400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берқайыр атамызбен мақтанамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Берқайыр Аманшин туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

ДТІЖО: Л.Куанова

Сабақтың тақырыбы: «Берқайыр атамызбен мақтанамыз»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қаламгердің өмірімен шығармашылығымен таныстыру. Берқайыр Аманшин шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.Жас ұрпақты қаламгердің шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Берқайыр Аманшин суреті, ақын туралы сөз жұмбақ, слайд.
Өту барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері

Аманшиндей мектебіміз бар тамаша,

Жақсы білім аламыз жаңаша.

Тәрбиеге көңіліміз толады

Көңіліміз көтеріңкі болады.

Ендеше «Берқайыр атамызбен мақтанамыз» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Берқайыр Аманшин Сәлімұлының өмірдеректерін слайдтпен түсіндіру.

Берқайыр Аманшин Б.Қ.О. Қаратөбе ауданы,Батпақкөл ауылында 1924 жылы 11 қарашада дүниеге келген. Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы». ҚазПИ-ді 1953жылы бітірген. 1989жылы Батпақкөл ауылындағы орта мектепке Берқайыр Аманшиннің есімі берілді.

19 желтоқсан 2008 жылы мектебіміз ашылды. Ашылғанына 10 жыл толды.

«Өлеңім – өмірім» Ақынның өлеңдері мен шығармаларымен танысамыз.

Алғашқы жинағы «Өлеңдер»(1954) «Жылқылы ауылда» (1955) «Жетісу Жайық»(1965) «Маңғыстауым»(1972) «Жайық желі»(1987) «Құтты мекен»(1984) өлеңдер мен поэмалар жинақтары, «Жар мұңы»(1968) «Көкжар»(1973), «Ақжүректер»(1975), «Гүл көтерген»(1982) әңгімелер мен повестер жинағы, «Махамбеттің тағдыры»романы(1987) жарық көрсе, «Исатайдың семсері»(1966) «Таныстық керек»(1968), «Жақия»(1968), «Жылама, дәмеш»,«Маңғыстау оқиғасы»(1983)пьесалары республика, облыс сахналарында қойылды.

Сонымен қатар, балаларға арналған «Жылқы фермасында» , «Ботақан» аталатын өлең жинақтары бар.Ортаға Берқайыр Аманшиннің «Жаз » мереке өлеңімен оқушыларды қарсы аламыз.

1-бала:

Жаз мереке,

Жаз мереке-

Жарқырайды көкте күн.

Құшақ жая

Алтын ұя

Қарсы алады мектебім.

2-бала:

Баурында біз балапан –

Өңшең балғын балақан

Ән саламыз

Мәз боламыз

Күнге жайып алақан.


3-бала:

Жаз мереке

Жаз мереке

Жайды жасыл бақтарын.

Жайнайды күн,

Ойнайды

Оң жағында тақтаның.


4-бала:

Бітсе сабақ,

Үйге тарап

Қоңырау соққан бойында,

Шаршағанша

Қызық сонша

Кенелеміз ойынға

«Қаратөбем» әнінең үзінді оқуға 3-сынып оқушысы: Ж.Ақбота

Армысың ақ мекенім Қаратөбем

Қарайған төбеленрден дара төбем

Туғанда тал бесігім қалған жерім

Іңгалап алғаш әнге салған жерім

Қалдығайтым ,Өлеңтім-

Жолдарындай өлеңнің

Соналы,Шөмішкөл- ,

Көк шалғын ,күміс бел!

Аспандай кеңсің сен,

Ажарлы елсің сен,

Азамат ерсің сен!

Мектептеріне арнап шығарған өлең шумақтарымен мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілеріне кезек берейік:

Алинұр:

Біздің мектеп жаңаша,

Асығамыз барғанша.

Аманшиндей атамыз,

Күлімсіреп тұр алда.

Аяна:

Аманшин мектебі тамаша

Жақсы білім аламыз жаңаша.

Тәрбиеге көңіліміз толады

Көңіліміз көтеріңкі болады.

Айзере:

Кел,балалар мектепке,

Біздің мектеп тамаша.

Қамқор болған ұл-қызға

Аманшин мектебі тамаша.









Барлығы бірге:

Мектебіміз тамаша,

Көз тоймайды қараса

Туған күнін тойлаймыз

Ұстаздармен жараса.

Біз нені білдік? Біз нені үйрендік? Сөз жұмбақ.

1.Ақынның жары? (Жәмби)

2.Інісінің есімі? (Есекей)

3.Қызының есімі?(Ажар)

4.Ақын күздің қай айында өмірге келді? (қараша)

5.Туған жері? (Батпақкөл)

6.Ақынның өлеңі? (Қайықта)

7.Ақын неше жасында өмірден өтті? (алпыс бір)

8.Қарындасының есімі? (Роза)


Берқайыр Аманшин сөзіне жазылған бірнеше әндері бар.Солардың бірі «Ажар», «Қаратөбем», «Сары бидай», «Орамал» ,«Жайық қызы», «Гуриевтегі гөзал» қыз,т.б.көптеген әндері бар.

Қорытынды.

Ендігі кезекті «Ән шырқаймыз» кезеңіне кезек берсек.

Ән: «Гуриевтегі гөзал қыз» барлығы бірге қосылып шырқайды.

Қонақтар, оқушылар «Берқайыр атамызбен мақтанамыз» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Әрдайым атамыздың өлеңдері мен шығармашылығын ұмытпай, мәңгі есімізде сақтайық.



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 ақпан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі