400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Бесік жыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға бесик жырын айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектепке даярлық» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Айы: Қаңтар

Оқу іс-әрекеті: Ән-күй

Тақырыбы «Бесік жыры»

Мақсаты: Лирикалық сипаттағы әндерді орташа екпінмен,күш түсірмей әндете айтуға баулу,тембрін,динамикасын, қабылдап сезінуге,музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру.

Сөздік жұмыс: Бесік жыры, әлди-әлди.

Әрекеттердің

Кезеңдері

Ән жетекшінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Ұйымдастырушылық- оятушылық



Ән жетекшісі балаларды қарсы алып,амандасады. «Вальс».Шуберт Вальс ырғағымен балаларға би қимылдарын қайталауды ұсынады.Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіру,қол ұстасып баяу тербетілу,айналу,орын ауыстыру қимылдарын бекітеді.

Тұрады ол әр үйде

Жайлы орын сәбиге

Шаңғы табан үйшік ол

Тербететін әрине!Бұл не?

Балалар Әмина әжеміз бүгін немересі Айдананы бесікке салу рәсімін жасайды екен. «Бесік тойына» біз де барайық.Бесік жанында әже немересі(қуыршақ Айдананы)алдына алып отырады.Балаларды төрге шақырып,отыруды ұсынады.Ортаға бесікті әкеліп қояды.Бесікке қуыршақ сәбиді жатқызып, бөлейді.Біз қуыршақты бесікке салып, бөлейік.Аршаның түтінімен бесікті аластап алайық.Бесікті аластап болған соң,сәбиді бөлеуді көрсетеді.Бесікті тербетеді.

Балалар амандасады. Өздеріне таныс вальс биінің қимылдарын қайталайды.

Ойлап тапқан би элементтерін қоса орындайды.

Жұмбақты ойланып шешуге тырысады. Шешуі- бесік деп айтады.





Ұйымдастырушылық-

ізденушілік





Музыка тыңдау: «Бесік жыры»

( Қ.Өрісбаев,Ш.Мұхамеджанов) әнін айтуды ұсынады.Бесік жыры қандай ән? Сендерге ұнады ма?Балаларға «әлди-әлди» деп қосылып айтуды ұсынады. Кішкентай сәби ұйықтады, оянып кетпесін.Өте жәй,ақырын дауыспен айтыңдар,-деп ескертеді.Сәбиді ұйықтатар алдында «Бесік жырын»айтса ұйқысы тыныш болады.Енді сәбиіміз тыныш ұйықтасын,-деп бесікті төрге апарып қояды.

.Ән үйрену: «Бесікжыры»(И.Нүсіпбаев,С.Жиенбаев)Әнді үйрете отырып,мазмұнын қысқаша таныстырады,лирикалық әуеніне мән береді.Орындау барысындабалаларға қуыршақтарды алып, жұбатып,тербету қимылдарын ән ырғағымен бірге жасауды көрсетеді.

Ойын : «Қандай аспап?»

(Б.Дәлденбай,А.Асылбек) Ойынға сылдырмақ,ысқырық,қоңырау,бубен,үшбұрыш,металлофон аспаптары қолданылады.Әуеннің тембрін дұрыс ажыратуларын қадағалау.

Би:«Вальс»(Шуберт)қол ұстасып жұптасып ,шыр көбелек айналып,вальс қимылдарын үйренеді.

Аспапта ойнау: «Сәулем-ай»(хал. әні)

Әуенге ілесе аспапты ырғақты сезіне орындауға тырысады.


Балалар әнді тыңдайды,бесікті кезек-кезек тербетіп «әлди-әлди» деп сәбиді ұйықтатуға тырысады.Тыныштық сақтап ақырын сөйлеуге тырысады.

Балалар қуыршақты алып әлдилейді,музыка өзгергенде қуыршапен би билеуге талпынады.

Би қимылдарын әдемі орындауға тырысады.Аспаптарда шебер

ойнауға тырысады.




Рефлекстік-түзету



Бесік жырының әуені қандай екен?Сәбиді ұйықтатарда қалай әндеткен дұрыс?Әмина әжеміз сәбиді қалай жатқызды?Әжеміз қандай ән айтты?Сұрақтар қою арқылы оқу іс-әрекетінде өткен,үйренген материалдары пысықтайды.



Балалар жауап беруге тырысады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек:Әуен динамикасын,тембрін ажыратуды,лирикалық сипаттағы әндерді нақышпен орындауды.

Игереді: Ырғақты сезіне музыкалық аспаптар мен ансамбльде ойнауды,лирикалық әуенді тыңдап,сезінуді.

Меңгереді: Дауысқа күш түсірмей әндетуді,динамикалық белгілерді ажыратуды.

Технологиялық картаны толтырған: Палманова Ж.С


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1758
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі