Балалар музыка
залына екі — екіден кіреді, музыка әуенімен қимылдар
жасайды.
Жүргізуші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайраңдаған күліп ойнап,
Келді міне алтын күз.
Құрметті ата-аналар! «Берекелі
алтын күз, мерекелі алтын күз» мерекемізге қош
келдіңіздер.
Аяла:
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам.
Дариядай шалқып жүр.
Мейірлі күз, мырза күз
Сыйлығына ризамыз
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.
Сұлтанбек:
Ветер снова набежал,
И листочки все поднял.
Закружились, завертелись,
И на землю тихо сели.
Айзере:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Ақжол:
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып-теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз,
Елге бәрін сыйлаймыз.
Дияр: Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құлап жапырақ солыпты.
Ел егінін орыпты.
Ой балалар, балалар,
Ойнайық та күлейік,
Мәз боп бірге жүрейік.
Алтын күз ханшайымы
кіреді.
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Қош келдіңіз, «Күз ханшаймы»
төрлетіңіз.
Ән:«Алтын
күз».
Тақпақтар:
Айжан:
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Куз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Заңғар:
Қуаныштың ағайын,
Қоңырауын қағайын.
Қуандырып біздерді,
Өлкемізге күз келді.
Ринат: Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Ой, алақай, тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Айару: Соңғы шуақ төгіліп, салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып, жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай, қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай, маужырап тұр сары
күз.
Тамирис:
Айнала сары ала,
Қырманға дән тола.
Жемістер пісіпті,
Қоймаға түсіпті!
Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Би: «Күзгі
вальс»
Ағылшын тілінде
ән
Дымқылбек пен
Суықбек келеді.
Дымқылбек:
Шалпылдатып кір суды,
Аралаймын жер көкті.
Мен, Дымқылбек батырмын,
Дымқыл, әрі келбеті.
Суықбек:
Тоңдырып бар баланы,
Аралаймын даланы.
Суықбекпін –суықпын,
Қоңыр күзде туыппын.
Дымқылбек: Әй, Суықбек бері қара бізді күз мерекесіне шақырған
ба?
Суықбек: Әп-чхи,Әп-чхи (қолында үлкен орамалы). Осы жасқа келгенше
мені ешкім мерекеге шақырған емес. Ешкім ешқашан күткен де
емес!
Дымқылбек: Иә, дұрыс айтасың. Мені де ешкім сағынып отырған
жоқ.
Суықбек: Ой, мынау кім? Сап-сары ғой
өзі (күзге таңдана қарайды)
Дымқылбек: Бұл
мереке ханшайымы. Оның аты-Алтын күз.
Суықбек: Алтын күз!
Дымқылбек: Иә, Алтын күз! Адамдар күзді жақсы көреді. Оны жаз
бойы күтеді. Оған арнап балалар ән
шырқап би
билейді. Солай.
Суықбек: (жылайды) Қарай-гөр, шынында барлық балалар жақсы көреді екен. Көңіл күйім болмай тұрғанын қарашы. (көзін сүртіп, жылайды)
Дымқылбек: (дірілдейді) Бізді ешкім сүймейді. Аяуды да
білмейді.
Суықбек: Әй, Дымқылбек неменеге жылап тұрсың. Сенсіз де
қалтырап тұрмын. Онанда күзді қалай мазалаудың амалын ойлайық. Қарашы бізді менсінбей тұрғанын!
Дымқылбек: Қанеки, күзді сиқырлап тастайық. Алтын күзді, балшық күзге немесе шалшық күзге айналдырып жіберейік.
Суықбек: Мен
бойымдағы бар
суығымды шығарайын у-у-уф! у-у-уф!(үрлейді)
Дымқылбек, Суықбек: Алтын күз, жүр
біз
саған шырын береміз. «Әдемілік
шырыны».
Күз ішіп, ұйқысы келіп
кетеді.
Алтын
күз: балалар маған көмектерін
керек.
Дымқылбек: Әли ұйықысы келіп тұр ма?.
Суықбек: Егер күз оянбай қойса, не
істейміз.
Дымқылбек: балалар көп тақпақ айтса, ойын ойнап, би билесе оянады .
Тссс естип қоймасын ешкім.
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы , күз ханшайымына не болды екен? Күз
ұйықтап қалмасын, бәріміз тамаша тақпақ
айтайық.
Ильяс: Шоғы толған гүлдей жайнап, шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап, келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп, болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек, жапырағын
жұлғызып.
Ерасыл: Сары ала тон жамылған,
Күз- атамыз секілді.
Қойыны толы дәмді нан,
Тәттісі көп не түрлі.
Қандай өзі береген,
Алмасын ай, алмасын,
Жемісі көп не деген,
Жеп тауыса алмайсың.
Елдана:Өрік, шие, балы бар,
Қауын, қарбыз көбейді.
Жегің келсе бәрін ал,
Неге аласың демейді.
Нұрислам:
Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Көңілсіз неткен күз еді.
Алмас: Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді.
Асылбек: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.
Абдуррахим: Сап-сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.
Жүргізуші; Дымқылбек, Суықбек екеуің босқа ренжій бермей, балалармен ойын ойнаңдар.
Ойын-эстафета «Картопты жинау»
Күз оянады.
-Балалар, сендердің тақпақтарыңды, сендердің дауыстарыңды естіп оянып кеттім. Рахмет сендерге. Суықбек, Дымқылбек, сендер халыққа жайлы болындар. Оданда көніл көтеріп, балалардың өнерін тамашалайық.
Жүргізуші:
Кәне, тамшылар, шығыңдар,
Бізге әдемі би сыйлаңдар.
Би «Тамшылар»
Ән «Жаңбыр»
Жүргізуші: Жаңбырдың жауғанына бақалар да өте қуанды, тіпті би билей жөнелді.
Би «Бақалар»
Ойын «Қолшатыр»
Тақпақтар.
Інжу: Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде
жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы
айнала.
Ернат: Алқаптан бидайды,
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатам күзді мен.
Нұрсезім: Прекрасен наш осенний сад,
В нем сливы есть и виноград.
На ветках как и грушки,
и яблоки и грушы.
Тамирис: Листик, листик вырезной,
Солнышком окрашенный.
Был зеленый ты весной,
А теперь оранжевый.
Расул: Алтын күз, әсем айналам,
Қараймын көзім талғанша.
Жақын қалды желтоқсан,
Жабырқайды жапырақ.
Алибек: Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам,
Дариядай шалқып жүр.
Әбдіхамит: Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Жұргізуші: Балалар тақпақтарын Күз ханшайымына арнаса, келесі ән Дымқылбек пен Суықбек, сендерге арналады.
Ән «Ертегілер»
Дымқылбек, Суықбек: Мына ән бізге өте ұнады. Жарайсың, Нұрсезім.
Жүргізуші: Балалар, мерекемізге ертегіден тағы да кейіпкеріміз келе жатқан сияқты.
Ән-көрініс «Антошка»
Дымқылбек пен Суықбек балаларға рахмет айтып,
күз сыйынан тарту жасап қайтады.
Күз: Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып.
Жүргізуші:
Тілегім аман болсын ел
іргесі,
Алтын күз қайта келді берекелі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз ырыс, береке, бірлік ала келді.
Құрметті қонақтар, ата-аналар
бүгінгі «Берекелі алтын күз, ерекелі алтын күз» -атты
ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын
демекпін.
Балалар көңілді музыканың сүймелдеуімен залдан шығып
кетеді.
1.Балалар музыка залына екі — екіден кіреді, музыка әуенімен қимылдар 2.жасайды.
3.Тақпақтар
4.Алтын күз келеді.
5. Ән:«Алтын күз».
6. Тақпақтар
7. Би: «Күзгі вальс»
8. Ағылшын тілінде ән
9. Дымқылбек пен Суықбек келеді.
10. Тақпақтар. Ойын-эстафета «Картопты жинау»
11. Би «Тамшылар»
12. Ән «Жаңбыр»
13. Би «Бақалар»
14. Ойын «Қолшатыр»
15. Ән «Ертегілер»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Берекелі алтын күз, мерекелі алтын күз" мерекелік сценарий, ересек топ

шағым қалдыра аласыз