жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Берекелі Алтын күз" ертеңгілік
«Берекелі алтын күз»
Мақсаты:балаларға көтеріңкі көңіл-күй жасау.Күз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру,күз сыйы саңырауқұлақтар туралы білімдерін кеңейту, шапшаңдықты,жылдамдықты, тепе-теңдік сақтау дағдыларын дамыту. Жыл мезгілі күзге деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.
Балалар жүргізушімен бірге залға кіреді
Би " Жапырақтармен"
Жүргізуші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді
ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар, ағайын, Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Бүгінгі ересек «Балауса» тобының
дайындаған «Берекелі алтын күз» атты
ойын-сауығымызға
қош келдіңіздер!
Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндегідей молшылық
тілейміз!
Балалар міне күз мезгіліде келді.Жаңбыр жауып, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсіп жатыр. Құстар да жылы жыққа кетуге дайындалып жатыр. Бірақ біз көңіл күйімізді түсірмей күз мезгілінің жақсыда қызықты кездерін есте қалдырамыз.
Алмаз
Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атыра
Көкте құстар тізілді
Медина Б
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін
Ақтан
Алтын сары ,қызыл ,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күз болғанда күлімдеп
Көз тартады атырап
Өмірхан
Жапырқтар сылдырлай,
Алтын күз міне келіпті.
Туған жерін қия алмай,
Ұшып бар құстар кетіпті.
Жүргізуші: Балалар Алтын күзде кім қонаққа келеді. Кәне қонағымызды қарсы алайық.
(Күз ханшайымы кіреді)
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым
Өмірге көп қосқаным
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар
Молшылыққа кенеліп
Шаттық әнге салыңдар
Қош келдің күз ханшайымы
Жүргізуші: қымбатты Күз ханшайымы!Біздің балалар сіз келеді деп күз туралы тақпақтар мен өлеңдер айтады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән "Күз келгенде"
(Үйшіктен қорылдаған дауыс естіледі)
Жүргізуші: Бұл не балалар, біреу қатты ұйқтап жатқан сияқты ғой. (үйшікке жақындап келіп пердені ашады, оның ішінде біреу ұйқтап жатыр) Балалар, бұл гном ғой, оны оятайық тұрсын.
(балалар алақандарын шапалақтап, аяқтарын тарсылдатады бірақ гном оянбайды.)
Жүргізуші: Оянбайды, енді қайттік, онда тағы да қатырақ шапалақтап тарсылдатайық.
(Гном оянып үйшіктен шығады.)
Жүргізуші: Сәлем гном? Сен сондай қатты ұйқтадың ғой.
Гном: Сәлеметсіңдерме балалар? Жаңбыр шатырды тырсылдатқан соң ұйқтап қалыппын, оятқандарыңа көп рахмет менің жұмыстарым көп еді.
Жүргізуші: ол қандай жұмыстар?
Гном: (күрсініп үйшіктің жанындағы жолды көрсетеді) жолды сыпыру керек, көрдіңдерме қаншама жапырақтар түсіп қалаған. Бірақ бұл жұмыс сондай көңілсіз
Жүргізуші: Ой гном біз қазір саған көмектесеміз. Бұл іс тіпті де көңілсіз емес, қарашы қандай әдемі жапырақтар. (көрсетеді)
Қимылды ойын «Бір-екі-үш жапырақтарды жина»
(гном балалармен бірге серуендеп жүреді жүргізуші 1-2-3 үйеңкі жапырақтарын жина, немесе қызыл,сары жапырақтарды жина деп белгі бергенде жапырақтарды жинайды, атайды, жинаған жапырақтарын жүргізушіге береді)
Жүргізуші: міне гном,жолда тазарды.
Гном: рахмет сендерге балалар, жапырақтар да жиналды көңілімізді де көтердік.
Жүргізуші : Жолды тазарттық. Балалар шаршады енді бір ән тыңдайық.
Ән: "Күз" (Аружан)
Жүргізуші : енді кішкентай балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
Исмаил
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйынды.
Диляра
Ой
балалалар балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Асылан
Сәлем,
сәлем, Алтын күз
Жаны жомарт
жарқын күз
Аяулым
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Жүргізуші: Тағы қандай жұмыс бар?
Гном: Ой, енді орманға барып саңырауқұлақ жинауым керек, бірақ мен сол саңырауқұлақтардың қайсы жеуге келеді қайсы жеуге келмейді соны шатастырып аламын ылғи.
Жүргізуші: Уайымдама гном, біз оған да көмектесеміз иә балалар?
Аттракцион «Саңырауқұлақтарды жина»
Жүргізуші ортаға саңырақұлақтарды шашып тастайды. Балалар жеуге келетін ж/е жеуге келмейтін саңырауқұлақтарды ажыратып жинауы керек. Ортаға екі баланы шақырады, әуен ойнап тұрады сол кезде жүргізуші 1-2-3 саңырауқұлақтарды жина деп белгі береді.
Жүргізуші: бәрекелді, біздің балалар саңырауқұлақтар туралы білетіндерін көрсетті, енді қандай жұмыс бар?
Гном: бүгінгіге осы да жетеді, дем алайық.
Жүргізуші : Онда қыздарымыздың әдемі биін тамашалайық.
Би: " Күзгі самал"
Әлішер
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Жанеле
Өнім үйіп
тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның
Махамбет
Қуандырып
біздерді,
Мерекелі күз
келді.
Кел, жемісті
алтын күз,
Кемелденсін
халқымыз.
Аружан
Қазан айы
басталды,
Құстар қайта
бастады
Туыстық адал
достықпен
«Алтын күз»
тойы жалғасты
Жүргізуші: Ал мен сендерге белсенді ойынын ойнауды ұсынғым келіп тұр.
Гном: Ол қалай?
Жүргізуші: «Көкөністер мен жемістерді реттейік»ойынын ойнайық
Балаларды екі топқа бөліп 1-ші топ көкөністерді 2-ші жемістерді жарысып жинайды.
Жүргізуші: Бәрекелді, балалар, сендер көкөністермен жемістерді айыра білетіндеріңді ж/е өте жылдам,шапшаң екенімізді де көрсеттік.Енді тағы да ән айтып берейік.
Ән:" Ия солай"
Гном: Балалар, мен сендермен достасқаныма өте қуаныштымын. Сендер өте көңілді ж/е ұйымшыл екенсіңдер. Мен сендерден көп нәрсе үйрендім.Бірақ мен шаршадым. (есінеп үйге кіріп кетеді де терезеден қарап
Келіп тұрыңдар, ал мынау сендерге сыйлық –деп конфеттер ұсынады)
Жүргізуші: Рахмет саған гном, біз міндетті түрде тағыда келеміз.
Ал балалар бізгеде қайту керек. Балалар мына жерде жаңғақтар көп екен жинап көреміз бе.
Ойын:" Жаңғақтар жинау"
Айжан
Көбейді құт,
береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Шыңғыс
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын
Айналаның бәрі алтын.
Әдемі
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Медина
Т
Келді міне күз,
Айнала сары түс
Керемет, тамаша
Қандай әсем күз.
Ән : "Тамшылар" (Аяулым)
Би: "Достық"
Жүргізуші: Осымен күз ойын -сауығына дайындаған мерекеміз аяқталды Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген