Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Берекелі, мерекелі алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Берекелі, мерекелі алтын күз»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Берекелі, мерекелі алтын күз»

Жүргізуші:Билялова Б.Т

Күз ханшайымы:Арнагүл .Сайлауқызы Саңырауқұлақ: Сейткасымова Қ.С

Бағбан:Кожабекова Ж.Ж

Құлпынай: Билялова Б.Т

Түлкі: Шарипова С.М

Ән-күй жетекшісі: Өміралиев Р.

Музыка әуені мен бағбан мен балалар кіреді. Бағбан: Балалар мына жер қандай әдемі. Балалар сендер білесіңдерме қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Күз мезгілі Бағбан:Дұрыс айтасыңдар ендеше күз мезгілінде қандай өзгерістер болады? Балалар: Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сары түске айналады, жеміс-көкеністер піседі. Бағбан:Балалар күз мерекесін көңілді өткізу үшін күз ханшайымын шақырайық. (муыка әуенімен күз ханшайымы кіреді)
Күз ханшайымы:
Сәлеметсіздер ме балалар бағбан! Мен сендерге өзімнің күзгі байлығымен келдім.
Бағбан:
күз ханшайымы, құлпынай, саңырауқұлақ мерекеге қош келдіңдер. Балалардың өнерін тамашалаңыздар. Ән «Күз » Тақпақтар
1.Медина: Астық жеміс жиылды Қамбамызға құйылды Ардақты күз мың алғыс Алдық өнім сыйыңды. 2Ламис: Алтын, сары ,қызыл, көк Алуан-алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. 3.Зарина: Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді, жемістерін жинауға, Шақырады біздерді! 4.Аңсар: Алтын, сары, қызыл, көк Алуан-алуан жапырақ, Ағаштардан жапырап, Ұшты кенет жапырақ. 5.Қалауова Айзере:

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді,

Кел жемісті алтын күз. Кемелденсін халқымыз Құлпынай: Балалар мен құлпынаймын мен жерде шөптің арасында өсемін мен сендерге досым саңырауқұлақты ертіп келдім.

Саңырауқұлақ: Құлпынай менің ішім пысты балалармен билегім келіп тұр.
Бағбан: «Қуыршақтар» биі.

Тақпақтар
6.Қайратова Адия: Алақай, алақай

Шаттанды балақай

Береке-сары күз

Мереке –алтын күз.

7.Қанат Айзере:

Күздің қазан айында

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

8.Баубек Сара:

Алқаптағы бидайды

Қоймаға ел жинайды,

Тырнасы тізілген

Ұнатамын күзді мен.

9.Садыбаева Адия:

Жемісті мол беретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

10.Қыдырбай Айзере:

Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз,

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз.

(Музыка әуені мен түлкі кіреді)

Түлкі:АААА сендер қалып қойғансыңдарма? Мен сен сендерді теріп ала қойайын.

Бағбан: Түлкі тоқта, тоқта құлпынай мен саңырауқұлаққа тиіспе. Егерде сен құлығыңды асыратын болсаң сені орманға кіргізбеймін.

Күз ханшайымы:Түлкі оданда балалармен ойын ойнасақ қайтеді.

Құлпынай мен саңырауқұлақ ойнатады. Ойын: «Кім жылдам?»

Бағбан: Ән «Жаңбыр»
Тақпақтар:
11.Сейтбаттал Арман Күзім-ау, күзім-ау, Мінезің бұзық-ау Жаңбырың сіркіреп Келгенің қызық-ау. 12. Аяулым: Көрініп еліме, Күндері мереке. Келді гой жеріме, Күз дейтін мереке. 13.Айби: Сап-сары маңай, Сап-сары тоғай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып. 14.М.Альмира: Ән салыңдар, күліңдер, Жайнап гүлдей жүріңдер, Күздің тойын тойлайық, Би билейік ойнайық. 15.Б.Жансая: Санай бер, қарай бер, Бояуы-жүз, келді күз! Ән: «Күз тамаша»
Құлпынай: Күзде жаңбыр жауады ойнатпайды біздерді Қолымызда қолшатыр мен Ойнауға біз барамыз.
«Қолшатыр»биі
Күз: Күз мен сендердің өнерлерінді тамашаладым. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр Түлкі мен бағбан: Ойын: «Қолшатыр»
16.Айза.

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз



17.Б.Анастасия. Сап сары мандай

Сап сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып



18.Айдана. Көктен көзнін бір алмай

Қызғылт тартып кәрі күз

Жер қызығын көре алмай

Маужырап тұр сары күз

19.К.Дильназ Соңғы шуақ төгіліп

Жалғынданып тұр аймақ

Ақ сәулеге шомылып

Жапырақтар тұр ойнап.

20Айя .Жайдары күз жомарт күз Аяулы күз,жомарт күз Дәңге толы кең далам Дариядай шалқып жүр. 21.Зияда:

Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?

22.Найль

Біздің дала –бай дала

Алтын астық айнала.

Күз:Ал балалар мен сендерге дәрумендерімді әкелдім , рахмет өнерлеріне енді сендермен қоштасайын. Балалар бізді басқа да балалар күтіп отырған шығар түлкі, саңырауқұлақ, құлпынай біз жолға шығайық.Сау болыңдар. Бағбан: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі күз» ертеңгілігіміз аяқталды.
Келесі күзгі мерекеге дейін сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
414
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12