400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Берекелі, мерекелі Алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мерекелі, берекелі Алтын күз!

Мақсаты:Күз мезгілі туралы ұғымдарын бекіту.Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы білімдерін кеңейту.Табиғаттың сыйын балалар өз көздерімен көріп,күз байлығын,әсемдікті сезіне білу дағдыларын дамыту.Көргендері туралы әңгімелей білуге үйрету. Әдемілікке, әсемдікке, адамдардың еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

-Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі келіп жеткен күз мерекесі құтты болсын. Жомарт күзіміз барлығымызға молшылық, ырыс әкелсін. Бүгінгі «Ертегі»ІІ кіші топтың «Мерекелі, берекелі Алтын күз!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Cары жібек көйлегін желбіретіп,

Жапырағын ағаштардың селбіретіп,

Тойға бөлеп елімізді күзім келді.

Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.

Назерке:

Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Өңі тайып,

Дала нұры қашады,

Айтыңдаршы балалар.

Бұл қай кезде болады? / балалардың жауабы/

-Жарайсыңдар балалар міне біздің өлкемізге де күз келді

-Ал біз алтын күз мерекесін қайда тойласақ екен?

(Осы кезде дауыл, желдің дыбысы шығады, залға құс ұшып кіріп, хат қалдырып кетеді)

Жүргізуші:(Таңданып, хатты алады, онда күзгі орман, шақыру билеті бейнеленген) Балалар мынау не? Оны неге әкеліпті. (проблемалық жағдаяттан балаларға шығу амалын тапқызу, суретті талдау)     

Балалар жауабы: Шақыру билеті ғой, мүмкін бізді қонаққа шақырған шығар.

Жүргізуші: Балалар бізді күз ханшайымы орманға қонаққа шақырыпты. Сендер күз ханшайымына барғыларың келе ме? Ендеше бәріміз жолға шығайық.

Назерке: Балалар орманға дейін жол қысқарсын, би билеп барайық.

Би: «Көңілді балалар»


Орманшы:(Балалардың алдынан шығып) Сәлеметсіңдерме?Жорытқанда жолдарың болсын,  қайда бет алдыңдар?

Жүргізуші:Сәлеметсізбе ата(балалардың жауабы), бізді «Алтын күз» мерекесіне  шақырды.

Назерке:  Жол көрсетіп жіберіңізші.

Орманшы:(Екі алақанын бір-біріне ысқылап) Жақсы- жақсы екен. Әрине-әрине жол көретемін.(Ішкі қалтасынан ағаштың жоңқасын шығарып жүргізушіге береді де) міне мынау сендерге көмегім. (Балалар таң қалып қарап тұрғанда, білдіртпей шығып кетеді)

Жүргізуші: Жоңқаны ары-бері айналдырып ондағы тапсырманы табады...

-Балалар сендерге тапсырма жазылыпты сендер ән айтуларың керек екен, сендер күз туралы ән білесіңдер ме?

Ән: «Күз ырғағы»

Назерке:

-Балалар әндерің керемет екен. Енді әрі қарай орманға жолды қалай табамыз


Жүргізуші: (Тағыда жоңқадан жіңішке жіпті көреді де, жан-жағына қарап, ағаш түбінен оралған жіпті табады) Балалар, біз орманша атаның тапсырмаларын орындадық, ол бізге мына жіпті берді, енді не істейміз. (проблемалық сұрақ)

Назерке: (Қуанып) Ұқтым, бұл жіп бізге жол көрсетеді.

Жүргізуші:.(Басын шалқайтып, қолымен көзін қалқалап) Балалар күн бұлттанып,жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты,батпаққа батып қалмасақ жарар еді

Жарық сөндіріледі. Музыка ырғағымен залға бұлт кіреді. Билеп жүріп)
-Бұлт: -Мен қара түнек бұлтпын. Бірден жаңбыр жауғызамын,бірден найзағай шашамын, бәрі менің қолымда, мен күштімін, хохохо.
(Бұлт балаларды ұйықтатады)
( Музыкамен күн кіріп билейді.)
-Күн:Неге қаратүнек мұнда, не болып жатыр? Бүлдіршіндер неге ұйықтап жатыр?
Бұлт: Күн, сен маған кедергі жасап тұрсың, мен сенің бүлдіршіндеріңді ұйықтатып , ауа райын бұзамын.
Күн: Жоқ, қане балалар, оянамыз. ( күн балаларды оятады.)
(жарық жанады балалар көзін ашады.)балалар орманға келеді
-Жүргізуші:

Қандай жақсы болды күлімдеген күн саған көп рахмет, әйтпесе мына орманда батпаққа бататын едік.

-Күн : Оқасы жоқ. Ал сендер көп қуанбаңдар күздігүні бұлттың жүрмейтін жері жоқ, ол әлі қайта келеді, орманшы атайдың жинаған көкөністері мен жемістері шашылып қалыпты ғой, кәне балалар ажыратып теріп алыңдар.

Ойын: «Кім көп жинайды

Ойын аяқталғанда жаңбырдың дауысы естіліп жаңбыр құяды.

Жүргізуші: Балалар жаңбыр жауып кетті кәне жаңбырдан қорғанайық.

Бәріміз қолшатырымызды ұстайық

Би: «Қолшатыр»

Батпақ: Тамаша-тамаша, құй жаңбыр-құй.(Балаларды көріп тоқтай қалады да) Мында не қыл деп жүрсіңдер, бар-бар кетіңдер, әйтпесе үстеріңе батпағымды шашамын(қолын көтеріп, шашпақша болады).

Жүргізуші:Балалар мынау кім болды. Бізді көріп ашуланып қалды ғой. (Балалардың жауабы)

Батпақ:(Көзін алайтып, таңдана) Мені танымайсыңдар ма, мен жаңбырдан кейін бүкіл жолда шалқайып жатамын ғой. Сендердің аяқ киімдеріңе жабысамын.

Батпақ қыз:(Екі қолын беліне таянып). Иә-иә, бұл мен батпақ қызбын. (кір қолымен балаларды ұстағысы келеді).

Жүргізуші:(Оны тоқтатып) Батпақ қыз, қолың неге кір. (балалардан сұрайды) Балалар кір қолмен жүруге болама, неге болмайды? (Балалардың жауабы)

Назерке:Міне біз қандай баламыз.тап,- тазамыз, балабақшаға барамыз  

Батпақ қыз: Блалар менде сендер секілді тап- таза болғым келеді,сендермен бірге жүргім келеді, мені ала кетесіңдерме? (Балалардың жауабы)

Назерке :Иә, иә. жүре ғой  Алтын күз өз тойына шақырған.

Жүргізуші: Батпақ қыз бізбен бірге жүр.

Батпақ /Қ:(шапалақтап қуанып) Алақай-алақай менде тойға барамын. (Үлкен сарайдан  Ханшаыйым шығады).

Ханшайым: Күз:
Амансыздарма, балалар!
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін.
Мен мырза күз ынтымықты еліңе,
Берекелі ырыс болып келетін.
Балалар айтыңдаршы мен қай мезгілмін?

Балалар: Күз мезгілі.
-Қош келдіңдер қадірлі қонақтар, балғын бүлдіршіндер. Менің елімнің құтты қонақтарым болыңдар, төрге шығыңдар. (Балалар амандасады)

Жүргізуші:-Кәне, жапырақтар ортаға шығыңдар шыр айналып билейік.











Би: Жапырақтар

Ханшайым:(Шапалақтап) Тамаша балалар екенсіңдер, Әнді қалай айтыңдар, биді қалай билейсіңдер.

Батпақ қыз:. (Күзің жанына келіп, құлағына сыбырлаған болып) Олар тіпті өте-өте ақылды, иә-иә.

Ханшайым: (Жан-жағына қарап) Қой рас па. Кәне, көрейін. (Балаларға) Балапандарым мына батпақ қаз сендерді мақтап болмайды. өздері ақылды, өздері күшті, өздері мықты, өздері сұлу, өздері тағыда тағы..

Назерке: Батпақ қыз дұрыс айтады. Біз өнерлі де ақылдымыз.әнде айтамыз

Ән «Күз жомарт»



Ханшайым:Тамаша,керемет мен сендерге қатты риза болып отырмын. Сендердің байлықтарың- ол білімдерің, жақсы тәрбиелерің мен өнерлерің

Жүргізуші: Балалар бізге бақшаға қайтатын уақыт келді (Күзге)Алтынкүз сізге көп рахмет, рұқсат болса біз өзіміздің балабақшамызға қайтайық.

Ханшайым:Әрине балалар,  сендердің менің сарайыма келгендерің қандай жақсы болды.Сендерге де рахмет! Сендердің арқаларыңда көңілім бір көтеріліп қалды. Ал мынау менің сыйым(деп алма таратады)

Батпақ қыз:Ал сендер үйлеріңе қалай жетесіңдер.

Ханшайым:Уайымдамаңдар мен өзім жеткіземін(Сыйқырлайды)

Жүргізуші:Балалар көзімізді жұмайықшы. (Көздерін ашқанда бақшада болады, Қонақтар білдіртпей шығып кетеді)

Жүргізуші:Міне балалар күз ханшайымының сыйқырымен біз өз бақшамызға келдік, сендерге күзгі орманға саяхаттау ұнады ма?

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, әріптестер күз әрқашан да, өзінің молшылығымен келсін дей отыра, әр отбасына амандық тілейміз. Ал, келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар!» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
369
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі