400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Берекелі Бейнеу

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдер мен оқушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:

1. Оқушыларға Отан, туған жеріміз - Маңғыстау туралы тереңірек түсінік бере отырып, бала бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, өз Отанын, туған жерін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, азамат қалыптастыру.

2. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.

3. Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру;

Көрнекілігі: слайд, буклеттер, сурет көрмесі, бейнебаян, әуен.
Әдісі: көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, ізденіс жұмысы.
Барысы: І. Маңғыстау облысы туралы жалпы мәліметі

ІІ. Бейнеу ауданының жалпы мәліметі
ІІІ. Географиясы
ІV. Халқы
V.Мен... атындағы көшеде тұрамын
VІ. Сурет көрмесі
VІІ. Қорытынды

І. Маңғыстау облысы туралы жалпы мәліметі .

Маңғыстау облысы —  1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың

2 маусымында таратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы. Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік  өңір, мұнда Қазақстан мұнайының 25% өндіріледі. Ақтау — Жетыбай — Өзен мұнай құбыры өтеді. Маңғыстау жері – тек қана мұнай мен ған емес, газдың фосфорит пен көмірдің, марганец пен ұлутастың аса бай мекені. Маңғыстау облысында Қазақстанның «теңіз қақпасы» - Ақтау халықаралық теңіз сауда порты орналасқан.

Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. «Бағзы Маңғыстау өңірі – өзінің қасиетті топырағында ел бірлігінің туын көтеріп, дүлдүл шешендерді, суырып салма ақындарды, найза ұстап, түн ұйқысын төрт бөлген батырларды, от ауыз – орақ тілді көсемдерді, жезтаңдай әншілерді, таңды таңға қосқан жыршыларды, құдіретті күйшілерді өмірге келтірген өңір». Маңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан, Ресей Республикасымен және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі.

#

Атауы

Орталығы

Халық саны

Құрылған жылы

1.

Ақтау

Ақтау

185 100

1963

2.

Жаңаөзен

Жаңаөзен

142 000

1968

3.

Бейнеу ауданы

Бейнеу

62 586

1973

4.

Қарақия ауданы

Құрық

34 066

1973

5.

Маңғыстау ауданы

Шетпе

35 963

1928

6.

Мұнайлы ауданы

Мұнайлы

128 750

2007

7.

Түпқараған ауданы

Форт-Шевченко

24 128

1992


ІІ. Бейнеу ауданының жалпы мәліметі.Маңғыстау облысының солтүстік - шығысында орналасқан аудан. Бейнеу ауданының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қалана бастаған. 1973 жылдан бері аудан орталығы. Елдің мекеннің аты осы өңірде мекендеп, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760 - 1830) деген кiсiнiң атына байланысты аталған. Әкесі Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi. Бейнеу ауданында теміржол және автомобиль жол қатынастары, сондай - ақ телекомуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамыған.Бейнеу ауданына кіретін елді мекендер, ауылдар: Ақжігіт;Боранқұл, Есет, Ноғайты, Сам, Сарға, Сыңғырлау, Тәжен, Төлеп, Тұрыш.

Коммуналдық шаруашылық:Бейнеу селосында коммуналдық қызмет атқаратын «Бейнеусусервис», «Бейнеуэнергосервис», «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы, «Теміржолсу - Маңғыстау» ЖШС – гі, аудандық электр жүйесі мекемелері сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырса, тазалық жұмыстарымен «Бейнеу мехтранссервис» ЖШС, «Қаратау», «Болат жол» ПИК мекемелері айналысады.
Мәдениет: Селода 1 кітапхана, 1 телестанция орталығы, 1мәдениет үйі, 1 поштажәне бірнеше пункт, 2 байланыс үйі, 2 ұялы телефон станциясы жұмыс жасайды. Тұрғындар теледидардан Хабар, Евразия, Қазақстан - 1 және спорт каналдарын көріп тамашалайды. 2011 жылдан бастап отандық «Отау ТВ» ақылы каналы қосылды.

Білім беру. Бейнеу ауданында 25 орта мектеп, атап айтатын болсақ:

№

Мекеме атауы

Мекен-жайы

1.

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

М.Хибас көшесі

2.

«Ж.Қалдығараев атындағы орта мектеп» КММ

Бөкетбайұлы көшесі

3.

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин

атындағы орта мектебі» КММ

Қосай ата

38 А

4.

«Бейнеу орта мектебі» КММ


5.

«Бейнеу гимназиясы» КММ

Ж.Қалдығараев көшесі

6.

«Манашы орта мектебі» КММ

Қ.Тоқсанбайұлы көшесі,

№ 160А үй

7.

«Атамекен орта мектебі» КММ

Ақшабай кошесі

8.

«Күйкен орта мектебі» КММ

Шағырлы көшесі мен Жиделі көшесінің аралығында

9.

Сам орта мектебі

Асау батыр 100Б

10.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеу мектеп-интернаты» КММ

Т.Әнетұлы көшесі

11.

«Жангелдин атындағы орта мектебі» КММ

Сарға селосы

12.

«Боранқұл орта мектебі» КММ

Боранқұл селосы

4 ауыл

13.

«Қарақұм орта мектебі» КММ

Боранқұл селосы

5 ауыл

14.

«Опорный орта мектебі» КММ

Боранқұл селосы

7 ауыл

15.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Сыңғырлау  мектеп-балабақша кешені» КММ

Сыңғырлау селосы

16.

«Совет Одағының батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ

Ақжігіт селосы

17.

«Ақжігіт орта мектебі» КММ

Ақжігіт селосы

18.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Есет мектеп-балабақша кешені» КММ

Есет селосы

19.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Махутов мектеп-балабақша кешені» КММ

Төлеп селосы

20.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Сам мектеп балабақша кешені» КММ

Сам селосы

Сам селосы

21.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Тұрыш

мектеп балабақша кешені» КММ

Тұрыш селосы

Тұрыш селосы

22.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Ноғайты мектеп-балабақша кешені» КММ Ноғайты селосы

Ноғайты селосы

23.

Бейнеу аудандық әкімдігінің «Тәжен мектеп-балабақша кешені» КММ

Тәжен селосы

Бейнеу селосында Бейнеу политехникалық және Бейнеу гуманитарлық колледждері және 20 балабақшалар бар.Биыл өзіміз білім алып жатқан «Күйкен орта мектебі»ММ-не 8 жыл болады. Осы уақытқа дейін алған жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай жетерлік. Ауданымыздың одан қала берді облысымыздың намысын қорғап талай додаларда алдыңғы қатардан көрініп келеді.
Денсаулық сақтау. Село тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы мен аудандық емхана және оның бөлімшелері қызмет көрсетеді. Бейнеу селосында 2012 жылы туберкулез ауруханасы мен перзентхана пайдалануға берілді.

ІІІ. Географиясы: Солтүстігінде Атырау облысының Жылыой ауданы, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданы, оңтүстік-шығысында Өзбекстанның Қарақалпақстан автономиялы республикасы, оңтүстігінде Маңғыстау ауданымен шектеседі.

ІV. Халқы:2015 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны 62,5 мың адам, оның 30,179 ер адам 30,207 әйел адам.

Этнос

Саны, адам

Пайыздық үлесі, %

Қазақтар

61 993

99,05

Қарақалпақтар

288

0,46

Өзбектер

152

0,24

Орыстар

58

0,09

басқа этностар

95

0,15

V. Мен... атындағы көшеде тұрамын.Тапсырма. Оқушыларға өздері тұратын көше кімнің атында екенін, сол тұлға жайлы мәлімет жинап, дайындалып келу болған.
VІ. Жыр шашу. Әр оқушылар «Берекелі Бейнеу» тақырыбына өлең шығарады. Болмаса белгілі ақындардың Бейнеу туралы өлеңдерін оқиды.
VІІ. Сурет көрмесі. Бейнебаян
VІІІ. Қорытынды.
Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,
Жарқырап көзін ай, жұлдыз күлсін көгіңде.
Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,
Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.
Киелі Маңғыстау жері туралы сыр шертетін болсақ бұған бір 35 минут түгіл 1 күнде аздық етер деп ойлаймын. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын жыраулар мен 362 әулиемен жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға 10 күнде жетпейді. Сөзімнің соңын: Қысылғанға дем, жабыққанға жар болған қасиетті Бекет ата рухы кім - кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі қаракеттерге қадам басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін! Аллатағаланың назары түзу болып, Мәдинада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Оғыландыда - Пір Бекет, Маңғыстаудың ойында - 360 әулие, Отпан тауда Адай - Ата желеп жебегей!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1060
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі