400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берілген бөлшек бетіне ою түсіру

Материал туралы қысқаша түсінік
Ою туралы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

26.04.2016 ж 3 сабақ. 10:20. 6 «В» сынып №101 кабинет

Сабақтың тақырыбы: Берілген бөлшек бетіне ою түсіру. (Трафаретпен көшіру)

Сабақтың мақсаты:

1.Берілген бөлшек бетіне ою үлгісін дұрыс көшіру әдістерін меңгеру.

2.Жұмыс барысында сызу құралдарын дұрыс пайдалана білуге баулу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Жауапкершілік қасиетін дамыту.

4.Геометриялық терминдерді, жаңа сөздерді дұрыс айтуын қадағалау.

Сабақтың көрнекіілігі:

Трафаретпен жону үлгісі туралы плакат. Траферет оюға арналған құрал - саймандар линолеум, ламинат, пышық, қалам, сызғыш.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

САбақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық жұмыс.

Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, математика, бейнлеу өнері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сөздік жаттығу: Пышақ, линолеум, кесу, ою, қошқармүйіз, түйетабан,қазмойын,

Диалог(Сұрақ-жауап түрінде...)

ІІ.Өткен сабақты қайталау.

М:Өткен сабақта не өттік?

О:Өткен сабақта траферет жасадық.

М:Қандай ою түрімен таныстық?

О:Қошқармүйіз, түйетабан,қазмойын.

М:Трафаретті неден ойдық?

О:Линолеумнен ойдық.

М:Алдымен ою үлгісін неден дайындадық?

О:Ою үлгісін қағаздан дайындыдық.

М:Қағаз үлгінің көмегімен не істедік?

О:ОЮ үлгісін линолеуиға көшірдік.

М:Линолеумдағы оюды немен ойдық?

О:АРнайы пышықпен ойдық.

Меңгерілеттін сөздер: трафрет, диагональ, параллель, контур, симметрия.

ІІІ.Сабақтың тақырыбы бойыншы жұмыс:

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Берілген бөлшек бетіне ою түсіру. (Трафаретпен түсіру)

Біз бүгін көшірме жасау барысында жаңа геометриялық терминдермен танысып, оларды жұмыс барысында дұрыс қолдануды үйренеміз. 10х10 см бөлшек бетіне ою түсіреміз. Көшірмені бөлшекке дұрыс түсіру әдісін меңгереміз.

Дәптермен жұмыс: Плакаттағы көрсетілген белгілер мен ережелерді дәптерге көшіреміз.

IV.Диалог құрастыру.

М:Сызғыш не үшін қажет?

О:Өлшем түсіру үшін.

М:Сызғышта қандай өлшем бірліктері көрсетілген?

О:Сантиметр және милиметр.

М:Берілген бөлшек тіктөртбұрыш болса, сол бөлшекке ою үлгісін дәл орныластыру үшін диагональ сызық сызамыз.

-Диагональ сызықтарды сызып болған соң бөлшек бетіне 1 см жолақ сызамыз.

-Ол сызықтар бір-біріне параллель сызық болады.

-Диагональ сызықтары айқасқан жерде ось орталығы болады.

-Осының барлығы симметрияны сақтау үшін жасалады.

-Трафаретты алып ось нүктесіне бір ұшын, екінші ұшын диагональ сызық бойына қойып ою үлгісін контурлап көшіреміз.

-Сонымен диагональ сызықты кім көрсетеді?

О:Тақтадағы үлгіден көрсету керек.

М:Параллель сызықты кім көрсетеді?

О:Берілген үлгіден көрсету керек.

М:Симметриялы ою үлгісін көрсет.

О:Берілген үлгіден көрсету керек.

М:Контурлы сызықты көрсет.

О:Берілген үлгіден көрсету керек.

V.Практикалық жұмыс:

1.Бөлшек бетіне диагональ сызық сыз.

2.Бөлшек бетіне трафаретті қойып контурын көшір.

3.Бөлшек бетінің қырымен 1 см жолақ сыз.

4.Сызылған ою үлгісін маркермен немесе фломастермен анықтап сыз.

VI.Тақырыпты пысықтау:

Сызылған дайын жұмысқа қарап оқушылардан жұмыс барысын сұрау.

М:Біз бүгін не үйрендік?

О:Бөлшекке ою түсіруді үйрендік.

М:Линолеумнен жасалған ою үлгісін не деп атайды?

О:Трафарет.

М:Диагональ сызық не үшін қажет?

О:Оюды бөлшекке дұрыс түсіру үшін қажет.

М:Параллель сызықтарды көрсет.

О:Параллель сызықтарды көрсету.

VII.Қорытынды.

Сабақты қорытындылау, оқушы жұмыстарын бағалау.

VIII.Үйге тапсырма.

Дәптерге жазылған терминдер мен сызбаларды қайталау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
312
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі