400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Бесікке белөу

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті қонақтар және балалар баршамыздың ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймын.Наурыз жаңа жылдың бірінші күні яғни «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.Наурызда бата тілеп,жер ана босанып,бір жасарып жаңғыратын күн. Ендеше осы ұлтты мерекемізге арналған әндерімізбен,дәстүрімізді бастауға ұрықсат етіңіздер!
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айналайын»балабақшасы







Shape1




Оқу жылы 2018жыл







Келісілді:

«Айналайын»

балабақшасының әдіскері

Балтабаева М.Н________

« »__« » 2018 жылы




«Бесікке бөлеу»рәсімі.

Өтілетін күні: 19.03.2018ж

Өтілетін жері:Музыка залы және Орталық ұлттық бұрышы

Өтілетін уақыты: 16:00

Өткізілетін тобы: Ортаңғы тобы

Жауаптылар:

Муз жетекшісі: Жапархан.Н

Топ тәрбиешілері

Қатысушылар:

Жүргізуші: Рахимова А.Ж

Әже: Аубакирова М.Т

Келін:Чакарбаева Б.Е

Ақ әже:Адылханова Г.М















Жүргізуші: Жылдың басы Наурыз,

Жердің басы Наурыз.

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр- әніміз.

Құрметті қонақтар және балалар баршамыздың ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтаймын.Наурыз жаңа жылдың бірінші күні яғни «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді.Наурызда бата тілеп,жер ана босанып,бір жасарып жаңғыратын күн. Ендеше осы ұлтты мерекемізге арналған әндерімізбен,дәстүрімізді бастауға ұрықсат етіңіздер!

(Күй ойналады)

Балалар:Қол ұстасып залға келіп той төріне жайғасып отырады.

Жүр: Балалар бүгін бізде қандай мереке?(Балалар жауабы)

-Ендеше балалар қазағымыздың ұлттық салт дәстүрлерімен ұлттық ойындарын және ұлттық тағамдарын бүгінгі мерекемізде жасайтын боламыз.

-Ал сендер мерекені қызықты өткізуге дайынсыңдар? (иә)

Ендеше мерекемізді мерекелік әнмен бастайық.

Ән: «Наурыз»

Жүр:Балаларымыздың мерекеге деген тілектерін тыңдаңыздар!

Тақпақтар:балалар

Жүр:Балалар тыңдаңдаршы бір аттың сыбдыры естіледі!Бізге қонаққа кім келді екен!

(күй ойналады)

Қыдыр Ата: Ассалаумағаликум жамағат наурыз тойларың құтты болсын!

Жүр: Балалар бізге Қыдыр Ата келіпті біз атаға сәлемдесіп батасын алайық! (Балалар сәлемдесуі)

Қыдыр Ата: Ал балаларым сендердің маған көрсетер қандай өнерлерің бар?

Жүр: Ата біздің балаларымыздың орындауындағы билерін тамашалаңыз!

Би: «Қамажай»қыздар

Ақ әже: Сәлеметсіңдерме балалар! наурыз мерекелерің құтты болсын! (рахымет)

Жүр: Сәлеметсізбе Ақ әже төрлетіңіз!Сіздіңде наурыз мерекеңіз құтты болсын!

Ақ әже: Қыдыр Ата келді деп естіп,балалармен атамызды қонаққа шақыра келіп ем.

Әже: Келінжан ау! Осындай ұлы мерекеде Ақ әжеде бізге келіп қалған екен, ендеше Бесікке салу рәсімін жасатып алайық! (Келіннен баланы алу).

-Ақ әже менің немреме сіздің жолыңызды алып немеремді бесікке салып берсеңіз екен деймін!

Ақ әже: Әрине дәстүріміз бойынша немереңді бесікке салып берейін.

Дәстүр: «Бесікке бөлеу»

Жүргізуші:Балалар әжеміззге рахметімізді айтып әже туралы әнімізді айтып берейік.

Ән: «Әжемнің шайы»

Қыдыр Ата: Ал енді ұлдарым менің алдымда кім мықты екен өнерін көрсететін бала барма?

Жүр: Әрине Қыдыр Ата кәзір біздің ұлдардың мықтысын көретін боласыз,біздің ұлдар арқан тартыс ойынын ойнайды.

Ойын : «Білек сынасу»

Қыдыр Ата: ой балаларым өте мықты екенсіңдер!

Жүр: Қыдыр Ата біздің балаларымызға батаңызды беріңіз!

Қыдыр Ата: «Бата беру»

Ақ әже: Ал енді Қыдыр Ата және балаларым менің үйімнен дәм татыңыздар!

Жүр:Сәнді көктем наурызым

Құтты болсын наурыз той.

Құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі наурыз мерекелік концертіміз өз мәресіне жетті дей келе тамашалағандарыңызға көптен көп рахмет сау болыңыздар.

Балаларды дастархан басына жайғастырып,Наурыз көжеден дәм татқызу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі