Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бес тармақты татулық
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Бес тармақты татулық.
Сыныбы: 3-4
Мақсаты:
1.Адамның бойында болатын болашақ өміріне пайдалы достық сезімнің
құдыретін ұғындыру,бұл сезімнің қасиетті де қастерлі
сезім,жақсылықтар жиынтығы екендігіне көз жеткізу. «Татулық, Достық» құндылығы туралы түсінік беру
2.Татулық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу,досқа деген адалдық,шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Досын қадірлей білуге үйрету;
- Досына адал болуға тәрбиелеу;
- Досына қиянат жасамауға үйрету.
Көрнекіліктер:
Тақырыпқа байланысты мазмұнды суреттер, жүрекшелер
Құндылығы:
Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Қуаныш, достық, татулық
І.Ұйымдастыру кезеңi. Шаттық шеңбері. Жағымды күйге келу.
-Қайырлы күн, балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын!
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім:Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді- ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлай, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді. /Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі./
Кіріспе сөз. Мұғалім: Көбісі аузыңды аңқитып,
Жел болып ұйытқып өтеді.
Бір өзі мыңға татыған,
Бір досың болса жетеді
деп ақын ағаларымыз жырлағандай біздің бүгінгі «Бес тармақты татулық» атты ашық алаңымыз осы достыққа арналмақ.Ендеше алдымен «Татулық» деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға адам бойындағы қандай жақсы қасиеттер ойға оралады. «Сыйластық», «Достық», «Сенімділік», «Адалдық», «Батылдық».Міне, балалар, мұндай қасиеттер кез келген адам бойынан табылады. Осындай ізгі қасиеттерді адам тек өз достарына сыйлай алады, татулық болған жерде ғана болады екен.
Түйіндеу.
Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет.Тату балалар бір -
бірін
ренжітпейді, тату - тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен
бөліседі.
Сондықтан да достық татулықтан басталады
делінеді.
Ал, балалар, «Дос» дегеніміз кім?, «Достық»
дегенді қалай түсінесің?
Ешқашан бірін-бірі сатпайтын,қуанса бірге қуанып, мұңайса бірге
мұңаятын, бір-біріне тілектес,сырлас адам.
Достық адамдардың бір-бірін жаны қалап,шын жақын көріп,қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы.
Достық-адамдардың арасындағы сыйласымды қарым-қатынас.
Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап, оларға әрқашан көмек көрсетулерің қажет.
Жақсы достарыңды мақтан тұтуларыңа болады.
Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі., бір-бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды.
Мұғалім: Балалар сендер де бір сыныптың балаларысыңдар, сондықтан бір-бірлеріңмен доссыңдар, татусыңдар.Адамдар арасындағы достық сезімі олардың бірін –бірі қажетсінуінен,құрмет тұтуынан,шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен,біріне-бірі тірек,медет болуынан,қам-қайғысыз кезде ғана емес,әсіресе,қиын –қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан,риясыз,есепсіз жомарттықтан көрінеді.
Ойын: «Ренжістік, достастық» / әуенмен/
Пікірлесу. - Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл - күйде болдыңдар?
/қуанышты, бақытты, көңілді/
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл - күйді сезіндіңдер?
/уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір -
бірімізбен достықта татулықта болғанға не жетсін.
Енді жинақталып отырып «Тату балалар» атты саусақтар туралы
ертігіні тыңдайық.
Әңгімелеу «Тату балалар» ертегісін әңгімелеп беру.
Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір
сүріпті.Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ
саусақ, үшіншісін - Ортан терек,
төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене
бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ
әзірледі.
Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына,
кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол
кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен.Ал, кішкентай
бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша,
бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта
өмір сүріп жатты.
Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын
бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда,
бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға
қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен
күшке айналды.Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға
қарай, кері қаша жөнеліпті.Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен
бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен.Өйткені олар қысылтаяң
шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық , бірлік, достықтарын
көрсете білді.
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Неліктен тату балалар деп аталады?
- Ағайынды балаларды аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?
/Олардың достығы, татулығы, бірлігі/
Міне, бұл айтылған сөздердің астарынан «Бес тармақты татулық» деген
тақырыбымыздың мағынасы шығады.
Дәйексөз: Татулық бар
жерде бірлік те, қуаныш та болады. «Татулық - табылмас бақыт» деген
нақыл сөзді осы негізге сүйеніп айтса керек.
Сергіту
сәті:
Достар бірге жүреміз, (қол ұстасып айнала жүру)
Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу)
Бірге балық аулаймыз (қолдарын алға созу)
Міне, біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз,
Әрқашанда біргеміз (қолдарын жоғары созу)
Таңғажайып сәт. / Есік жақтан біреудің жылаған даусы естіледі /
Мұғалім: - Балалар, тыңдаңдаршы біреу жылай ма, естіп отырсыңдар
ма?
- Бұл жүрек екен жылап тұрған.
- Келе ғой кішкене жүрек, саған не болды?
Жүрек: - Мені қатігез досым тастап кетті.Мен жалғызбын, не
істерімді білмеймін.
Мұғалім: - Балалар қандай аянышты, жұбатайықшы жүректі.
/ Балалар жақындап келіп, жұбаныш сөздерін айтады /
Балалар: - Жүрек, сен жыламашы.
- Жүрек, сен жалғыз емессің.
- Жүрек, біз сенімен дос боламыз.
- Жүрек, біз сені жақсы көреміз.
Мұғалім:Міне көрдің бе, кішкене жүрек, сен мейірімді де тату
достарға тап болдың, енді мұңайма.Сені тастап кеткен досың да
жалғызсырап жатқан шығар, сен енді досыңа бар , қуант. /жүрек
қуанады, жанады/
Жүрек: - Балалар, сендерге көп рахмет!Мен өте қуаныштымын.
Мұғалім: - Балалар, сендер өте мейірімді іс жасадыңдар.Жылаған
жүректі жұбата білдіңдер.Мен де қуанып, сендердің тату - тәтті
достар бола алатындарыңа сеніп, риза болып отырмын.
- Енді , балалар біздер жалғыз емес екенімізді, жүректеріміздің бір
екенін білдіре отырып, мына тұрған әдемі де кішкене жүректің қасына
өзіміздің кішкене жүрекшелеріміздің не деп соғып тұрғанын сезіне
отырып,жапсырып қояйық.
Қане,
балалар,біздің жүрегіміз қандай, не деп соғады екен?
/ Балалардың шығармашылық жұмысы орындалады /
Тәлімгер: - Менің жүрегім сендерге деген мейірімділікке
толы.
Ақзерек: - Менің жүрегім қамқоршы
Гүлмира: - Менің жүрегім жылы.
Бірғаным: - Менің жүрегім қуанышты.
Бейбарыс: - Менің жүрегім адал.
Айзат: - Менің жүрегім нәзік.
Данияр: - Менің жүрегім сыпайы.
Ерасыл: - Менің жүрегім батыл.
Жігер: - Менің жүрегім ыстық.
Саят: - Менің жүрегім жұмсақ.
Дамир: - Менің жүрегім жақсылыққа толы
Ақтолқын: - Менің жүрегім бақытты.
Жанерке: - Менің жүрегім қайырымды.
Досбол: - Менің жүрегім сезімтал.
Ғажайып сөздер
Қане, енді балалар бүгінгі ашық алаңда, үйренген өнегелі ғажайып
сөздерімізді қайталап айтып көрейік.
- Дүниедегі ең қымбат – татулық.
- Біз тату доспыз.
Қорытындылау
- Балалар, біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын
ұғындық.
Татулық бар жерде достықтың , бірліктің, сыйластықтың болатынын
білдік.
Мұғалім: - Олай болса, осы
жылы да жұмсақ, батыл да ақылды, қайырымды да мейірімді, нәзік те
сыпайы, бақытты да қуанышты жүрегімізден шыққан жылуды айналамызға
таратайық. / алақандарындағы жүректерінің жылуын үрлеу /
Жылы жүрек - жақсы тілек
/ қолдарындағы жанған шырақты бір - бірлеріне
жалғай отырып тілектер айту /
Жігер: - Бәріміз дос болайық!
Ақтолқын: - Достарымыз көп болсын!
Гүлмира: - Достарымызға қайырымды болайық!
Ақзерек:
- Достық көңілдер мөлдір бұлақтай таза болсын !
Саят: - Аспанымыз ашық болсын!
Данияр: - Достармен тату болайық!
Бейбарыс:: - Деніміз сау болсын!
Айзат: - Достығымыз берік болсын!
Бірғаным: - Достар мейірімді бола білейік!
Ерасыл: - Бейбітшілік болсын!
Жанерке: - Әрқашан күн сөнбесін!
Досбол: - Күніміз жарық болсын!
Аяна: - Отбасымыз аман болсын!!
Достық - бұл үлкен ұғым.Сендердің тату достықты қалаған кішкентай
жүректеріңдегі қуаныш, үміт шоғы өмір бойы сөнбесін , осы
шырақтай сәуле шашып жана берсін. Мейірімді жанарларыңнан тараған
шапағат нұры шырақтан тараған жылудай жер дүниені жылытсын деп
тілеймін.
Осы ізгі тілек, игі ниеттерің орындалсын деген үмітте, тамаша бір
әнмен бүгінгі ой-пікірімізді қорытындылайық.