400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Берекелі күз" ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Берекелі күз»ертеңгілігі


Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән айтуға, би билеуге ойларын қалыптастыру.

Көрнекілігі:Залды түрлі-түсті шарлармен ,күзгі жеміс-жидек, суреттермен безендіру.

Жүргізуші:

Келді міне, Алтын күз!

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.


Армысыздар қадірлі қонақтар! Бүгінгі ырысы мол «Берекелі күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекемізді бастаймыз.

Әуен ырғағымен балалар ортаға шығады.

1.Бала: Күз келеді

Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.


2.Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.


3.Мен өрікпін ,өрікпін

Табиғатқа көрікпін.


4.Мен алмамын,алмамын

Таңдай жұлар бар дәмәм.


Жүргізуші:

Әй балалар,балалар

Менде қызық ойын бар

Ал ықылас қойыңдар

Балалар біз ойын ойнап көрейікші. Бүлдіршіндер екі топқа бөлініп жеміс-жидектерді жинайды.

Өте жақсы балалар.


«Балапан» тобының бүлдіршіндерінің орындауында «Жаңбыр» биі

Қол соғып қошемет білдірейік.

Балалар біз ұйымдастырылған оқу қызметінде үйренген шаттық шеңберін ата-аналарымызға айтып берейікші.

Алма,алма көп алма

Қызыл, жасыл, сары алма

Теріп,теріп алайық

Себеттерге салайық


Алақанды ашайық

Тауыққа жем шашайық

Бір отырып, бір тұрып

Жақсы сергіп қалайық


Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.


Таңертең тұрамын

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап

Шашымды тараймын

Айнаға қараймын

Мен таза боламын.


Қандай керемет өте жақсы балалар мен сендерге ризамын. Олай болса ән орындайықшы.

Хор: «Қырманға кел қалқатай»

Жақсы !

Ата-аналардың дайындап әкелген сыйын тамашалайық.

Топ әні

Сән үлгісі (пакеттерден тігілген)

Көрме (жеміс-жидек,көкөністерден)

Қабырға газеті.

Жүргізуші: Ал қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп, бүлдіршіндерді тамашалағандарыңызға көп рахмет! Күз берекелі, астықты болсын демекпіз! Сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі