400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бес түрлі қимылды би» тренингі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ішкі кері әсерлерінен арылуға көмектесу, өзін-өзі бағалауын арттыру, тілдік қорларын молайту .
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бес түрлі қимылды би» тренингі

Тобы: І сәбилер тобы

Тақырыбы: «Бес түрлі қимылды би», «Кет жамандық кет» тренингтері.

Мақсаты: Балалардың ішкі кері әсерлерінен арылуға көмектесу, өзін-өзі бағалауын арттыру, тілдік қорларын молайту .

Әдіс тәсәлі: Түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап, көркем сөз, мақтау-мадақтау

Көрнекілігі: Жайлы әуен

Жұмыс барысы: «Бес түрлі қимылды би» тренингі.

Жаттығуды орындау үшін үзақтығы 1 минуттан тұратын әр түрлі темптағы әуендер қажет. А) «Су ағысы»- ырғақты әуен, дөгелене, жұмсақ ырғақты, тіке ағып жатқандай, бір-біріне үйлесімді.

Ә) «Арнадан өтіп жатқан»-қатаң әуен-жылдам, күшті, анық, қатаң қимыл, дауылпаз әуені

Б) «Сынған қуыршақ»- негізсіз әуен-әр түрлі дыбыстар жинағы, сілкінткендей, аяқталмаған қимыл (сынған қуыршақ сияқты).

В) «Көбелектің ұшуы»- лирикалық, ырғақты әуен-нәзік, жағымды қимыл.

Г) «Тыныштық»- тыныш, бірқалыпты әуендер жинағы- (судың дыбысы, теңіз шуылы, ормандағы құстың әуенә, т.б) дыбыстар,-еш қимылсыз, өз денеңді «тыңдап» жатқан жағдай

Ескерту: Жаттығудың соңында балалардан қандай қимылдың ұнағаны, оның қайсысы жылдам, оңай орындалатыны, қайсысы қиын болғаны жайында әңгімелесу.

2. «Кет жамандық, кет»тренингі

Балалар кілемнің үстінде дөңгелене жатады. Ортада үйілген жастықтар. Көздерін жұмып бар күштерімен, қолдарымен жастықты, аяқтарымен еденді ұрады. Олар қатты дауыстап: «Кет жамандық, кет!» деп айғайлайды. Жаттығу 3минутқа созылады. Сосын қатысушылар аяқ, қолдарын алшақ ұстап «Жұлдызға» ұқсап тыныш әуен ырғағымен тыңдап 3 минут жатады.

Сақтандыру балалар жастықты қолдарымен ұрып жатқанда, бір-бірінің қолына тиіп кетпеуін қадағалап отыру қажет


3. Релаксация: Балаларға кілемнің үстіне денелерін босаңсытып, қолдарын төмен созып, көздерін жұмып жатуды ұсынып, өздерін құмның үстінде, күн шуағына қыздырынып жатқандай сезінуін айту. Балаларды парақ қағаз бен желпіп өтіп, ал балалар оны жылы желдің лебі еркелетіп жатқандай елестетеді. Балалар өз-өздерін жақсы сезініп, көтеріңкі көңіл-күйге енеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
562
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі