400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Берекелі алтын күз! (мерекелік іс-шара)

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мерекелік іс – шара

Тақырыбы: «Берекелі – Алтын күз!»

Мақсаты: Күз мезгілінде болатын өзгерістер мен ерекшеліктері жайлы балалардың білімдерін кеңейту. Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әсем безендірілген ән залы.

Әуенмен балалар билеп кіреді де орындарына отырады.

Б.е: Жиылған қауым, армысыздар, бәріңіз!

Келіп жетті алтын дәнді сары күз.

Бірге болып қуанышта бәріңіз.

Бізбен бірге шаттық әнін салыңыз!

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!

О.е: - Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Берекелі - Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

Б.е: -Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді- дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

О.е: - Ия, орамда күзде көп өзгерістерге ұшырайды. Жапырақтар сарғайып , жерге түседі. Аңдар қысқы азығын жинай бастайды.

О.е. мен Б.е. дауласады.

Б.е. – Мен Бақша егесімін. Менімен бірге мерекеге жімістерім, көкөністерім және бақшамды жайқалтып тұрған күн шуақтарым мен жаңбыр тамшыларымды ала келдім.

О.е. – Ал мен Орман егесімін. Өзіммен бірге саңырауқұлақтарым мен күзгі орманның сәнін келтіріп тұрған жапырақтарымды ала келдім.

Б.е: - Білесіңдер ме, менің бау-бақшамдағы жемістер мен көкеністер адамға өте пайдалы. Онда дәрумендер өте көп

О.е: - Менің Саңырауқұлақтарым мен орман жапырақтарымның да пайдасы өте көп.

Ортаға әуенмен Күз ханшайымы кіреді.

Күз ханшайымы: Уа халайық, дархан далам армысың!

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

- Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені сендердің орталарыңа алып келді. Мерекелеріңіз құтты болсын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендердің дауыстарың алыстан шығып жатыр ғой. Сендер бір нәрсеге дауласып жатсыңдар ма?

О.е. – Ия, қайсымыз көбірек пайдалы екендігімізді айтып дауласып жатырмыз

Б.е: Бидай, арпа, тары бар,

Сұлы, күріш бәрі бар.

Әне жырлап барады,

Әнге құлақ салыңдар.

-К.х. біздің «Күзім-ау» әнін тамашалаңыз

Ән: «Күзім-ау»

О.е: - Б.е, менің орман жапырақтарымның да пайдасы өте зор. Олар күзде жерге түсіп, ағаштарға құнар болады. Ал құнарлы ағаш көктемде жайқалып өседі. Олай болса күзгі жакпырақтарымның биін көріңіздер.

Би: «Күзгі жапырақтар»

Б.е: - Бақша тұрғындарының күзге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:Бағдаулет, Інжу, Ақбота, Жанель, Аянат, Нұрхан

Бағдаулет: Жетті желмен алтын күз,

Жеміс жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды халқымыз,

Мол өнімді жинаймыз

Елге бәрін сыйлаймыз.

Інжу: Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін

Бұл күндері киіпті ,

Сары жібек көйлегін,

Ақбота: Здраствуй осень залатая,

Голубая небо высь.

Листья желтые слитая,

На дорожку улеглись.

Жанель: Зе ливес афилиң,

Уан бай уан.

Самме ес ове,

Схул ес бегин

Аянат: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштымда,

Қап-қап қауын алдық біз.

Нұрхан: Шоғы толған гүлдей жайнап,

Шақырады жарқын жүз,

Сайрандаған күліп ойнап,

Келді міне алтын күз,

К.х: - Орман тұрғындары да, бақша тұрғындары да өте өнерлі екенсіңдер. Бірақ сендер дауласқандарыңды қойыңдар. Сендер барлықтарың адамға, табиғатқа пайдалысыңдар. Міне, мен сендеге милық әкелдім, қабыл алыңдар. (шығып кетеді)

О.е: - Б.е. менің орман тұрғындарым орыс тілінде тамаша ән біледі. Әннің аты «Осень наступила»

Б.е: - Бұл әнді біз де білеміз.

О.е: - Ендеше бірге айтайық, кім қаттірек айтады екен көрейік

Ән: «Осень наступила»

Б.е: - Келесі кезекте көкөністерімнің қатысуымен көрініс тамашалаңыздар.

Көрініс: «Тапқыр көкөністер»

Ерте, ерте, ертеде бір бақша иесі жылда бақшасына көп көкөністер егеді екен. Бірақ ол еккен жемістерінің өнімін жинап ала алмайды екен. Өйткені жылда күзде бір қоян келіп, барлық жемістерді жеп кетеді екен. Осы күзде де көкөністер жайқалып өседі. Осы жылы да ұрлықшы қоян жеп кетеме деп қорққан көкөністер, қояннан құтылудың бір амалын іздейді.

Бағдаулет: - Осы қояннан қалай құтсақ екен? – деп уайым жейді. Сөйтіп олар жиналып ақылдасады. Араларында бір тапқыр сәбіз болады. Ол былай дейді:

Нұрхан: - Таптым, таптым. Мен бір айла таптым, келіңдер түсіндірейін – деп сәбіз достарын қайта жинап ақылдаса бастайды. Әйтеуір дегенде олар бір амал табады.

(балалар жүгіріп шығып кетеді)

Солай көкөністер «Бақша қарақшысын» ойлап табады. Сол күні ұрлықшы қоян көкөністерді жемекші болып тағы келеді.Бақша қарақшысы үстіндегі заттарды сақырлатып шошытып жібереді, қоян қаша жөнеледі.

Айбар: - Енді қоян бізге тиіспейтін болды.

Көкөністер: - Алақай, алақай!

Сол жылы бақша егесі мол алады. Әбден қуанған көкөністер билей жөнеледі.

Б.е: - Тапқыр көкөністердің биін тамашалаңыздар.

Би: «Жемістер мен көкеністер»

О.е: - Менің саңырауқұлақтарым мен жапырақтарым осал емес, бізде үш тілде тақпақтар білеміз. Олай болса тақпақтарды қабыл алыңыздар.

Тақпақтар: Сезім, Аян, Дамир, Абылай, Едіге

Сезім: Сарғайды тоғай, сап-сары манай

Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге,қызық көп күзде.

Аян: Қарашы күз келді,күз келді,

Жапырақ жауыпты іздерді,

Құс біткен керуен құрады.

Қара бұлт қабағын түйеді.

Дамир: Әй алақай тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап.

Абылай: Листья падают,

Один за другим.

Лето закончилось,

Школа началась.

Едіге: Отом ливес апон зе дроунд,

Елоу, браун енд ред.

Уинтес гетиң глозе,

Зе трис а гоуиң тю бид.

Кейіпкер: Әуенмен жылы жаққа ұшып бара жатқан тырна келеді.

Тырна: - Мұнда не боп жатыр, қандай мереке?

Б.е: - Біз Алтын күз мерекесін тойлап жатырмыз.

Тырна: - Ой, орман тұрғындары мен бақша тұрғындары неге бөлек-бөлек отырып алғансыңдар, бірдеңе болдыма?

О.е: - Біз бір дауды шеше алмай жатырмыз. Қайсымыз пайдалырақ екенімізді шеше алмай жатырмыз.

Тырна: - Мен кімнің мықты екенін қалай анықтауға болатынын білем. Бір ойын ойнайық сол кезде кім мықты екенін табамыз.

Ойын: «Жеміс-көкөніс жинау»

Тырна: - Екі жақта керемет мықты екенсіңдер. Сендер оданда дауласқандарыңды қойып, татуласыңдар. Сау болыңдар, жылы жаққа ұшып бара жатқан достарымнан қалып кетпейін. (шығып кетеді)

О.е: - Білесіңдер ме, саңырауқұлақтар адам ағзасына өте пайдалы екен. Олар ақуыздар мен көмірсуларға өте бай. Онда В1, В2 дәрумендері бар екен және шаш пен тырнақтың өсуіне оң әсерін тигізеді екен. Ендеше ортаға орман сақшыларын, батыл саңырауқұлақтарды шақырайық.

Би: «Батыл саңырауқұлақтар»

Б.е: - О.е. Күз х, құстың сөзін тыңдамай ары қарай даулусқанымыз болмас. Мүмкін дауымызды тоқтатармыз.

О.е: - Ия, дұрыс айтасыз дауымызды тоқтатсақ тоқтатайық. Қарап отырсақ екі жақта адамға, табиғатқа тигізер пайдасы көп сияқты. Келіңдер татуласайық. Одан да бірігіп Алтын күзге арнап ән айтайық.

Ән: «Алтын күз»

Б.е: - Осы табиғаттағы жемістер, көкеністер, саңырауқұлақтар, ағаштар ненің күшімен өседі?

-Ия, күннің, жаңбырдың күшімен. Олай болса ортаға күн шуақтары мен жаңбыр тамшыларын шақырайық.

Би: «Күн мен жаңбыр»

О.е: - Осынау берекелі де мерекелі ертеңгілігімізді керемет әнмен аяқтасақ қайтеді? Олай болса, ортаға әсем де сұлу әнші қызымыз Куватбай Каусарды «Күзгі вальс» әнімен қабыл алыңыздар.

Б.е: - Осымен «Берекелі – Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.






















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі