400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бес нәрсеге асық бол...»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Бес нәрсеге асық бол...» сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп атауы

Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия

Күні

13.11.2023

Класы, жетекші

4 «Б» / Пралиева Ж.Н

Сабақтың тақырыбы

««Бес нәрсеге асық бол...»

Мақсаты

Оқушыларға ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет

(талап, терең ой, қанағат, рақым, еңбек) жөнінде кеңінен түсінік бере отырып ойлақабілеттерін дамыту, адамгершілікке, инабатты болуға, еңбексүйгіштікке баул арқылы тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Қайырымдылық тақырыбын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу. Блум таксономиясы бойынша дарынды және талантты балаларды оқыту,сын тұрғысынан ойлау.

Құндылықтар

(«Жеткіншектің Жеті Жарғысы») Әдеп нормаларын ұстану; »


Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

2. Тренинг арқылы 3 топқа бөліп алу.

Ол үшін оқушылар стикерге жазылған Абай атамыздың бес асыл сөздерін оқи отырып топқа бөлінеді.

І топ. «Талап »

ІІ топ. «Еңбек »

ІІІ топ. «Қанағат»

3.Ынтымақтастық атмосферасы.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Бес нәрсеге асық бол!», яғни ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиет туралы болмақ.

   Қане балалар, ең алдымен ұлы Абай Құнанбайұлының қай кезде өмірге келгенін, оның қысқаша өмірбаянын кім біледі есімізге түсірейік?

Жақсы, Абай (Ибраһи) 1845 жылы 10-тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайы, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген. 1904 жылы жазда дүниеден өткен (60 жасқа қараған шағында).

А. Құнанбайұлының өлеңдерінің тақырыптарын кім біледі?

«Желсіз түнде жарық ай», «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры», «Айттым сәлем қаламқас», «Сегіз аяқ», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба»

Оқушылар осы «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім мәнерлеп жатқа айтып береді?

Ғылым таппай мақтанба,                       Ғалым болмай немене

Орын таппай баптанба,                        Балалықты қойсаңыз

Құмарланып шаттанба,                    Болмасаңда ұқсап бақ

Ойнап босқа күлуге.                           Бір ғалымды көрсеңіз.

Бес нәрседен қашық бол,                     «Ондай болмақ қайда?» - деп

Бес нәрсеге асық бол,                        Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Адам болам десеңіз,                          Сізге ғылым кім берер

Тілеуің, өмірің алдыңда                     Жанбай жатып сөнсеңіз.

Оған қайғы жесеңіз                            Дүние де өзі, мал да өзі

Өсек, өтірік, мақтаншақ,                   Ғылымға көңіл бөлсеңіз

Еріншек бекер мал шашпақ –           Өзің үшін үйренсең

Бес дұшпаның білсеңіз.                    Жамандықтан жиренсең

Талап, еңбек, терең ой,                    Ашыларсың жылма-жыл.

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес аіс көнсеңіз.

  Рахмет, балалар, енді осы өлеңінде бес асыл қасиет деп Абай нені атаған?


.Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

Рахмет, балалар, енді осы өлеңінде бес асыл қасиет деп Абай нені атаған?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Бірінші асыл қасиет – талап

Жақсы, ең алдымен талап туралы сендерге айтып өтейін. Адам өмірде өз орнын табу үшін талапты, қабілетті, ізденімпаз, еңбекқор болуы тиіс. Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады. Талап туралы сендер де мақыл, нақыл сөздер білесіңдер. Олай болса кім қандай мақал біледі?

              Таудай болса талабың,

              Бағың болып жанамын.

              Талапты елге нұр жауар

              Талапсыз неме құр қалар.

              Талап пендеден,

              Көмек алладан.

Екінші асыл қасиет – еңбек

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленеді. Ал енді еңбек туралы мақал айтып талқыласақ.

              Жасампаз терді түлетіп,



              Жаңғыртқан қайта мың рет

              Шөлейтті жерді гүл етіп,

              Жайқалтқан мен бір құдірет.

              Еңбектің наны тәтті.

Үшінші асыл қасиет – терең ой

Адамның ойлылығын іс-әрекетінен, ақылынан көруге болады. Әр ісін ойлап, ақылмен істеген адам өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады. өз ортасына сыйлы болады.

Қыран қанат құстаймын,

Талабыңды ұштаймын.

Зерделіге достаймын,

Дарындыны қостаймын деген жолдарға қарасақ. Бой жеткен жерге ой жетеді дегенді қалай түсінеміз?

Төртінші асыл қасиет – қанағат

Төзімділікке үйрену, барға қанағаттану, қиындықты жеңе білу, ұқыпты, тиянақты, табанды болу адамның өмірден өз орнын табуға көмектеседі.

Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар.

Бесінші асыл қасиет – рақым

Бұл дегеніміз басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп мойындау, кешірім сұрау – адам бойындағы ең жақсы қасиет.

Кешірімділік анадан,

Кішіпейілділік данадан.

Ашу-дұшпан, ақыл-дос,

Ақылыңа ақыл қос.

Кем болма, кең бол.

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.












Оқушылар бір-біріне тілек тілеп,орындарына отырады.


Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.




Негізгі бөлім

(15мин)



ІІІ топқа Абай кім

Абай толық адам Текше құрастыру арқылы көрсетеді

Әр топ өз текшелерінің алты жағына Абай ерекшеліктерін жазып қорғайды.

Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)

Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.

Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

Әр топ өз тобына берген қима қағаз арқылы Абай Құнанбаевтың бір өлеңін оқиды.


Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін , арман тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз. Болашақта Абай өлеңдерін , әңгімелерін оқи отырып Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан деп бүгінгі сабағымды аяқтаймын.


Сау болыңыздар!

Әр топ Абай өлеңдерін оқиды



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
47 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
640
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі