400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Берекелі,Алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге алтын күз мерекесіне сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Берекелі, Алтын күз»

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті көрермен, балалар!

Берекелі алтын күз құтты болсын.

Мерекесі халықтың алтын күзге арналған.

Ертеңгілігімізді бастайық

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сұріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Бүгінгі біздің «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Жүргізуші: Балалар, Күз қайда ? Мүмкін адасып,бізге келе алмай жатқан шығар ? Кәне, куз туралы тақпақтар айтып берейік, бізді естіп келіп қалар?

Тақпақтары балалардың

Б.Бекнұр

Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан

қаздар қайтып барады

Қайтқан елдей жайлаудан

Дархан

Көктен көзін бір алмай

Қызғылт тартты сары күз

Жер қызығын қия алмай

Маужырап тұр сары күз

Ернар

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды

Күз әуені кеп жатті

Әнге бөлеп жастарды

Азима

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан – алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Жүргізуші: Ал, балалар, балалар!

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші,- олай болса, қонағымызды ортаға шақырайық. Музыка ойнап, ортаға Күз ханшайымы ортаға кіреді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!

Балалар: Көп рахмет сізге! 


Жүргізуші: Рахмет сізге, Алтын күз, Ал, біздің балалар сізге күз туралы Ән айтып бергілері келіп тұр.

Ән: «Алтын күз»

Күз ханшайымы: Рахмет балалар! Сендер дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Қолшатырымды айналдырамын,ұлдарды Саңырауқұлақтарға айналдырамын!

Жүргізуші: Би « Саңырауқұлақ»

(Ғалымжан, М.Бекнұр, Алихан, Дархан, Фирдаус, Рахим, К.Бекзат, А.Бекзат)

Күз ханшайымы:. Рахмет балалар!Жақсы билейді екенсіңдер.

Музыка әуенімен залға Тұмау кіреді.

Тұмау: Бұл не? Ап чи! Ештеңені түсінбедім! Ап чи! Мында неге жиналып отырсыңдар ?Неге шулайсыңдар? Мен қайда келдім?

Балалар: Балабақшаға

Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таңыдыңдар ма?

Балалар: ЖОҚ!

Тұмау: Күз келді, күн суытты.

Менсіз бола ма күндерін?

Жөтеліп, тамақ ауырып

Бұнын бәрін сыйлаитын,

Тұмау деген достарын! Ап чи!

Егер дендерін сау болса

Тез арада кетіңдер

Мерекені болғызбаймын.

Кәне, бұл жерден кетіңдер!

Жүргізуші: Ешқайда біз кетпейміз!

Осында ойнап, күлеміз,

Күзде бізге келіп тұр, сыйлықтарын беріп тұр!

Тұмау: Ха-ха-ха! Ақымақтар!

Күз мезгілі көңілсіз, ызғарлы,

Ойнауға да ыңғайсыз, сонда не істеп жүресіз?

Жүргізуші: Біз балабақшада әртүрлі ойындар ойнаймыз, денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасаймыз. Мықты болып өсеміз!

Тұмау: Ал мен дүкенге барамын,

Кола , чипсы сатып аламын.

Ең пайдалы,дәмді де, түскі асқа, кешке де.

Жүргізуші: Кола, чипсы дегенің,зиян келтіретін тағамын.

Тұмаудан құтқаратын дәрумендер жеу керек,жаттығу жасау керек.

Ойын: «Сиқырлы қолшатыр»

Ерали, Ернар, Мергүл, Азима, Алихан, Жайна

Тұмау: Ия, жаттығуларын пайдалы екен! Дәрумендер жеу керек пе? ЖОООҚ, ОЛАЙ ЖАСАМАЙМЫЗ.Оданда микроб достарымды шақырайын! Жыл бойы жинап , сақтап жүрді. Кәне, микробтар , шығыңдар балалларды тұмаумен ауыртып жіберіңдер!

Күз Ханшайымы: Ал біз микробатардан қорықпаймыз!



Тұмау: Енді не істеймін? А маған бір ой келді, сендерді тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып, жөтеліп ауырасыңдар.АП ЧИ!

Жаңбырдың дыбысы естіледі.

Күз Х.: -Ал, біз жаңбырдан қорықпаймыз, қолшатыр алып, би билейміз.

Би « Қолшатыр»

(Арсен, Ернар, Ерали, Азат, Б.Бекнұр, Әліби, Қуаныш, Оңғарсын)

Биден кейін Тұмау түшкіріп жүреді.


Тұмау: Ап чи, маған не болды?

Жүргізуші: Денсаулығын мықты болу үшін пайдалы жемістер мен көкөністерді жесен, мүлде жазылып кетесін!


Тұмау: Балалар, мені кешіріңдерші, сендермен қалуға рұқсат етіңдерші.Мен енді жақсы боламын, спортпен шұғылданамын, көкөністермен дос боламын.

Жүргізуші: Балалар, тұмауды кешіреміз бе? Жақсы жарайды ендеше бізбен ойын ойна

Ойын: «Жемістерді жинау»

Алия, Ғалымжан, Фирдаус, Арсен, Әліби, Айлана

Балалар күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Балалардың тақпақтары

Ғалымжан

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді

Ерали

Сап – сары маңай

Сап – сары тоғай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

М.Бекнұр

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі

Жапырақтар сарғайып

Сыбдыр – сыбдыр түседі

Мадина

Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтыннан жауыпты іздері

Құс біткен керуенін түзеді

Көңілсіз неткен күз еді


Жүргізуші: Балалар, біз қонақтарымызға «Күзгі вальс» әнімізді айтып берейікші.

Ән « Күзгі вальс»

Күз Ханшайымы: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымың.Сендер сондай ақылды балалар екесіңдер! Менің сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы жапырақтар.


Ортаға себетті қояды, орамалмен жабады.

Тұмау: Қазір біз Алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер айтамыз! Сендер көздерінді жұмыңдар, бірақ ешкім қарамайды.

Балалар көздерін жумғанда, Тұмау себетті ауыстырып алмалары бар себетке.

Күз Ханшайымы: Жапырақтар кәне тәтті алма болыңдар!Орамалды алайын не болғаның көрейін!

Орамалды ашып, алмаларды балаларға таратып береді.


-Кәне, сыйлықтарынды алыңдар!

Екеуі: Қоштасатын кез келді! Балалар, сау болыңдар!


Жүргізуші: Балалар, Күз ханшайымына рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! Құрметті қонақтар, бүгінгі «Берекелі, мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 
« Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып 
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып »- деп сіздермен қоштаспақпыз.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
445
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі