жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Берекелі күз келді"
Тақырыбы: «Берекелі күз келді»
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Балалардың күз туралы ұғымын кеңейту, спортқа қызығушылығын арттыру, достыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Неміс ғалымы Джон Дьюй жобалау әдісі.
Жүргізуші:
Құрметті спорт сүйер қауым. Міне кеше ғана өзінің берекесі мен молшылығын ала келген алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Берекелі алтын күз» атты танымдық- эстафеталық сайысына қош келдіңіздер!
Елназар: Фариза мен саған өлең жұмбақ жасырамын шешуін тапшы.
Фариза: Жарайды, шешуін табайын.
Елназар: Олай болса тыңда.
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып,
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Өрік, алма, шие, алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Айтшы Фариза,
Бұл қай кезде болады?
Фариза: Әрине күз мезгілі
Елназар: Дұрыс айтасың.

Олай болса бүгінгі «Берекелі күз келді» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
Фариза: Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.
Көбейді құт-береке
Астық толы қоймамыз.
Құтты болсын мереке –дей келе бүгінгі мерекені спорттық жарыс түрінде өткізгелі тұрмыз.
Елназар: Алтын күзді тойлаймыз.
Өнім үйіп тастадық,
Оқуды да бастадық.
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның.
Кемелденсін халқымыз.-деп ортаға күзгі табиғат сыйларын ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Ортаға жемістерді шақырады.
1.«Көкөністер» тобы
2.«Жемістер» тобы
3.«Жапырақтар» тобы
4.«Дақылдар» тобы
Топтың аты: «Жемістер»
Топтың ұраны: Кім бар жеміс шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Дәрумен толы бойымыз,
Біз жемістер боламыз.
Дарын: Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша - бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Менің атым -...(құлпынай)
Нұрайым: Мен алқызыл шиемін,
Күн сәулесін сүйемін.
Тақпақ та бар мен жайлы,
Мәртебеге иемін.
Елназар: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Нұрбек: Ал мен болсам өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін.
Тосап та мен, шырын мен,
Алса егер теріп кім?!
Ерназар: Тамсандырған бар жұртты,
Мені ерекше бал қыпты.
Туысқаны алманың,
Кім мақтамас алмұртты.
Фариза: Мен дегенің жүзіммін,
Әбден пісіп үзілдім.
Береке боп үйілген,
Сыйы менмін күзімнің.
Айшат: Мен бананмын, бананмын,
Тілді үйірген дәмім бар.
Жемістердің ішінен,
Бойы ұзын мен болам.
Жемістер тобы әні «Жау-жау жаңбыр»

Ортаға көкөністер тобын шақырамыз
Топтың аты: «Көкөністер»
Топтың ұраны: Көкөністер бәріде,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жақсы біліңдер,
Біздерді жақсы көріңдер.
Айша: Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
Санжар: Қияр деген атым бар,
Жасылданған түсім бар.
Түрлі асқа қосылып,
Дәмін ашар өңім бар.
Даниал: Картоп-менің атым,
Жер астында жатырмын.
Қуырып жесең мені,
Ауыздан кетпес дәмім.
Ералы: Боламын мен дәмдеуші,
Барлық-барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
Жалғас: Бақшада өсетін,
Мен сәбіз боламын.
Палауға қоссаңыз,
Келтіремін дәмін.
Ақнұр: Білсеңіздер егерде
Бақшада өскен қауынды.
Қауын деген сары алтын,
Асыраған қауымды.
Мирас: Ішім қызыл, сыртым жасыл,
Сусыннан кем емеспін.
Жесең егер мені,
Лезде қанар шөлің.
Ән: «Алтын күз» Ақанқызы Айшаның орындауында
Жапырақтар тобын ортаға шақырайық.
Топтың аты: «Жапырақтар»
Топтың ұраны: Көшеге сән беретін,
Таза ауа сыйлайтын.
Ағаш көркін келтірер,
Біз жапырақтар боламыз.
Айару: Соңғы шуақ төгіліп,
Жалаңданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.
Рахман: Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Мұхаммед Али: Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Гүлім: Ашылып күз құшағы,
Жүрді еріп бізбенен.
Жапырақтар ұшады.
Жез алқадай жүздеген.
Алихан: Күзде жауын, бұлт, тұман,
Сары жапырақ жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны.
Айжарық: Тапталады табанға,
Судыр-судыр жапырақ.
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
Мұхаммед: Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады
Жерге қонып үлгермей.
Жапырақтар тобының ән шашуы «Келді міне алтын күз» әні

Дақылдар тобын қарсы алайық.
Топтың аты: «Дақылдар»
Топтың ұраны: Жер анамыз көсілген,
Дихандар бізді өсірген.
Бізді жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де
Азамат: Нан атасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.
Зере: Күнді сүйген күрішпін.
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім.
Ала жаздай су іштім.
Нұрсәт: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарызын.
Нұртөре: Мен сұлымын, ұланның,
Тұлпарына ұнадым
Баптаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
Мәулен: Мені келсе білгің,
Қарақұмық боламын.
Меннен ботқа жасасаң,
Саулығыңды жақсартам.
Айзере: Жинаймыз сары моншақ,
Ағзаға пайдалы.
Жесеңдер жүгері,
Күш қайрат береді.
Аянбек: Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе
Дақылдар тобының ән шашуы «Күзгі вальс» әні
Хор:
«Кап-кап, тук-тук-тук» әні
Ортаға дене тәрбиесінің нұсқаушысы шығады.
-Балалар, бір-бірлеріңе қараңдаршы. Бүгін кімнің көңіл-күйі көтеріңкі екен? Ал кімнің көңіл-күйі мұңды көтеріңкі емес?
Адамның көңіл-күйі көтеріңкі болғанда оның бет әлпеті қандай болады? Бейнелеп көрсетіңдерші. Ал, көңіл-күйі мұңды, жабырқаңқы болса қалай болады? Бейнелеп көрсетіңдерші.
-Балалар, сайыс алдында көңіліміз көтеріңкі болу үшін «Кім қалай күлімсірейді» ойын жаттығуын өткізейік.
Асыр салып жүгіріп, ойнағанда бәріміз,
Күлімсіреп әрдайым біз көңілді жүреміз.
(Алақан соғып, бір-біріне күлімдейді)
-Балалар сендерге бірнеше күн бұрын алдын-ала тапсырмалар берілген, 4 топқа бөліне қойыңдар.
Балалар өте жақсы жауап берген топтарды түрлі-түсті жұлдызшалармен марапаттаймыз.
Қызыл түсті жұлдызша-өте жақсы
Сары түсті жұлдызша- жақсы
Жасыл түсті жұлдызша- қанағаттанарлық
І бөлім
Интервью алу.
-
Топ таныстыруы, ұраны.
-
Жылдың қай мезгілі?
-
Күз мезгілінде неше ай бар?
-
Күзден кейін қай жыл мезгілі?
-
Бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-
Күз деген сөз үш тілде қалай айтылады?
-
Жапырақтар қандай түске айналады?
-
Табиғат нешеге бөлінеді?
Әр бөлімнен кейін жұлдызшалар беріледі.
ІІ бөлім
Ойын, жоба, плакат
Әр топқа таза плакаттар және әр түрлі дайын суреттер мен желімдер беріледі. Балалар бірлесе отырып, өз еріктерімен күзгі табиғат бейнесін құрастырады.

ІІІ бөлім
Қойылым көрсету (эстафеталық жарыстар)
1 сайыс: «Жаңбыр жауып тұр»
Шарты: Қолдарына қолшатыр ұстап кедергі арасымен жүгіріп барып, кедергі арасымен жүгіріп қайту.
2 сайыс: «Ауланы тазалайық»
Шарты: Сарғайып түскен жапырақтарды жинап, межедегі шелекке салып, кедергі арасымен жүгіріп қайту.
3 сайыс: «Көкөністер мен жемістерді іріктеу.»
Шарты: Әр ойыншы қол арбамен межеге дейін айдап барып, топтар өздеріне тиесілі жемістер немесе көкөністерді алып кері қайтады.
4 сайыс: «Картоп егу»
Шарты: Әр кедергінің түбіне картопты егу, қайтарда жинау.
ІҮ бөлім
Мағұлмат жинақтау.
Үш қадамдық сұхбат.
Топ басшылар қатысады.
Қағаз бетіне салынған табан іздерін секіре басу арқылы, өткен тапсырмалардан алған мағлұматтарымен бөліседі. -Міне, балалар бүгінгі ертеңгілігімізге өз мәресіне жетті.
Әр сайыста берілген жұлдызшаларды санайық, қай топ көп жұлдызша жинаған екен. Ендеше, сол топ оқ бойы озық тұрып жеңіске жетті
Марапаттау сәттері.
Балаларға ынталандыру сыйлықтарын тапсыру.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген