жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Би билейміз тағы да,жасыл шырша жанында»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын дамыту, сөздерді анық, ашық айтуға, сөйлеуге үйрету. Мерекелік шараларда достыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар
Таңырқап тек тұрмаңыздар
Сәнді шырша шақырады,
Келіңіздер, келіңіздер
Қызығы мол жаңа жылдың
Тамашасын көріңіздер.
Құрметті ата-аналар, балалар және тәрбиешілер жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін! Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз.
Жаңа жылға әзірленген «Көгершін » тобының шырша тойын қабыл алыңыздар! Ортаға «Көгершін»тобын қарсы алыңыздар. Құттықтау сөз кезегін «Ақбота» балабақшасының директоры Абулгартаева С.Т.береміз.
Жүргізуші: Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды,
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді.
Бақыт шаттық, молшылық пен тыныштық
Бәрімізге әкелсін мына жаңа жыл.
Ән: «Жасыл шырша жанында»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша
Жүргізуші: Олай болса бәріміз бірге айтайық.
Шырша шамын жағайық!
Жаңа жыл тойын ашайық!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ал кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын кім айтып береді екен?
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той маскарад басталады
Аяз оны басқарды. Камшат
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, ата-әже,
Құтты болсын жаңа жыл, Азамат
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын. Ақмаржан
Ем конфеты, мандарины
И рисую я картины
Дедушку мороза жду
Я подарочек хочу! Аягөз
С новым годом, зайчики.
С новым годом, белочки.
С новым годом мальчики
С новым годом, девочки. Қ. Зере
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған М. Зере
Жүргізуші: Жарайсыңдар қандай жақсы тақпақтар! ( шыршаның жанына жақындап келіп) қараңдар балалар, шыршаның жанында сыйлықтар тұр! Сыйлық алу қандай тамаша келіңдер балалар сыйлықты ашып көрейік. (Көңілді музыка ойнайды, қораптың ішінен сайқымазақ шығады.)
Сайқымазақ: Амансыңдар ма балалар! Иә бұл менмін! Мені ораудан алып шыққандарың қандай тамаша, ол жер тар, әрі қараңғы, ал мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, бірге ойын ойнап ән салатын боламын. Рұхсат бересіңдерме балалар?
Балалар: Иә
Жүргізуші: Балалар бізде шыршамыз да бар, әдемі киінген балаларымызда бар, ата-аналарымыз, көрермендерімізде бар екен. Енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?
Балалар: Аязата, ақшақар
Жүргізуші: Ал ендеше Аяз атаны шақырайық. Барлығымыз бірге айтайық. Аяз ата, Ақшақар.
Есік ашылады да түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар мен қу түлкімін.
Түлкі деген қумынғой Жүрген жерім шуғой Жатып алып жағада Іздегенім дуғой.
Балалар сендер қанша Аяз ата мен Ақшақарды шақырсаңдарда олар келмейді, жолдан адасып үйлеріне кетіп қалыпты! ( түлкі қаша жөнеледі)
Жүргізуші: Ой бұл қалай болғаны? Аяз ата Ақшақарсыз жаңа жылымыз қалай өтпек.
Сайқымазақ: Балалар уайымдамаңыздар, бұл да бір түлкінің қулығы шығар. Мен соңынан аңдып келейін. (сайқымазақ аңдып жүгіріп кетеді )
Жүргізуші: Балалар, Сайқымазақ Аяз ата мен Ақшақарды тауып келгенше барлығымыз шыршаны айнала ән айтайық.
Ән: «Шырша жыры».
Жүргізуші: Балалар аяз ата келе жатырған сияқты олай болса Аяз ата Ақшақар деп бәріміз шақырайық.
Аяз ата:
Құтты болсын,
балалар
Келген Жаңа
жылдарың
Алаңдамай
өсіңдер
Еркелеп қыз,
ұлдарым
өткен жылы келіп
ем
Бәріңді де көріп
ем
Жыл өткізіп келем
деп
Уәдемді беріп
ем
Ойларың мен бойларың
да
Бірдей өсіп қалдыңдар
ма?
Ал, мен кіммін
айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар
ма?
Балалар:
Аяз
ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың
құтты болсын!
Сүйсіңдірер
маңайды
Ақшақармын
арайлы
Жалт - жұлт еткен
жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын
аппақпын
Қалай тыныш
жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын,
тақпақпын.
Аяз ата: Балалар мен сыйлықтар толған қалтамды жоғалтып алдым.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер. Ата уайымдамаңыз қалтаңызды қу түлкі алаған болса керек. Отыр ата, сәл дем алыңыз. Біздің балаларымыздың әсем әні де, биі де бар.
Түлкі: ( Залға жүгіріп келіп ) сыйлықтар толған қалталарың менде, балалар сыйлықтар алғыларың келсе мен де жаңа жылды тамашалайын. Бізге өнерлеріңіді көрсетіңдер!
Жүргізуші: Түлкіжан олай болса сен біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала. Би: «Қуыршақ барби »
Аяз ата: Жарайсыңдар қыздар!
Жүргізуші: Ата біз бимен тоқталып қалмаймыз бізде әлі өнерлеріміз көп. Қане балалар атаға әдемі тақпақтарымызды айтып берейік.
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде
Билейміз ән саламыз Нұртілек
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға Света
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсың
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын. Диас
Жаңа жылға балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен. Ұлбибі
Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр. Рауан
Жаңа жылды қарсы алдың
Мініп алып күймеге
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де. Инабат
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып. Ерасыл
Здравствую, сказка! Здравствую, елка!
Здравствую, дедушка мороз!
Не боюсь сегодня волка
Даже дергаю за хвост. Данияр
Э хэппи ню иер фо ми
Э хэппи ню иер фо ю
Э хэппи ню иер фо эвериуан
Зетс ват ай уши ай ду Шұғыла
Ауыл маңы қар аппақ
Қызықтар көп не түрлі
Ақ дәптерді парақтап
Қыз отырған секілді Елнар
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын тауық жылымыз қайда? «Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
Тауық: Тиіспе, балапан тауыққа
Тентектікті қойыңдар.
Араздық жоқ араңда
Тату-тәтті болыңдар.
Жүргізуші: Ескі жыл біздің балаларымыздың биі бар соны тамашала.
Би: Барлық ұлдар « Coco jambo »
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел онданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір. (Ойын)
Жүргізуші:–Ау тауықжан сенімен де қоштасатын кез келді. Мына жұртшылықтың ризашылықтарын тыңда.
Тауық: Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: Тауық жылы,кетпей тұра тұрыңыз,балалардың сізге деген сыйлығы бар. «Буги,буги» биін қабыл алыңыз.
Жүргізуші: Шынымен балалар біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз.
Бәрі Қош,Қош, ескі жыл!
Ит: Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды ды себейін
Жырымды да себейін
Жүргізуші: Қош, келдің жаңа жыл.
Ән: Төреғали Тореали «Қазақ қызға үйленемін»
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.
Тақпақ
С новым годом поздравляю
Вам желаю всем добра,
Чтобы в жизни вашей было
Много счастья, волшебства! Айзере
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты бар
Аяз ата салынған
Сәлем берді жұртына Айсезім
Аяз ата ақ сақалды
Ақ таяқты паң ата
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата. Шапағат
С новым годом поздравляю!
Доброты всем пожелаю
Только мира, и побед
И конечно же конфет. Айару
Жаңа жылға балалар
Тек қуаныш көріңдер
Ауырмаңдар ешқашан
Мықты болу өзіңнен. Алмат
Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Сәлеміңді қоя тұр
Кәмпит жегім келіп тұр. Нұрбақыт
Жүргізуші: Аяз ата біздің балаларымыздың тағы өнерін тамашалаңыз.
Би: Ұлдар,қыздар «Ха-фа, на-на »
Аяз -
Ата: Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе
қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға
шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,
сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош
болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып
кетеді.)
Балалар:
Сау болыңыздар! Рақмет
сіздерге!
Жүргізуші: Балалар, шыршаны айналып «Аппақ,аппақ жапалақтап»әнін шырқайық.
Жүргізуші:
Біз тілейміз жаңа жылдық
шаттықты
Біз тілейміз жаңа жылдық
бақытты.
Құрметті қонақтар,
балалар! «Би билейміз тағы да,жасыл шырша
жанында!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.
Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім
сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл
құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш
әкелсін!!!
«Ақбота» балабақшасы
«Көгершін»тобы
«Би билейміз тағы да,жасыл
шырша жанында»
Тәрбиешілер: Басжанова Р.
Тилегенова Ұ.
2017 оқу жылы




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген