.
Музыка
жетекшісі: Доғай
Е.
№2
«Балдырған» ересек топ
Мақсаты:
Алтын күз мерекесін өткізу. Күз туралы
түсініктерін кеңлейту.Балаларға мерекелік көңіл-күй
сыйлау.
Жүргізуші:
Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз
жыл мезгіліндегі ең тамаша «Берекелі, мерекелі Алтын күз!» атты
ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
Армысыздар,
халайық,
Бармысыздар,
халайық!
Күзгі тойды
жұп жазбай,
Бірге қарсы
алайық!
-Балалар мен
сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк
майсалды көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек
көйлегін»
-Бұл не, балалар?
(Күз)
Күз
ханшайымы:
Сәлем менің
достарым
Өмірге көп
қосқаным,
Күз сыйлығын
алыңдар
Сыйлығына
қаныңдар.
Молшылыққа
кенеліп,
Шаттық әнге
салыңдар.
-Балалар, мен
сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім.
( күз мезгіліне
арналған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Мөлдір: Бұлттар төніп, жерге
шөгіп.
Дымқыл тұман басады,
Шөп
сарғайып, өңі тайып
Дала сұры қашады.
Бой
жаза алмай,
Ойнай алмай
Денең мұздап тоңады
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде
болады? Әмір:
Берекесін
сыйлауға,
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Салауат:
Ж емісі мол
теретін
Күз
дос бізбенен
Бәрін тауып беретін.
Жомарт екен күз деген.
Муслим:
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Дария:
Бір-бірлеп жапырақ
Сылдырлап ұшады.
Сарғайған жапырақ
Күз
нұрын құшады.
Айниса:
Дәмі аузымнан кетпейді,
Қызыл алма шырын бал.
Көктей тісің өтпейді.
Піскен кезде үзіп
ал. Арна: Жеміс-жидек пісіп
жатыр,
Түсіп жатыр бау-бақта.
Жапырақтар ұшып жатыр
Түсіп жатыр жан-жаққа
Жапырақтың сарғайғаны,
Келген күздің
сәні.
Күз: Жарайсыңдар, балалар! Менімен
бірге ән айтқыларын келе ме? Ортаға шығып «Күз тамаша» әнін орындап
берейік.
Ән: «Күз
тамаша»
Күз: Балалар, бір сыбдыр естіледі
кім екенін білгілерің келе ме?
(Ортаға жаңбыр келеді. Музыка
ырғағымен)
Жаңбыр: Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгін сендер қандай әдемісіңдер. Сіздерге мен көкөністер мен
жемістерді алып келдім. Қазір олар өздерін
таныстырады.
Балым: Дөп дөңгелек
сап-сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасын көріп,
Менің атым өрік.
Інжу:
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Желге сілкіп түсірме,
І сіп кетер
мандайм.
Замира:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз, тәттіміз.
Нұрым:
Асханадан шықпаймын,
Атым пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шағарам,
Тұмаудан бірақ, сақтаймын.
Сезім:
Картоп біздің атымыз,
Жер
астында жатырмыз.
Бір
тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Ерсултан:
Тал
шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен қызанақ,
Күнге қарап ұялып.
Рахим:
Мен
моншақты шиемін,
Құмарсындар білемін.
Кетіп қалып жүрмесін,
Тамағыңа сүйегім!
Күз:Жарайсыңдар!
Жаңбыр: Балалар, би билегенді
ұнатасыңдар ма?
-Ортаға сұлу қыздарымызды биге
шақырамын.
Би: «Көкөністер мен
жемістер»
Жаңбыр:
Балалар, мен бір ойын білемін ойынның
аты:
Ойын:
«Жемістер мен
көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады)
4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын
кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1
–Өрік.
2 –
Қызанақ.
3 –
Орамжапырақ.
4 –
Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр
команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын
қайталанады.
Күз: Балалардың әнін
тамашалайық.
Ән:
«Күздің күні
тамаша»
Жаңбыр:
Жарайсыңдар балалар! Сендер сондай
ақылдысыңдар!
Исмаилов
Али:
Мол
байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Аспанға өрледі.
Құстар да ән салды.
Алтын, алтын, сары
алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз
мектепке баратын.
Алақай-ау, күн жақын.
Меруерт:
Көрінеді
шалғайдан,
Бел-белестер сарғайған.
Сары жапырақ төгілген,
Тоғайды да көрдім мен.
Айсу:
Сары ала тон жамылған,
Күз-атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Аяла:
Өрік,шие балы бар.
Қауын, қарбыз көбейді
Жегің келсе, бәрін ал.
Неге аласың демейді?
Жәңгір:
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Жамал:
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға,
Малынғандай атыра
Мереке Али:
Жеміс-жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Айзере:
Күзде жауын,бұлт,тұман,
Сары жапырақ жауады!
Сары құйын ұйытқан,
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Күз:
Біздің жігіттеріміздің биін
тамашалайық.
Би:
ұлдар
биі
Жаңбыр: Тамаша жарайсыңдар! Тағы
қандай өнерлерің бар? Менің ән тыңдағым кеп
отыр.
Ән: «Алтын күзде
молшылық»
Жаңбыр: Балалар, сендермен
уақыттың қалай өтіп кеткенін білмей де қалыппын. Қандай керемет
шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Сау болыңдар
балалар!
(Жаңбыр
кетеді)
Күз: Балалар, менің сендерге
арналған күзгі сыйым бар. Бұл сыйлықты топтарыңа барып жейсіңдер!
Қазір апайларына беремін.
Жүргізуші: Күз ханшайымы, бүгінгі
сыйлығына рахмет. Бізге жыл айналып тағы келіңіз, біз сізді сағына
күтеміз. Балалар, күз сыйлығын топқа барғасын
бөлісеміз.
Жүргізуші: Осымен «Балдырған»
тобының «Берекелі, мерекелі Алтын
күз!» атты ертеңгіліміз аяқталды.
Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде
тыныштық, береке болсын