400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бесікке салу" салт-дәстүрі

Материал туралы қысқаша түсінік
Салт-дәстүр жайлы мағлұмат
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Айгөлек» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 12.02.2018ж

Тәрбиеші: Жұмабай С.С

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық».

Пән: Қоршаған ортамен таныстыру, ҚМҰҚ , Музыка, Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып:

Тақырыбы: "Бесікке салу"

Мақсаттары: 1.Тәрбиелік: ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ел арасындасақталып келе жатқан халық мұрасы бойынша баланы имандылыққа, қайырымдылыққа, бірлікке тәрбиелеу;

2.Дамытушылық: балалардың ойын сұрақтар қою арқылы дамыту.

3.Оқыту: балалардың бойына ұлттық сананы сіңіріп, ата-тегі жайлы білімін бекіту;

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: адыраспан шөбі, сіріңке, бесік жасауымен.
Билингвалдық компонент: Бесік-Колыбель

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І.Ұйымдастырушылық кезеңі

Қол ұстасып қане біз

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге.

Тік тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыммен бір жүру.

Қайырлы күн, Жер-Ана,

Қайырлы күн достарым,

Сендерді көргеніме қуанамын.

Әженің үйіне қонаққа апарады.

- Балалар, әжеміздің үйінде үлкен бір той болғалы жатыр екен.

1. «Ой толғау» (Қандай «той» деп ойлайсыңдар?)

ІІ. Негізгі бөлімі

2. Сұрақ-жауап «Үйде қандай көмекшісің?»

Әже: - Өте әдемі балалар екенсіңдер, қандай өнерлерін бар?

- Балалар, бесікке әлдиді кім салады?

- Әже, бізге бесіктің қандай пайдасы бар екені туралы айтып беріңізші.

- Бесіктің пайдасы – бала жылы жатады, асты құрғақ, ұйқысы тыныш болады.

4. «Ауызша волейбол» ойыны.

Мақсаты: балалардың ойын, қиялын дамыту.

Шарты: Балалар бір-біріне допты беріп тұрып, сол мезетте бесіктің жасауларын айтады. Мысалы, бесік, түбек, шүмек, жабу, тартпа, мамық т.с.с

Сергіту сәті (музыка ырғағымен қимылдар жасау).

Ойын: «Үшіншісі артық».

Мақсаты: балаларды шапшандылыққа баулу.

Шарты: Тәрбиеші екі орындық қояды. Ойынға үш баладан қатысады. Әуен тоқтағанда балалардың әрқайсысы орындыққа отыруға тырысады. Бір бала артық қалады. Бірақ ол ренжімеуі керек

Тәжірибелік жұмыс.

Әже әлдиді бесікке бөлейді. Бесікке бөлудегі ырымдарды жасайды.

Қажетті құралдар: адыраспан шөбі, сіріңке, бесік жасауымен. Бесік жырын айту.

ІІІ. Қорытынды

-Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Көңіл күйлерін қалай?

-Бәріміз әжемен бесік жырын айтайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
658
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі