Бесікке салу

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бесікке салу

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесіне арналған қазақ халқының салт дәстүрлерінің бірі Бесікке салу рәсімінің сценарии үлгісі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бесікке салу рәсімі

Қазақы үй төрінде төсек,сандық, дастарханы жайылған дөңелек үстел.Дөңгеленген үстел айналасында көрпешелер жайылған.

Киіз үйдің ішінде бесік жанында ене отыр,қолында құшақтаған баласы бар келіні отыр.

Осы сәтте ауылдағы ең үлкен іже шашау шаша кіреді.

Қонақтар келеді:-Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер:- Төрлетіңіздер,төрлетіңіздер!

Ене:-Төрге шығыңыздар,құрметті қонақтар!

Жасы үлкен әже:Шашу!Шашу!Шашу!Тойларыңыз құтты болсын!

Нәрестенің өмірі ұзақ,бақытты болсын!Дүниеге келген нәресте бір үйдің ғана емес,бүкіл ауыл қуанышы болсын....

Ене:бесік тойға ырым етіп,ауылымыздың жасы үлкен әжесін шақырдық,міне апа төрде отыр.Әжемізден баланы бесікке бөлеп беруін сұраймыз.

Әжей:Рахмет қарақтарым,балаларың өмірлі бақытты болсын,қазақ елінің бір айтулы азаматы болып өссін.

Жасы үлкен әже: Қане бесікті әкел.

Бесік –өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы,оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы,мұны білген абзал.

Атам қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды.Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы,иіп кептірілген талдан жасалады.Екі басын қайың ағаштан да шауып жасайды,асытына тақтай салып,дәрет жүретін жерінтесіп ойып қояды.Оған киізден түбек жасап кигізеді.Баланы орайтын кенудеше,аяқ жақты қымтайтын көрпеше жастықтар салады.Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу,қолөаяғы түзу,ширақ болады.Бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан,суық пен ыстықтан қорғайды.

Бесікке салу рәсімін көрсету

1.Бесікті аластау.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.

Алас,алас,баладан алас,

Иесі келді,пәлесі көш!

Алас,алас,бәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас!

Тілі жаманның тілінен алас,

Қырық қабырғасынан алас,

Отыз омыртқасынан алас!

Алас,алас,аласы,

Келді міне баласы,

Көш,көш пәлесі,

Келді міне егесі.

2.Тыштырмай жасау

Шашуға әкелген қант кәмпитті уыстап алып бесіктің түбек қоятын тесігінен төмен өткізіп, «тыштыма,тыштыма» ырымын жасайды.Шашуын отырған қонақтарына береді.Шашу үлестіріп болған соң,

3.Бесік жабдықтарын салу

Бесікке керекті жабдықтар-жөргек,жастық,қолбау,аяқбау,түбек,шүмек.Шүмекті әдемі етіп,қойдың асық жілігінен жасайды.Кейбіреулер айрықша аппақ болу үшін,сүтке қайнатып та алады.Шүмек ұлға немесе қызға арналуына қарай екі түрлі болады.

4.Тіл-көз тимеске тұмар,үкітағады.Шошымасын деп ер баланың жастығының астына бәкі салады,ал қыз бала көрікті болсын деп,жастығының астына айна-тарақ салады.

5.Сәбиді бөлеу.

6.Бала бөлегеннен соң бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.

Бала бөлеген бесікке жеті түрлі киім жабылады.Жабылған әр нәрсенің өзіндік мәні бар.

Халықшыл болсын деп-тон,жасы ұзақ болсын деп-шапан,сыйлап өссін деп ата-әжесінің,әке-шешесінің бір-бір киімін жабады.Ат жалын тартып мінсін деп-қамшы,ұйқысы көп болсын деп-қапшық іледі.Киім санын жетіге толтырады.

7.Бесік жыры

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат, бөпем.

Батыл бол, таймас жүректі,

Батыр бол, балуан білекті.

Халқыңа бас бол патшадай,

Орында ана тілекті,

Әлди-әлди, ақ бөпем.

Бата:

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілекті:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандық тәлім алмасын!

Даналардың дәстүрін,

Жаңаласын, жалғасын,

Шұғылалы шуақты күн кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын,

Қырандай биік самғасын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.03.2025
460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі