жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бесікке салу
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Білім беру ұйымының атауы |
«С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ |
Бөлім: |
3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика |
Педагогтің аты-жөні: |
Шулгаубаева У. |
Күні: |
08.10.2026ж. |
Пәні: |
Қазақ тілі |
Сыныбы: 5 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Тақырыбы: |
Бесікке салу |
Оқу
мақсаты |
5.1.2.1 әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама) көтерілген мәселені түсіндіру; 5.4.3.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану |
Сабақтың мақсаты: |
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, түсіндіру. Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратып, орынды қолдану. |
Бағалау критерийлері: |
Мәтіндегі көтерілгенм мәселені анықтайды; Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді; Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратып, орынды қолданады. |
Құндылықтар |
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ • Отбасының дәстүрлері мен құндылықтарын білу • Оқуға, өз халқының рухани мәдениетінің бір бөлігі ретінде ана тіліне деген қызығушылық таныту |
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі Амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Психологиялық ахуал: «Шаңырақ шаттығы» -Балалар, әр отбасының қуанышы, берекесі, жылуы болатын қасиетті орын бар. Ол – шаңырақ. Бүгінгі сабағымыз да қазақ халқының отбасы мен бала тәрбиесіне байланысты ерекше дәстүрлерге арналмақ. Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады: «Шаңырағың биік болсын!», «Отбасың аман болсын!», «Бесікке бөленген баладай бақытты бол!», «Дәстүріміз мәңгі жасасын!»
Үй жұмысы: 5-тапсырма «Менің атым қалай қойылды?» деген тақырыпта шағын әңгіме (сөз саны – 40) жазыңдар. Сөздердің орфографиялық нормаға сай жазылуын ескеріңдер. Қызығушылықты ояту. «Сурет сөйлейді»
Тапсырма Суреттерде қандай отбасылық мереке бейнеленгенін айтыңдар. Тірек сөздер бойынша сабақтың не туралы болатынына болжам жасаңдар. Суреттер бойынша сыныптастарыңа бір сұрақ дайындаңдар. Тірек сөздер: сәби, бесікке бөлеу, бата беру, той, «Баланың бауы берік болсын!» Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Топқа бөлу.
|
Назары сабаққа аударылады. Қызығушылығы оянады
Оқушылар өз ойларын айтады
Оқушылар бір-біріне бір сөйлеммен жақсы тілек айтады.
Оқушы сыныптасына бір жақсы тілек айтып, сабаққа жағымды көңіл күймен кіріседі.
Суреттерді зерделейді, тірек сөздерді байланыстырып өз болжамын айтады, сыныптастарына сұрақ қояды
Топқа бөлу: «Дәстүр белгілері» әдісі Оқушылар үш белгі арқылы топқа бөлінеді: 1-топ – «Шілдехана» 2-топ – «Бесік» 3-топ – «Бесік жыры» |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың!
Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!
Әрбір сұраққа жауап берген оқушыға «тыштырма» тәттілерінен беріп отыру. |
5-сыныптың оқулығы Арман ПВ баспасы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс. 1-тапсырма
1-топ «АҚПАРАТ ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ» Тапсырма «Шілдехана. Бесікке салу» мәтінін оқыңдар. Мәтіндегі көтерілген мәселе мен негізгі ойды жазыңдар:
Ықтимал жауап
2-топ «ДӘСТҮР ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ» Тапсырма «Шілдехана. Бесікке салу» мәтінінен бесікке салу дәстүріне қатысты әрекеттерді тауып, орындалу ретімен орналастырыңдар.
Ықтимал жауап
3-топ «ТІЛЕК ЗЕРТТЕУШІЛЕРІ» Тапсырма Оқылым мәтініндегі «Бесік жырын» оқыңдар. Балаға айтылған тілектерді «Тұжырымдамалық кестеге» жазыңдар.
Ықтимал жауаптар:
Үш топқа ортақ саралау Қолдауды қажет ететін оқушыларға: мәтіннен қажетті ақпарат орналасқан бөліктер көрсетіледі және тірек сөздер ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушыларға: өз жауаптарын мәтіндегі нақты сөйлемдермен дәлелдеу және қорытындысын кеңейту ұсынылады.
Жұптық жұмыс. «Сөз мағынасын зерттейік» Тапсырма Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңдар. 1-топ жұптары: алтын ұя, жолы үлкен 2-топ жұптары: бауы берік болсын, отбасын құру 3-топ жұптары: жылы сөз, өткір сөз Әр жұп: сөздің немесе сөз тіркесінің мағынасын түсіндіреді; тура немесе ауыспалы мағынада қолданылғанын анықтайды; сол сөзбен бір сөйлем құрайды. Сабақты бекіту. «Дұрыс па, бұрыс па?» ЖИ Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дұрыс / Бұрыс Бесікке салу кез келген адамға тапсырылады. Дұрыс / Бұрыс Бесік қазақ халқы үшін қасиетті, киелі мүлік саналған. Дұрыс / Бұрыс «Бесік жырында» балаға батыр, шебер, шешен болу тілегі айтылады. Дұрыс / Бұрыс Бесік тойда бесікке салу рәсімі орындалады. Дұрыс / Бұрыс
|
Мәтіндегі көтерілген мәселе мен негізгі ойды жазады.
Мәтіннен бесікке салуға байланысты әрекеттерді табады, олардың ретін анықтайды, кестені толтырады және дәстүрдің мәнін түсіндіреді.
«Бесік жырын» оқиды, батыр, шебер, шешен болуға қатысты тілектерді анықтайды, олардың мәнін түсіндіреді және қорытынды жасайды.
ЕББҚ оқушысына жеке тапсырма «Сәйкестендір» Негізгі мәтін бойынша сөздерді мағынасымен сәйкестендір.
Берілген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын жұбымен талқылайды, тура және ауыспалы мағынасын анықтайды, сөйлем құрастырады.
|
Дескриптор:1-топ -мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды; -мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды.
Дескриптор:2-топ -мәтіннен бесікке салуға қатысты әрекеттерді анықтайды; -әрекеттерді ретімен орналастырады; -дәстүрдің мәнін мәтінге сүйеніп түсіндіреді.
Дескриптор:3-топ -бесік жырынан балаға айтылған тілектерді анықтайды; -тілектер білдіретін қасиеттерді түсіндіреді; -мәтіндегі тілектерге сүйеніп қорытынды жасайды.
Дескриптор: сөздің мағынасын түсіндіреді; тура немесе ауыспалы мағынасын ажыратады; сөзді орынды қолданып сөйлем құрайды.
|
Үлестірме
Слайд
Жұмыс дәптері
Интерактивті тақта
ЖИ Интерактивті ойыны
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Бесік тербету» әдісі «Балапан» – тапсырманы орындадым. «Қарлығаш» – жақсы орындадым, бірақ толықтыруым бар. «Қыран» – тапсырманы өте жақсы орындадым, өз ойымды еркін жеткіздім.
Үй жұмысы: 7-тапсырма «Әжемнің сандығындағы сыр» Үйдегі үлкен кісіден бір ұлттық салт-дәстүр туралы сұрап, 5–6 сөйлемдік шағын мәтін жазу. Шарты: мәтінде кемінде 1 тура мағыналы сөз, 1 ауыспалы мағыналы сөз қолдану.
|
Тақырып бойынша түйген ойларын айтады, қорытындылайды.
Кері байланыс береді
|
Дескриптор арқылы бағаланады
|
Мұғалім тарапынан кері байланыс
Қолдау, мадақтау, бағалау |
Тексерілді:............................ДОЖЖО Ж. Пирманова Күні:.........................

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген