400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Best on the best тақырыбындағы ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
домашняя кухня
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ошақты және шектелген диссеминация

Ошақты деп үлкен емес домалақ,полигональды немесе дұрыс емес пішінді өкпе тінінде пайда болған түзілістерді айтамыз. Олардың өлшемі 0,1-1см -ге дейін,одан үлкен өлшемді домалақ көлеңкелер «өкпе алаңындағы домалақ көлеңкелер» синдромды қарастырады.

Ошақтар өкпеде әртүрлі зақымданулар кезінде пайда болады, сондықтанда олардың субстраты ретінде әртүрлі процесстер-қабыну ошақтары, ісіктік түйіндер, қан құюлулар, майда ателектаздар,ісіну аймақтары және т.б. Тәжірибеде көптеген ошақтар қабынудан кейінгі синдром ретінде яғни, туберкулезді және өкпе паренхимасының өзгерістерімен сипатталады.

Өкпелерде бір, бірнеше және көптеген ошақтар анықталуы мүмкін,егер бірнеше ошақтар бір-біріне өте жақын орналасса оларды ошақтар тобы деп атайды. Көптеген ошақтар өкпенің әртүрлі аймақтарына жайылады. Егер, рентгенограммада өкпенің алдыңғы проекциясында жайылған ошақтар екі қабырғааралықтан асапаса шектелген диссеминация жайлы айтуға болады. Жайылған ошақтар екі өкпенің де, көп бөлігін алып жатса оны диффузды диссеминация синдромына жатқызады.

Ошақты көлеңкелерді анықтаған соң, бірінші кезекте оның өкпенің зақымдануы мен байланысты екеніне сенімді болу керек, ол өкпе суретіндегі қан тамырлардың кескіні де болуы мүмкін. Сонымен қатар, элементарлы қауіпсіздікті сақтау керек және асығыс шешім қабылдамау керек,ошақтар сүт бездерінің емізікшелерінің және қабырға шеміршектерінің әктенген қалдықтары болуы мүмкін.

Бұл синдромның үш рентгенологиялық негізгі белгілері: 1. Ошақты көлеңкелердің локализациясы және орналасуы; 2. Ошақтың контуры; 3.ошақ көлеңкелерінің интенсивтілігі.

Ең алдымен ошақтың орналасуы мен жайылуына назар аудару керек. Ошақтардың өкпе ұшында және бұғана аймағында орналасуы- өкпе туберкулезіне тән белгі.Бұндай локализация өкпе туберкулезінің екі формасында кездеседі- ошақты туберкулезде және туберкуломада.

Ошақты көлеңкелер тобы немесе шектелген диссеминация ошақты пневмония және туберкулез кезінде кездеседі және де бұл бронхогенді диссеминация кезіндегі жайылған инфильтрат немесе туберкулезді кавернаға да тән. Сол үшін,ошақты және шектелген диссеминация синдромын анықтағанда, ол жерде домалақ ошақ(инфильтрат) немесе сақина тәрізді көлеңке (каверна) бар жоқтығын анықтап алған жөн.

Өкпенің әртүрлі аймағындағы жалғыз әктелген ошақ, әсіресе өкпенің ұшында және бұғана аймағында орналасса, науқас егде жастағы кісі болса, бізге перифериялық ісіктің бастапқы фазасыжәне оның дамуы туралы ойға келтіру керек.

Екінші айыруға болатын белгі ол ошақтың контуры.Тегіс емес контурлар ошақтың қабынулы зақымданудан кейін пайда болғандығының белгісі.Егер ошақтың контурлары анық болса,ол өкпе ұшында немесе бұғана аймағында орналасқан туберкулезді ошақтың тығыздану немесе әктену фазасына тән белгісі. Бірақ, жалғыз ошақ өкпенің басқа бөліктерінде орналасса және контурлары анық болса, ол перифериялық ісіктің бар болу мүмкіндігін көрсетеді. Бұндай жағдайларда өкпенің жалпы шолу рентгенограммасы нақты көрсеткіш емес. Ошақтың формасы мен контуры томограммада жақсы анықталады.

Ошақтардың көлеңкесі анық болатын болса, оның құрылымына баға беру керек. Ошақтың біртекті көлеңкесі ошақты туберкулездің тығыздану фазасына тән.Егер де ошақ, біртекті емес болса, екі вариант болуы мүмкін:ошақ аймағында тығыз аймақтар - әктену көлеңкелері болуы мүмкін немесе керісінше майда ағарулар көрінуі мүмкін. Біртекті емес екі вариант та туберкуломаға тән.
Рентгенограммада ошақ көлеңкелерінің интенсивтілігін анықтаған жөн. Ол үшін олардың суретін өкпе қанатамырланың көлеңкесімен салыстыру керек. Егер, ошақ көлеңкесінің тығыздығы қантамырлар көлеңкесінен анық көрінбесе- бұл аз интенсивті көлеңке. Бұндай жағдайлардағы ошақ контуры анық болмаса, жедел ошақты пневмония немесе инфильтрация фазасындағы ошақты туберкулез жайлы ойлауымыз керек. Егер, ошақ көлеңкесі қантамырлардың осьтік кескінінің тығыздығына ұқсаса, ошақ көлеңкесінің орташа интенсивтілігі жайлы айтады. Туберкулез кезіндегі ошақтың тығыздануы – процесстің баяулауы. Егер, ошақ көлеңкесінің суретінің интенсивтілігі қан тамырлар осьтік кескінінен анық көрінетін болса- бұл тығыз ошақ. Егер, ол қабырғалар көлеңкесінен де, анық көрінетін болса, яғни ол қабырғадан көрініп және тығыздығы біртекті болса, әктену ошағының бар екендігін көрсетеді.

Рентгенологиялық жиі кездесетін көрініс- біріншілік туберкулезді комплекстің әктенуі. Ол өкпедегі тоқтап қалған әктенген ошақтан (Гон ошағы) және сол жағындағы өкпе түбірінің әктенген лимфа түйіндерінен тұрады.

Өкпе алаңының ортаңғы немесе төменгі бөліктерінде ошақтардың бір жақты жиналуы кезінде оны туберкулезді және туберкулезді емес зақымданудан айыру керек. Топтасып орналасқан жаңа ошақтардың әсерінен, туберкулездің бронхогенді диссеминациясы деп ойлауға мәжбүр етеді. Одан басқа, жоғарыда аталып өткендей домалақ немесе сақина тәрізді ошақ топтары сонымен қоса шектелген қараю негізгі белгісі болып табылады. Басқа синдромдардағы осындай белгілер казеозды жайылу аймағындағы бронхогенді диссеминация болуы мүмкін деген күдік туады.Кавернаны үнемі анықтау мүмкін емес, себебі өкпе тініндегі ошақ көлеңкелерімен және тыртықтанулармен жабылып туруына байланысты. Сондықтан, шектелген диссеминация кезінде томографияға жібереді.

Дифференциальды диагностика жасауда , ошақтың динамикасын бақылаудың маңызы аз емес. Қабынуға қарсы белсенді ем кезінде пневмониялық инфильтрация ошақтарының саны мен көлемі тез азаяды. Туберкулезді ошақтар қысқа мерзімде өзгеіске ұшырамайды,ал ем эффетивтілігі төмен болса өкпенің бос аймақтарында кезекті ыдырау және жаңа ошақтар пайда болады. Сол үшін рентгенологиялық зерттеуді 7-10 күннен соң қайталап түсіреді. Әрине, пневмония мен туберкулездің клиникалық мәліметтері нақты ақпарат береді. Жедел пневмония кезінде ошақты процесс айқын көрінеді: дене температурасы жоғары,көлемді және әртүрлі сырылдар естіледі және қатты жөтел. Бұрынғы дәрігерлер туберкулез туралы «аз естіп және көп көреміз» деп босқа айтпаған.

Егде жастағы науқастарда,біртекті ошақ анықталса,ерекше көңіл бөлу керек, әсіресе ер кісілер мен темекі шегетіндер. Әдетте бұл өкпенің флюорографиясында кездейсоқ анықталады. Бұндай жағдайда, өкпенің бұрынғы флюорограммасы немесе рентгенограммасы қажет, себебі осындай ошақ алдын болған ба және көлемі қандай екенін анықтау үшін. Орта есеппен өкпе рагынде өкпедегі ошақ көлемі 100 күн ішінде екі еселенеді. Екіншілік шараға қақырықтағы атипиялық клеткаларды анықтау үшін (7-10ретке дейін) анализ алу жатады. Одан кейін өкпе бронхтарының катетеризациясы, бронхиальды немесе трансторакальды биопсия жасалады. Егер осы зерттеулердің барлығы өкпе тінінде ораналасқан ошақтың табиғатын қандай екенін анықтай алмаса, онда диагностикалық торакотомия жасалады. Тек осындай белсенді дәрігерлік тактика арқылы, өкпе рагымен науқасты радикальды емдеуге болады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
644
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі