400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4А Статистика. Комбинаторика

Педагогтің аты-жөні:

Меллатхан Мөлдір

Күні:

17.04.2025

Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу;

Сабақтың мақсаты:

бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын біледі

статистикалық санды сипаттамаларды есептейді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


5 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақты жағымды ахуалдан бастау.

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім

Сабақтың басы

10 мин

Өткен тақырыпты қайталау және сұрақтарға жауап беру


I.Берілген сандар қатарының модасы

Берілген сандар қатарындағы ең көп кездесетін сан сол қатардың модасы деп аталады.

Кейбір сандар қатарында біреуден артық мода болуы немесе модасы тіпті болмауы да мүмкін.

II. Берілген сандар қатарының медианасы

Реттелген сандар қатарындағы сандардың саны тақ болса – қақ ортасындағы сан осы қатардың медианасы деп аталады; ал реттелген сандар қатарындағы сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасы осы қатардың медианасыдеп аталады.

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:

  1. берілген сандарды өсу (кему) ретімен орналастыру керек;

  2. Өсу (кему) ретімен орналастырылған сандарды нөмірлеу керек. Бірінші нөмірге ең кіші (ең үлкен) сан жазылады. Берілген нөмірлер санның қатардағы орнын көрсетеді.

  3. а) Сандардың саны тақ болса – қақ ортасындағы сан осы қатардың медианасыболады;

ә) сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасын табамыз, шыққан сан медианасыболады.

III. Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы дегеніміз ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы.

Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

Оқушылар «wordwall» әдісі арқылы топқа бөлініп, орындарына отырады.

Оқушылар Төмендегі сөздермен ережені толықтырады:

1) Бірнеше санның ........................................деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

2) ............................дегеніміз берілген сандар қатарындағы ең үлкен сан мен ең кіші санның айырымы.

3) Берілген сандар қатарындағы ең көп қайталынатын сан, сол сандардың ................. болады

4) Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары тақ болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан сан ............. деп аталады.

5) Сандар қатары өсу немесе кему ретімен орналасқан жағдайда және сандар қатары жұп болғанда сандар қатарының ортасында орналасқан екі санның арифметикалық ортасына тең сан ................ деп аталады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім

Сабақтың ортасы


25мин

Тапсырма 1. Топпен жұмыс

–12,5; 28,4; 7,5; –9,2; 8,9; 7,5; 21,9

берілген қатардан арифметикалық ортаны, өзгеріс ауқымын, моданы және медианы табыңыз.


Оқушылар тапсырмаларды орындайды


Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды


Дескриптор: -

-сандар қатарының модасын табады;

-медианасын табады;

-өзгеру құлашын табады,

Қойылады.

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


Тапсырма 2. Адамдардың бір күнде қанша шай ішетіні туралы сұрау жүргізілген: Қанат-5, Айша-4, Дулат-6, Сауле-8, Фарида-6, Самат- 7, Шынар- 6. Айжан бір күнде өзі ішетін шайдың кесе саны жоғарыда көрсетілген сандардың модасына тең екендігін айтты. Ол күніне қанша кесе шай ішеді?







Тапсырма 3. Жеке жұмыс

«Кел ойнайық» әдісі арқылы оқушылар quizz платформасынан тапсырмаларды орындайды.


Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды


Дескриптор: -

-сандар қатарының модасын табады;

-медианасын табады;

-өзгеру құлашын табады;

қойылады

-орташа жылдамдықты табады;

-сұрақтарға дұрыс жауап береді.


Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


Тапсырма 4. Мектеп кезекшілері бір апта бойы бастауыш сынып оқушыларының 20 оқушысы сабаққа кешігіп келгенін анықтады. Кешігіп келу уақыттары (минут есебімен) төмендегідей болды: 0, 2, 3, 5, 7, 8, 8, 15, 19, 22. Осы уақыттардың арифметикалық ортасын тап.


Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды


дескриптор:

  • Арифметикалық ортаның формуласын біледі;

  • Арифметикалық ортаны есептейді.


Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім

Сабақтың соңы


5мин

Ү йге тапсырма. №1228, №1230.

Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын»тәсілі көрініс табады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17 сәуір
297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі