жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Берекелі, мерекелі алтын күз» ашық тәрбие сағаты
Күні: 11.10.2018 ж
Тақырыбы: «Берекелі, мерекелі алтын күз»
Мақсаты: Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын,ынтасын арттыру.Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу, балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Суреттер, сыныпты безендіру, аппликация, жеміс-жидек, көрме.
Барысы:
Жүргізуші:Армысыздар құрметті оқушылар,ұстаздар! Баршаңызды бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз» мерекесімен құттықтаймын.
Күз дегеніміз - байлық, молшылық жазира даланың дархан дастарханы екенін ұғындық.танаптардағы самалмен тербелген егін сабағы молшылықтың нышаны. Өңін жел қағып, Күн сүйген жандардың қажыр қайраты. Безбенге түсер шақ қыр астында өнім көңілден табылса, онан асқан қуаныш болмасы анық.
Жүргізуші : Күз - халқымның ежелден
берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі!
Жүргізуші
: Сыр беріп алтын күз келіп
жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып
кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе
бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын
күз»атты мерекелік шарамыздың ашу үшін
директордың тәрбие-ісі жөніндегі
орынбасары Бисенгалиева Мукарама
Утебайевнаға сөз кезегін
береміз. (сөз
сөйлейді.)
Жүргізуші:
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай...
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-күз
Балалар
хормен
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз байлық ,береке.
Алтын күз мереке! (хормен)
Жүргізуші.
-Қане кім күз айларын атап
шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша(Бәрі хормен)
Жүргізуші: Олай болса қоржынның 1,2,3,4, деген сандар арқылы топқа бөліну. Ол үшін қоржыннан өзіне қандай сан түссе, сол сан арқылы тобына барып отырады.
Топқа бөлу.
1 топ«Жемістер»
2 топ«Көкөністер»
3 топ«Алтын дән»
4 топ «Күнбағыс»
Жүргізуші : Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайымыз. Бұл сайысты бір ерекшелігі әр тапсырма сайын өз топтарына смайликтер жинау керек. Қай топ көп жинайды, сол топ жеңіске жетеді.
Жүргізуші : Сайысты бастамас бұрын, сайыстың шарттарымен таныстырып өтейін:
Сайыс
шарттары:
1.Топ құру.
2. «Қас-қағым сәт».( сұрақтарға жауап
беру)
3. «Пантомимо» (жеміс немесе көкөністі
қимыл арқылы көрсетеді)
4. «Күз сыйы». (Күзгі жапырақтардан
аппликация жасау)
5. «Кім бұрын?» (Көздерін жұмып, себеттің
суретін салады және оны жемістер мен көкөністерге
толтырады.)
6. «Кім
ойға жүйрік» (Жұмбақ
шешу)
7. « Көкөністер мен жемістерді ажырат»( балалар көздері жұмып қолдары арқылы жеміс пен көкөністер ажыратады)
Жүргізуші : Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені – деп келесі кезекті «Қас – қағым сәт» атты бөлімге береміз. Әр топқа 4 сұрақтан беріледі. Дұрыс жауапқа смайлик беріледі.
1 топ«Жемістер»
-Күз мезгілінің айларының атандар. (қараша, қазан,желтоқсан)
-Біздің мектеп қандай?(әдемі, кең, жарық)
-Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
-Қандай сағат күніне екі рет айналады?(тоқтап тұрған сағат)
2 топ«Көкөністер»
-Жылдың неше айында 28 күн бар? (барлық айда)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі?(қазақ)
- Аптаның төртінші күні қалай
аталады? (бейсенбі)
-Өсімдік неден көбейеді?(тұқымнан)
3 топ«Алтын дән»
-күз айының бірінші айы қандай?(қазан)
-Жылқының сүті? (қымыз)
-Адамның бір қолында неше саусақ бар? (5)
- Жаңбыр екі күн қатар жауа ала ма?(Жоқ, арасында түн бар).
-
топ «Күнбағыс»
-Мектеп қай көшеде
орналасқан? (жаңақұрылыс)
-
Тұңғыш қазақ ғарышкері
кім? (Т.Әубәкіров)
- Қазақстанда неше рәміз
бар? (3)
-Дайындауға болады, жеуге болмайды. Ол не? (Сабақ)
Жүргізуші: Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегің,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын – деп «Пантимимо» атты сайымызға береміз. Әр топқа жемістер немесе көкөністер аты жазылған қағаз береді, сол жемісті қимылмен көрсетеді.
1 топ«Жемістер» -қарбыз
2 топ«Көкөністер» -алма
3 топ«Алтын дән» -пияз
4 топ «Күнбағыс» -қартоп
Жүргізуші: Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді -деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, келесі кезекті «Күз сыйы» атты сайымызбен жалғастырамыз. Алдарыңыздар жапырақтар, ақ бет, желім, қайшы тұр.Осы заттардан күз мезгіліне байланысты аппекация жасаймыз. Бұл тапсырманы 2 минутқа орындаймыз.
1 топ«Жемістер»
2 топ«Көкөністер»
3 топ«Алтын дән»
4 топ «Күнбағыс»
Жүргізуші: Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені- деп сайысымызды «Кім бұрын?» атты тапсырмамен жалғастырамыз. Әр топтан 3 оқушыдан шығады. Көздерін жұмып, себеттің суретін салады және оны жемістер мен көкөністерге толтырады.
1 топ«Жемістер»
2 топ«Көкөністер»
3 топ«Алтын дән»
4 топ «Күнбағыс»
Жүргізуші:Той деп бүгін көңіл шіркін
тасады,
Той деп бүгін халқым шашу
шашады.
Мектептегі бүгін болар сайыстың,
Әнші шығып, әнмен бетін ашады - дей келе кезекті тамаша әнге береміз.
Ән: «Алтын күз» 3 сынып оқушылары
Жүргізуші: Астық жеміс жиылды.
Қоймамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды- деп келесі кезекті «Кім ойға жүйрік» атты сайымызға береміз. Бұл тапсырмада әр топқа 4 жүмбақтан беріледі. Сол жұмбақтың шешуін шешу керек.
1 топ«Жемістер»
Жүргізуші: 1.Қызыл, сары кемелер,
Су бетінде қалқиды.
Соқса егер салқын жел,
Ырғалады, толқиды. (Жапырақ)
2.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
3.Үстіне тігіп көк шатыр,
Асытында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
4.Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін,
Қабат-қабат тоным бар,
Қалай оны шешмін? (Қырыққыбат)
2 топ«Көкөністер»
Жүргізуші: 1.Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең балдай
екен. Қарбыз
2.Құдая, құдіретіңнің
панасынан,
Таңым бар мен құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан. Қауын
3.Ұзын-ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие. Асқабақ
4.Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау. Жаңғақ
3 топ«Алтын дән»
Жүргізуші: 1.Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең,
Одан дәмді жоқтай.(Алма)
2.Үстіне тігіп көк шатыр ,
Астында қызғылт дәу жатыр . Қызылша
3.Көмдің тағы түйірлеп,
Қазып алдың «үйірлеп». (Картоп)
4.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. Сәбіз
4 топ «Күнбағыс»
Жүргізуші: 1.Тоғыз қабат қызыл торқасында,
Өседі екен ақ сүйрік ішінде. Сарымсақ
2.Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң-
Майда , майда қызыл шоқ . Анар
3.Өзі қызыл , өзі қызық
,
Ортасында бір сызық . Шабдалы
4.Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті. Жүзім
-Керемет балалар жүйрік екенсіңдер.
Жүргізуші:Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр – деп келесі кезекті
« Көкөністер мен
жемістерді ажырат» сайысымызбен
жалғастырамыз. Бұл бөлімде балалар көздері
жұмып қолдары арқылы жеміс пен көкөністер ажыратады. Әр топтан 1
оқушыдан шығады.
-Ендеше бүгінгі сайымызға қатысқандарынызға көп-көп рахмет.Енді жинаған смайликтерімізді санаймыз. Қай топ көп смайликтер жинады екенін анықтаймыз.
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдаға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне балалар осымен «Берекелі алтын күз» атты мерекемізді аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға бақыт-береке тілеймін.
Бірік орта жалпы білім беретін мектебі

Өткізген: Ғиззатова А.Б.
Баразғалиева С.
2018/2019 оқу жылы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген