жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бес кезеңді білім сайысы
Бекітемін:
Күні: 21.04.2017 |
Сыныбы: 7-9 |
Өткізген: Бекмуханова Шара Идеятоллаевна |
|
Тақырыбы: |
Бес кезеңді білім сайысы |
||
Мақсаты: |
|
||
Күтілетін нәтиже: |
|
||
Көрнекіліктер: |
Презентация, карта |
||
Бөлімдері: |
|
||
Сабақ барысы |
|||
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
І. Ұйымдастыру 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу 2. Топқа бөлу І топ – Білімділер ІІ топ - Тапқырлар |
1. Оқушылар назарларын сабаққа аударады. 2. Екі топқа бөлінеді. |
||
Мұғалім: - Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары. - Бүгін біздің «Бес кезеңді білім сайысы» атты ойын сайысын бастаймыз. - Бүгінгі ойын сайысқа 7-9 сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысын қорғауға 3 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады. Сіздердің білімдеріңізді әділқвазылар бағалайтын болады. Олай болатын болса, сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтейік. Сайысымыз кезеңнен тұрады: Кезеңдері:
|
|||
1-кезең «Дұрыс-бұрыс» білім минуты Мұнда барлығы 10 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Бірінші «Білімділер» тобы жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады. “Білімділер” тобына сұрақ 10 сұраққа – 10 жауап 1.Дүние жүзін айналып шыққан саяхатшы Фернан Магеллан (дұрыс) 2. “Тайота” автомобилін шығаратын ел Германия(бұрыс) 3.Ватикан мемлекеті Римде орналасқан (дұрыс) 4. Камбоджа АСЕАН ұйымына кіретін ел (дұрыс) 5. Қазақстан солтүстігінде Өзбекстанмемлекетімен шектеседі. (бұрыс) 6. Латвия, Литва, Эстония Балтық теңізі маңы елдері (дұрыс) 7. Данияның астанасы Осло (бұрыс) 8. Олимпиада ойындарының Отаны Грекия (дұрыс) 9. Оңтүстік Америкадағы және жер шарындағы ірі ойпат - Амазонка деп аталады. (дұрыс) 10. Қазақстанның жауын-шашынең көп түсетін аймақ – Сарыарқа таулары (бұрыс) “Тапқырлар” тобына сұрақ 1.Мекке мен Медина Египетте орналасқан (бұрыс) 2. Қазақстанның ең төмен нүктесі Қарақия ойысы (дұрыс) 3.Шардара Сырдария өзеніндегі су қоймасы (дұрыс) 4.Қазақстан шығысында Түрікменстанмен шектеседі. (бұрыс) 5. Орал тауының Қазақстандағы жалғасы Мұғалжар тауы (дұрыс) 6.Қазақстанның ең биік нүктесі Ақсораң (бұрыс) 7. Қазақстанда алты табиғат зонасы кездеседі.(бұрыс) 8. Жер бетіндегі қашықтықтыңқағазға түсіргенде қанша есе кішірейтілгенін көрсететін шама – масштаб. (дұрыс) 9.Шығыс Еуропа жазығы Қазақстанның шығысындағы орналасқан. (бұрыс) 10.Челюскин Еуразия материгінің солтүстік шеткі нүктесі (дұрыс) 2-кезең. «Ең, ең, ең...» ойыны. Бұл кезеңде екі топқа 7 сұрақ қойылады. Әр сұраққа 2 ұпайдан қойылады. Бірінші топ жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруге болады. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз. «Білімділер» тобына:
«Тапқырлар» тобына:
3-кезең “Ғажайып төрттік. Алдарыңызда 4 ұяшық берілген. Топтар кезекпен кезек ұяшықтарды таңдайсыздар. Ұяшықтарда деректерді қазір ашып оқимын, қай нысан туралы айтылғанын табуларыңыз керек. 1- ұяшық Сарыарқаның бұл өлкесін табиғаттың ерекше әсемдігіне байланысты Еуропаның тамаша аймақтарының біріне теңейді. Бұл өлкенің әсем табиғатына арнап С.Сейфуллин поэма, С.Мұқанов өз кітабын арқау етті.Жер шоқтығы саналатын өлкедегі өзі аттас қала ерекше облыстың орталығы. Сұрақ: Бұл әңгіме еліміздің қандай табиғаты әсем өлкесіне сай келеді? Жауабы: Көкшетау 2- ұяшық Ф. Магеллан алғаш рет дүние жүзін айналып шығу саяхаты кезінде Оңтүстік Американың оңтүстік шетімен бұғаз арқылы өтеді. Сол кезде көптеген отты алауды көреді. Кейбіреулері оны жағалаудағы алау, басқалары жарылған қайықтың оты деп ойлайды. Сұрақ: Осы көріністен кейін Ф.Магеллан бұл жерді не деп атайды? Жауабы: Отты жер 3- ұяшық Бұл Азияның жетекші мемлекеттерінің бірі. Жер аумағы бойынша дүние жүзінде 3 орын алатын ел. Экономикасының негізі – өнеркәсіп. Елде Аньшань,Бэньси металлургия кәсіпорындары бар. Сұрақ: Қай мемлекет туралы айтылып отыр? Жауабы: Қытай 4- ұяшық Әлемдегі алпауыт мемлекет. Жер аумағы жөнінен 4-орын алатын Солтүстік Америкада орналасқан ел. Сұрақ: Бұл қай мемлекет? Жауабы: АҚШ 4-кезең. «Географиялық ситуация» Бұл кезеңде 2 топқа 2 сұрақ қойылады. Әр сұраққа 5 ұпай қойылады. 1-сұрақ: Сіздер бейтаныс жерге кемемен жүзіп келіп, жергілікті адамдармен тіл табыспақшы болып, оларға әр түрлі сұрақтар қоя бастадыңыздар. Ал, олар сіздерге «кенгуру» деген сөзден басқа сөз айтқан жоқ. Сіздер қай жерге келдіңіздер және адамдар не деп жауап берді? Аустралия 2-сұрақ: Саяхатшылар алғаш рет бұл жерге келгенде егістік алқабында биіктігі бір метрден асатын, жапырақтары «күмістен», жемістері «алтыннан» тұратын таңғажайып өсімдікті көрді. Бұл қай материк және қандай өсімдік еді? Америка. Жүгері өсімдігі
ІІ-топ: 1-сұрақ: Африкада жерасты суын Конго ойысында тез шығарып алуға бола ма, әлде Сахара шөлінде ме? Сахара шөлінде жерасты суы жер бетіне жақын жайғасқан 2-сұрақ: Сіздер бұл материкте оқымысты ғылым қызметкерлерінен басқа адамды кездестірмейсіздер. Бірақ ешқайсысы зәулім ғылыми институттарға жұмысқа бармайды және қарапайым вагон-үйлерде тұрады. Бұл қай материк және қай халық? Антарктида материгі және зерттеушілер
5-кезең“Терминдер сыр шертеді. 2 топқа төрт-төрттен 8 сұрақ термин сөздер берілген. Әр термин сөздерге 2 ұпайдан қойылады. 1-топ. 1. Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын сұрапыл жойқын толқын (Цунами) 2. Мезгіл-мезгіл ыстық су мен бу шапшып тұратын қайнар (Гейзер) 3. Жер бетінде полюстен-полюске дейін ойша жүргізілген сызық (Меридиан) 4. Жанартау атқылағанда жер бетіне шығып төгілген отты қоймалжың зат (Лава) 2-топ 1. Мұхиттар мен теңіздерде қалқып жүретін орасан зор мұзтаулар (Айсберг) 2. Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты желдер (Муссон) 3. Жер шарындағы екі полюстен бірдей қашықтықта ойша жүргізілген үлкен шеңбер (Экватор) 4. Теңіз жағалауында күндіз құрлықтан суға, түнде судан құрлыққа қарай соғатын жел (Бриз) Қорытынды Сайыстың қорытындысын шығару; Әділ қазыларға сөз беру; Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау
|
|||
Сайыс барысындағы көріністер

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген