Материалдар / "Берекелі,Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Берекелі,Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс-шара,даярлық сынып Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2022
484
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Берекелі,Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата - аналар, баршаңызды күзгі мейрамдарыңызбен құттықтаймыз.Құттықтай отырып бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміздің «Берекелі,Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші :              Олай болса,

                                   Мерекесі халықтың

                                   Алтын күзді бастайық

                                   Алтын күзге арналған

                                   Ертеңгілігімізді бастайық

 (Әдемі сазды әуен ойнап тұрады.)

Жүргізуші:
 Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жау-жау,жаңбыр» әні
Ән: «Жау-жау,жаңбыр»

Жүргізуші:

-Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр ,ал сендер оны шешіп көріңдер.   

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз

Дүкендерге  түседі:

Астық пісіп,

Ортақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Бөбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады? (Балалардың жауабы)

Жүргізуші:Балалар ,айтыңдаршы  қазір  жылдың  қай  мезгілі?

Балалар:Күз  мезгілі.

Жүргізуші:Күз  мезгілінің  белгілерін  атап  беріңдерші.

Балалар:Күзде  күн  суытады.Адамдар  жылы  киінеді.Құстар  жылы  жаққа  ұшып  кетеді.Жауын  жауады.Жемістер  мен  көкеністер  піседі.

Жүргізуші:Балалар,дұрыс  айтасыңдар.

Жүргізуші:  Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне  жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді.Сендер білесіндерме ол кім?

Балалар: Ол Алтын күз. 

Жүргізуші: 

Ал,балалар,балалар,

Енді  бері  қараңдар.

Бізге  қонақ  келмекші, 

Сендерді  бір көрмекші.

Әуелі  жұмбақ  жасырамын, 

Қулығымды  асырам. 

Таба  алсаңдар  шешімін, 

Қонағымды  шақырамын.

«Көк  майсалы  көрікті, 

Алқаптағы  көп  егін. 

Бұл  күндері  киіпті Сары  жібек  көйлегін.» 

Бұл  не, балалар? (Күз)

Жүргізуші: 

Шоғы толған гүлдей жайнап

Шақырады жарқын жүз

Сайрандаған күліп-ойнап,

Келді міне Алтын күз!

Күз: 

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл жарқын жаз.

   Сары алтынға малынған,

Алтын күз деген мен болам.

Армысыздар ,құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер!

Күз: — Сәлеметсіздер ме, менің кішкентай ғана бүлдіршіндерім, мені аялаған достарым. (Балалар амандасады)

Балалар: Сәлеметсіз бе, Алтын күз!

Күз:Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?

Балалар:  Жоқ.

Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.

                      Ағайынды бәрі

                      Шықса жасыл

                      Түссе–сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ.

Күз: Дұрыс таптындар, жарайсындар!

Жүргізуші: Алтын күз ,біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар біледі.Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз

Жүргізуші: Біздің балалар күз туралы,жемістер туралы тақпақтар біледі.Ендеше,  балалардың тақпақтарын тамашалайық.

Тақпақтар:

Ойын: «Кім жылдам?»

(Ортада орташа картоптар шашылып жатады. 2– 4 бала шығып, картоптарды жарысып жинайды,кім қанша картоп жинады санап, жеңімпаз анықталады.)

Осы жинаған картопты тазалау үшін, картоп жинаған балалардың аналарын ортаға шақырамыз. (Аналар картоп тазалап жарысады)

Жүргізуші: « Шалқан » ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.       

Жүргізуші:                

Бүгін мейрам,бүгін той

Қуанышты күн біліп қой

Күзгі бақтай сыңғырлап

Алақанды соғып қой деп

Жүргізуші:

(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма?

Жаңбыр жауайын деп тұр.

Жүргізуші: Жаңбыр жауғанда қолымызға не ұстап шығамыз далаға?

Дұрыс балалар қолшатыр керек.

Ән: «Кап-кап»

Би«Қолшатыр» биімен ортаға бишi кыздарды шақырамыз.

Жүргізуші:Біздің ата-аналарымызда өнерлі екен балалар, «Шебер қолдар» өз қолдарынан жасаған қолөнерлерін таныстыруға шақырамыз. (Ата-аналар қолдан жасаған қолөнерін таныстыруға ортаға шығады.)

Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?

Алтын күз:Өте ұнады!

Жүргізуші: Мектебіміздің бағында
             Сайраңдаймыз жанында
             Нақ өзіндей бүлдіршін
             Көп достардың жанында,-деп,біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз сіздерге 
«Күзгі вальс» биін билеп береді.

Би: «Күзгі вальс»

Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады.Менің сендерге сыйым бар.Себетте салынған жемістерден дәм татыңдар балалар. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды

                             Берекелі бақ-дәулет,

                             Арта түссін тойланып.

                             Сау болындар, балалар,

                             Келгенше жыл айналып

ЖүргізушіОсымен ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!






 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!