Бекітемін:______________
Тақырыбы: “Берік отбасы-мәңгілік
ел”
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың
алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және
бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала
махаббатын ояту. Мектеп,ұстаз,ата-ана бірлігін нығайту.Отбасы
мүшелері арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты
қалыптастыру, лкенді сыйлауға,сыпайы,ілтипатты болуға
тәрбиелеу.
Міндеті: Оқушылардың сөздік қорын
молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сыныбы: 7 В
Өткізу
түрі: ашық тәрбие
сағаты
Әдісі: Сұрақ — жауап, әңгімелеу,
топпен жұмыс, ойындар.
Көрнекілігі:Мақал — мәтелдер, нақыл
сөздер, суреттер,шарлар,плакат.
Мазмұны:
1.Кіріспе
2.Негізгі
бөлім:
Шаттық шеңбері «Тілек
шамы»
«Білімдіге дүние жарық» викториналық
сұрақтар.
«Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын
табу.
«Құндылық құнын ұғындыру» суретпен
жұмыс.
«Сәлем – сөздің анасы» нақыл сөздер
сайысы.
Рефлексия. Отбасы дегеніміз не?
Қорытындылау.
1.Ұйымдастыру.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай
көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім –
жақындарына,туған-туысқандарына деген
сүйіспеншілікте
Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе
Бүгін біз «Берік Отбасы – мәңгілік ел»
тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы
бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп
қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап,
сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер
жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі
толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы
өсіп тәрбиелеу- ата-ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім
алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен
алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз
сайыс түрінде өтеді.
Негізгі бөлім.
Тілек шамы:
Сонау ерте замандардан от халқымыз үшін қастерлі
ұғым. От-жылулықтың, жарықтың мәнін білдіреді. Ендеше, тілек шамын
бір-біріне ұсыну арқылы балалар өз отбасына деген тілектерін
білдіреді.
Оқушыларды 3
топқа бөліп
отырғызу.
2.«Білімдіге дүние
жарық». Мұнда топтың шапшаңдылығын,
біліктілігін аңғарамыз. Ендеше оқушылар
викториналық сұрақтарды алып, соларға жауап
береді.
І топқа
Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке,
аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)
Балдан тәтті не? ( бала)
Қара шаңырак иесі кім? ( кенже
ұл)
Әкеден балаңа берілетін зат (
мұра)
Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
ІІ
топқа
Бес дұшпанды
атаңдар? (
өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал
шашпақ)
Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?(
Ата — анасына)
Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)
Тәрбие мен білімнің ордасы (
мектеп)
18
жасқа толмаған адам ( бала)
III
топқа
Ұл
мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға,
іні)
«Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесіңдер? (
Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын істеу
керек.)
Бес
асылды атаңыз? (талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым)
Отбасының басшысы кім? ( Әке)
3.«Тіл өнері» мақал-мәтелдің жалғасын табу. Шарты: Қоржыннан
алып, мақал-мәтелдердің жалғасын жылдам тауып, жауап
беру.
1 топқа
Ананың көңілі балада,………………… Баланың көңілі
далада.
Ата
көрген оқ жонар, ……………………..Ана көрген тон пішер.
Өз
үйім – ……………………….өлең төсегім.
Балапан ұяда не көрсе,…………………….Ұшқанда соны
іледі.
Атаның баласы болма,……………………….. Халықтың баласы
бол.
II
топқа
Жақсы ата – орман,…………………Жақсы бала
қорған.
Әкең өлсе де,………………….. әкеңді көрген
өлмесін.
Ата
көрген оқ жонар,……………………. ана көрген тон пішер.
Ананың сүті – бал,
…………………………..Баланың тілі – бал.
Балалы үй базар, …………………………….Баласыз үй қу
мазар.
III
топқа
Ұяда не көрсең , ………………………………Ұшқанда соны
ілерсің.
Ана
алдында – құрмет………………..Ата алдында – қызмет.
Анаңа ауыр сөз айтпа,………………Атаңа ауыр жүк
артпа.
Атаңа не қылсаң,…………….Алдыңа сол
келер.
Ата
– бәйтерек, …………………бала – жапырақ.
«Құндылық құнын ұғындыру»
суретпен жұмыс.
«Құндылық құнын ұғындыру». Отбасы мүшелерінің
суреттері беріледі. Суреттерді жабыстыру арқылы сөйлемдерді
толықтыру және ұғындыру.
5.«Сәлем-сөздің
анасы» нақыл сөздер сайысы. Гүл
теруге шығайық!
Барлық балалар орындарынан тұрып, гүл теруге
шығады. Теріп алған гүлдерінің санына қарай нақыл сөздер
айту.
Мұғалім: Отбасы – ол үлкен қуаныш,
шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің ортасы. Халықта
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар. Бала отбасында
жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады.
Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің
айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан
келеді.
«Отбасы» туралы қандай
тақпақтарың естеріңе түсті. Ана, әке туралы тақпақтар
айтқызу.
1
оқушы-Дильназ
Ана
жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар
шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Ана
мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп
жасаңдар, ақ ниетті аналар!
2
оқушы-Айдос
Әке деген-биік шыңы
адамның,
Әке деген- тірегі ғой
ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның
да,
Шыққан тегің, ол негізің,
жаның да.
3
оқушы-Нұрай
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер
бетінен.
4
оқушы-Диас
Жанұяның тірегі әке болсын,
Шаңырақтың шуағы ана болсын,
Бар
тілекті арнайтын балаңызға
Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.
5
оқушы-Асылзат
Ержетіп есейгенде
балапаны
Арайлап атады екен дала
таңы.
Иіскеп, маңдайымнан
сипалайтын
Қымбат қой әжелердің
алақаны.
6
оқушы-Нұрқанат
Не десең де әке жолы бір
бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр
демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар
жан,
Барлық ұрпақ әкелерден
басталған.
7 оқушы-
Ақмаржан
Аз болмай жүрсем дағы
әттегенем,
Ақынмын ардақтыға тапқан
өлең.
Қайда жүрсе,қалмайтын
қамқорлығы,
Аяулы жан екен ғой әпке
деген.
8
оқушы-Мағжан
Аға
деген,
Іні
деген-
Бір-біріне
туысқан.
Аға
деген,
Іні
деген-
Жаралғандай
құрыштан.
Бірлік болса,ерлік
болса,
Алынбайтын қамал
жоқ.
Қорқақ болса,шорқақ
болса,
Одан өткен жаман
жоқ.
От болса да,өрт болса
да,
Қиналмайды мықты
адам.
Атамыз да,бабамыз
да,
Қиындықтан
ықпаған.
Біздің тәрбие сағатымыздың
мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол
үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен
терезе, мықты шаңырақ керек.
Кірпіштерге жазылған сөздермен
біздер өзіміздің үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз
өміріміздің құрлысшысымыз. Біздің үйіміздің фундаменті неден тұрады
екен?
Оқушыларға актуальдық
сұрақтар:
1 топқа. Үй дегенді қалай
түсінесің?
2 топқа. Үйдің жылуы, ата –
ананың аялы алақаны дегенді қалай
түсінесің?
3 топқа. Бақытты отбасы
дегенді қалай түсінесіздер?
Біздің алдымызда үй салатын
мынандай кірпіштер жатыр:
1.
байлық.
2.
бауырмалдық
3.
татулық
4.
қайырымдылық
5.
әдептілік
6.
шыдамдылық
7.
түсіністік
8.
ізеттілік
9.
ауызбірлік
10.
сенімділік
11.махаббат
12.ата – ананың балаға деген
махаббаты
Осы кірпіштердің көмегімен
біздер өз үйлерімізді тұрғызайық. (Балалар үй тұрғызуға кіріседі)
Рефлексия. Отбасы дегеніміз
не? Оқушылар өз ойларын жазады?
Қорытынды.
Сонымен балалар біз бүгін
сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды
ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты
міндетіміз.
Отбасы – бұл қоғамның негізі.
Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу
отбасына берілген тәрбиеге байланысты
болмақ.
№ 264 Т. Есетов атындағы мектеп-
лицей
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы: Берік отбасы – мәңгілік
ел
Қабылдаған: Хасанова
А.
Машықтанушы: Абдиева Асель,Дәулет
Назерке
Қызылорда,
2020