Тақырыбы:
«Берекелі алтын күз»
ертеңгілігі.
Жүргізуші:
Сарғайды
тоғай
Сап — сары
маңай.
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті
қайтып.
Жаздай күткен
бәріміз,
Сары алтын, сары
күз.
Алтын ұя
бақшада,
Күтіп алар
шағымыз.
Сәлеметсіздер ме,
құрметті қонақтар?! Бүгінгі «Алтын
күз»атты мерекелік
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Қошеметпен
«Қызғалдақ» ортаңғы
тобын қарсы
алыңыздар!
(Балалар қол ұстасып, музыка
әуенімен залға кіріп, келген қонақтармен
амандасады.)
Жүгізуші:
Балалар, мен сендерге жұмбақ
жасырамын, ал сендер оны табуға
тырысыңдар:
Бозарып
дала,
Тоңады
бала,
Астығы
піскен,
Жапырағы түскен, — бұл қай
мезгіл балалар?
Балалар:
Күз
мезгілі
Жүргізуші:
Дұрыс, осы күз мезгілінің
мерекесін тойлап отырмыз. Бүгін бізге үлкен қонақ келеді.
Ол «Күз
ханшайымы». Қонағымыз тез келсін
десек, оны дауыстап шақырайық.
Балалар:
«Күз ханшайымы». .
.
(Залға әсем әуенмен, жапырақ
шашып «Күз ханшайымы»кіреді )
Күз
ханшайымы:
Уа, халайық дархан далам
армысың,
Табиғатым, жаны жайсаң тал
мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп
тұр,
Алмақ болып, бар халқымның
алғысын.
Сәлеметсіңдер ме,
кішкентай балақайларым. Мен сендерді көріп тұрғаныма, өте
қуаныштымын.
Жүргізуші:
Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы»,
төрлетіңіз! Біздің балалар сізге арнап өздерінің жан –жақты
өнерлерін дайындап отыр. Соны тамашалаңыз.
Күз
ханшайымы:
Әрине, балалар, мен сендердің
өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.
Жүргізуші:
Балаларымыздың өнерлерін қабыл
алыңыз.
Балалар тақпақ
айтады.
Алмұрт: Мен алмұртпын,
алмұртпын,
Аузындамын бар
жұрттың.
Жұмсақ дәмнің
бірімін.
Дастарханның
сәнімін.
Алма: Пісіп тұрған
алмамын,
Тамсандырар бал
дәмім
Жерге сілкіп
түсірме
Ісіп кетер
маңдайым.
Қызылша:Ақ түсім бар қант
алар
Қызыл түсіп қанға
нәр
Зияным жоқ біліп
қой
Қызылшамын пайдам
бар.
Шие: Мен шиемін, шиемін,
Піскенше тон киемін.
Бала келсе қасыма
Басымды мен иемін.
Қырыққабат:Бақшаларда
тізіліп
Қаперсіз мен
жатамын
Қабат-қабат
киініп
Қырыққабат
атандым.
Қауын: Бақша ішін
аралап,
Қара, күлгін, сары
алма.
Қауын жатыр
сүйкімді,
Үлкенге де
балаға.
Өлең «Күз
жомарт»
Күз
ханшайымы:Балалар мен сендерге жұмбақ
жасырайын, тауып көре қойыңдаршы.
Тырс-тырс етіп
тамады,
Сайға қарай
ағады.
Балалар:
Жаңбыр.
Күз
ханшайымы:
Жақсы, балалар, өздерің тапқыр
екенсіңдер. Жаңбыр күз мезгілінде жиі жауып тұрады. Маған
айтыңдаршы, сендер жаңбыр жауғанда қандай киім
киесіңдер?
Күз
ханшайымы:
Күрте, резеңке
етік.
Күз
ханшайымы:
Қолымызға не
ұстаймыз?
Балалар:
Қолшатыр
Күз
ханшайымы:
Дұрыс,
айтасыңдар.
Олай
болса, «Қолшатыр» ойыны
ойнайық.
Шартымен
таныстыру.
Жүргізуші:
Күз ханшайымы, біздің балалар
ойынды қалай жақсы ойнаса, көкөніспен пайдасы туралы тақпақтарды да
жақсы айтады.
Күз
ханшайымы:
Олай болса, тыңдап
көрейік.
(Балалар сахнаға шығып тақпақ
айтады)
Жүргізуші: «Көкөністер
дауы»
Жүргізуші:
Өнім биыл
тамаша,
Көз тоймайды
қараса,
Сәбіз, картоп, қияр мен қып
–қызыл піскен қызанақ,
Қырыққабатқа
қарашы?
Көкөністер бір кезде жиыла қап
дауласты.
Барлығы:
Жиналып қаппыз
бәріміз,
Қайсымыз ең
дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді екен
көп пайдамыз?
Бұршақ:
Кішкене түймедеймін
мен,
Ұнаймын мен
бәріне.
Дәмді
тағамдарыммен,
Сый сыйлаймын
бәріне.
Ызаланған қызылша қып
–қызыл болып кетті.
(қызылша)Мен де бір сөз
айтайын,
Мақтанайын
сіздерге.
Менсіз борщ
болмайды.
Винегрет те
үстелде.
(қырыққабат)Мақтанғаннан не
пайда?
Менсіз дәмді щи
қайда?
Мені қосса
самсаға,
Бәрі жейді
тамсана.
(Қияр)Дәмім тілді
үйірген,
Мен тұздалған
күйімде!
Жаңа піскен
кезімде
Жейді бәрі
сүйсіне.
(Шалқан)Кім білмейді
шалқанды?
Талайлар маған таң
қалады.
Бәріне сый
боламын.
Тауып көр менен
дарханды.
(Сәбіз)Кім бар сәбіз
шырынын,
Жастайынан
ішпеген?
Мені жеген
адамдар
Кем болмайды күшке
де!
(Қызанақ)Піскен кезде
қызанақ
Көз тартар қызыл
түсімен.
Бар ма адам
сүйсінбей
Томат шырынын
ішпеген?
(Картоп)Мен ұялшақ
картоппын
Мен емеспін
мақтанар.
Мені жақсы
көреді
Үлкендер мен
балалар.
Бос айтысты
қояйық,
Дауласуды
тоқтатайық.
Барлығы:
Жиналып қаппыз
бәріміз,
Қайсымыз ең
дәмдіміз?
Ішімізден адамға тиеді екен
көп пайдамыз?
Жүргізуші:
Көкөністер бәрі
де,
Денсаулыққа
пайдалы.
Мұны жатқа
біліңдер,
Оларды жақсы
көріңдер.
Жүргізуші: Мың бұралған бишіміз,
Күміс көмей әншіміз.
Заманына қызы сай,
Қызғалдақ тобы міне біз-дей келе, біздің
бүлдіршіндеріміздің «Жапырақтар» биін
тамашалаңыздар.
Би: «Жапырақтар
биі»
Ата –аналармен
ойын.
Жүргізуші: Қазір ата-аналарымыз тез, әрі
жылдам жұмбақтарымызды қалай шешеді екен.
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (пияз)
Қызыл, сары
немелер
Су бетінде
қалқиды
Соқса егер салқын жел
жапырақ
Ырғалады,
толқиды.
Іші жұмсақ, сырты
қатты
Еті қызыл, сүті тәтті
қарбыз
Аспай
піскен
Қайнамай түскен
жеміс
Бақшада
өседі
Көп өнім береді.
көкөніс
Жайлы, жұмсақ
төсегім
Домаланып
өсемін
Қабат-қабат тоным бар
қырыққабат
Қалай оны
шешемін
Доп-домалақ бұжыр
тас
Іші толған піскен ас
жаңғақ
Қалың киімді
ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
пияз
Үстіне тігіп көк
шатыр
Астында қызыл дәу жатыр
қызылша
Аласа тал, тамаша
тал
Самсап тұр
алмасы
Ол алқызыл, ол
қанқызыл
Боялғанша алмашы
Қызанақ
Жүргізуші: Дидактикалық ойын:«Көкөніс
пен жемісті танисың ба?»
Ойынның шарты: Екі топқа
бөлініп көкөністер мен жемістерді
ажыратады.
Жүргізуші:
Тақпақтар:
Жүзім: Мен жүзіммін,
жүзіммін.
Моншақ болып
түзілдім.
Сары күзде
үзіліп,
Себетке кеп
тізілдім.
Қызанақ:Тал шыбығым
бұралып
Бақшаларда
қызарып
Тұрған ол
мен-қызанақ
Күнге қарап
ұялып.
Өрік: Мен өрікпін,
өрікпін
Табиғатқа
көрікпін.
Алма: Алма, алма
дейсің,
Алма әкелсем
жейсің.
Айтпады екен
деме,
Алманы жумай
жеме.
Сәбіз:Өсіретін
бойыңды
Өсіретін
ойыңды.
Қояндарға
азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Жаңғақ:
Сырты қандай
қатты,
Дәмі сондай
тәтті.
Шағып қарап
таңдап,
Менің атым –
жаңғақ.
Жүргізуші:
Ән: «Бізге келді Алтын
күз»
Ойын «Күн, түн, жаңбыр,
жапырақ»
(Ойынның шартын
түсіндіру)
Жүргізуші: балалардан
ертегілердің атауларын сұрау.
«Шалқан» ертегісін
сахналау.
Ойын «Кім
жылдам?»
(себеттерге картоп
жинайды)ұлдармен ойналады.
Қыздар күзгі сән үлгісіне
шығады.
Жүргізуші: «Күз
келгенде»
Күз
ханшайымы:
Көп-көп рахмет, балалар.
Өнерлерің өрге өссін, әрқашанда осындай әдемі, ұқыпты, мейірімді
болып жүріңдер. Менің сыйлығымды ала
қойыңдар.
(Күз ханшайымы балаларға
сыйлығын таратып беріп, қоштасып залдан шығып
кетеді)
Жүргізуші:
Алма өрік
қамбаларға,
Толтырды әкеп, Алтын
күз.
Бұлтта болып
қамбалырға,
Байланыпты, Алтын
күз.
Дастарханда таба
нанға,
Айналыпты, Алтын
күз!
Құрметті ата –
аналар, келген қонақтар сіздерге күз мезгілі ырысы мен
берекесін мол әкелсін! Осымен
бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі
кездескенше сау болыңыздар!