Берекелі,мерекелі - Алтын
күз!
Мақсаты:Балаларға күз мезгілінің
ерекшілігі туралы түсінік беру.Күз мезгілінің
жомарттығын,табиғаттың сұлулығын тақпақтар,әндер арқылы жеткізе
отырып,балаларды табиғатты сүюге,жер ананы
қорғауға,аялауға,үлкендер еңбегін бағалауға
тәрбиелеу.
Жүргізуші: Береке бақ
дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын
жүз.
Сары алтынға
малынған,
Жетті міне, алтын
күз!
– Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама
түрлі – түсті жапырақтарға
толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Алтын
күз!
Жүргізуші:-олай болса біз
мерекемізге арналған әдемі әнімізді айтып,биімізді билеп
берейік.(балалар дайындалады)
Ән: «Апорт деген тәтті алма
»
Би: «Жапырақтар»
Тақпақтар:
Айерке
Ән
салыңдар,күліңдер
Гүлдей жайнап
жүріңдер
Күздің тойын
тойлайық
Би билейік
ойнайық
Адия
Келеді көшіп
комбайын
Алтын дария
егінді
Жинап маржан
бидайын
Жүзіміз неткен
көңілді
Мағжан
Қарашы күз келді,күз
келді
Жапырақ жауыпты
іздерді
Құс біткен керуен
тізеді
Қара бұлт қабағын
түйеді
Димаш
Мейірлі күз,мырза
күз
Сыйлығына
ырзамыз
Аппақ арай
таңында
Шомыламыз нұрға
біз
Абдулла
Жайдары күз,жарқын
күз
Аяулы күз,алтын
күз
Дәнге толы ен
далам
Дариядай шалқып
жүр
Жанасыл
Сап-сары
маңай
Сап-сары
тоғай
Соңғы әнін
айтып
Құс кетті
қайтып
Аяна
Алма
пісіп,
Алмұрт
түсіп
Күзде бақтар
жайнайды
Құстар
қайтып
Қош
айтысып
Қимас үнмен
сайрайды
Жүргізуші:Балалар,күзде қандай
өзгерістер болады?қандай ауа-райы болатын
еді?
Балалар:күн суытады,жел соғады,жаңбыр
жауады
Жүргізуші:тыңдайықшы,ненің
дауысы екен?далада жаңбыр жауғалы тұр ма?
(жаңбыр дауысы естілгенде Бұлт
кіреді)
Бұлт:(бұлт тамшыларымен залға
кіреді) Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз
бе!
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен
болам
Көтеріліп
теңізден,
Аспанға биік
барамын
Қаласам қазір
сендерге
Жаңбыр болып
жауамын.
(Балаларға жаңбыр
шашады).
Жүргізуші: Жаңбыр, жаумай тоқтай
тұр,
Дабылыңды соқпай
тұр.
Саяғынды
түгендеп,
Үйіріңді соқпай
тұр!
Бұлт:Менің әдемі тамшыларым биін
билеп берсін
Би: «Жаңбыр
тамшылары»
Жүргізуші:әдемі жаңбырдан кейін
саңырауқұлақтарымыз да өсіпті.
Би:
«Саңырауқұлақтар»
Ойын: «Күн мен
Жаңбыр»
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді.
Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін
сияқты. Бізде Күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамызға күнді
қонаққа шақырыйық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап,
аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады).
Күн
келеді.
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар: Иә!
Күн:
Мен жарқырап
төбеде
Нұрын төгіп
тұрамын.
Шуақ шашып
бәріне
Бала жанын
ұғамын.
Бұлт:
Күн, күн, тоқтай
тұр!
Сөзімен менің құлақ
тұр.
Ішім толы
суға,
Сусыз өмір бола
ма?
– Ендеше мен бәріне керекпін,
мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен
мықтымын!
(Бұлт пен Күн дауласып,
аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар!
Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Алтын күзді қонаққа
шақырайық.
Алтын
күз: Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Ырысқа толы
қоймалар,
Сабан тойы
тойланар.
Берекелі күз
болам,
Байлыққа мұртың
майланар.
– Сендер мені шақырдыңдар
ма?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені
шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен
Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып
тұр.
Алтын
күз: Олар неге олай дауласады?
Қане, балалар, Күн мен Бұлтты
татуластырайық.
Жүргізуші:
Күн менен су бар
жерде
Бау – бақшада
гүлденер.
Ортаға шық,
балалар,
Кім көп теріп
үлгерер...
Би:
«Жемістер»
(бұлт пен күн қоштасып
кетеді)
Ойын
ата-аналармен:
Сән
2018ж
Ән: «Бұл алтын
күз!»
Алтын
күз:Ал балалар,менің кететін
уақытым болды,Мына себетпен сендерге сыйлық әкелдім .Апайларыңа
табыстаймын.Келесі кездескенше сау болыңдар!(күз
кетеді)
Жүргізуші: Балалар, міне біздің
мерекеміз аяқталды.
Бірақ күз бізбен әлі
қоштаспайды.
Біз далаға серуенге шыққанда
онымен кездесеміз.
Берекелі бақ –
дәулет
Арта түссін
тойланып.
Сау болайық
бәріміз,
Келгенше күз
айналып!
(Балалар ән ырғағымен залдан
шығады)