400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Би билейміз ырғақпен, шынықтырып денені

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған дене шынықтыру сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімдері: Н.Н Ефименконың «Мектепке дейінгі жастағы балалардың дене шынықтыру және сауықтыру театры» дене шынықтыру үйірмесі

Тақырыбы: «Би билейміз ырғақпен, шынықтырып денені»

Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаның» шығу тарихымен таныстыра отырып дене сымбатының дұрыс қалыптасуына ықпал ету. Дене қозғалыс ырғақтығын дамыту. Бидің денсаулыққа тигізер әсері жайлы таныстыра отырып, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Өткізілу түрі: Ырғақты би гимнастикасы

Қостілдік құрауыш: би-танец

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші педагогтың әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялықоятушылық кезеңі

«Сәлем сөздің атасы»

«Ән мен би өнер анасы» демекші амандасып алайық.- Сәлеметсіңдер ме! балалар

Күлімдеп күн бүгін

Қарады маған да

Күлімдеп күн бүгін

Қарады саған да

Шуақпен төгіп нұр.

Kүн нүpындaй көңiлiм,

Дaлaмдaй кeң пeйiлiм.

Жүpeгiм тoлы мeйipiм,

Бәpiнe opтaқ шyaғым.

Мейірімді бoлaмын!

Балалар шеңбер құрып бір-бірімен амандасады.

(қолдарын көтереді)

(қолдарын кеуделеріне қояды)

(қасындағы балаға қарайды)


Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезеңі


Балалар бүгін мен балабақшаға келе жатып мына сиқырлы қорапшаны тауып алдым, келіңдер көрейікші мұнда не бар екен, көрейікші.

Тәрбиеші: Балалар бұл дискте не болу мүмкін?

Т: Олай болса мына дискіні біздің DVD-ға салып көрейік, ішінде бізге қандай тосын сый бар екен.

(Дискіні қосып ішінен «Қара жорға» биін билеп жатқан балаларды көреміз).

Т: Балалар, мен сендерге осы бидің шығу тарихы жайлы қысқаша айтып берейін, сендер тыңдаңдар.

«Қаражорға» — қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бiрi. Баязы заманда, ас-тойларда, ат шаптырып, көкпар тартқызып, жорға жарыстыр­ған. Қай заман екенiн кiм бiлсiн, бiр байдың бәйгеде ешкiмге жүлде ұстатпайтын тайпалған керемет қаражорға аты болыпты. Күн­дердiң-күнiнде байдың жалғыз қызына бiреу құда түсiп келедi. Сонда қыз әкесiне: «Әке, қалыңмалымның өтеуi болсын, маған қаражорғаны бер», — дейдi қиылып. Жорғасын берейiн десе, қимайды. Бермейiн десе, жал­ғыз қызы. Ақырында бай ойлана келе, қаражорғаны қызының қалыңмалының өтеуiне бермек болады. Ол кезде байлар қызын сән-салтанатымен ұзатқан ғой. Қызы кетiп бара жатқанда бай былай дептi: «Қызым, қара жорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», — деп өтiнiш айтыпты. Сөйтiп, қаражорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Сол кезде қаражорға ат су тө­гiлмес жорғасына сала жөне­ле­дi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай әсер қалдырады. Осыны көрген бiр биші «Қара жорға» биін шығарған.  

(есікті біреу қағады да топқа бір ұл мен қыз қонаққа келеді).

Қыз: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бізді сендерге Алдар ата жіберді, «Қара жорға» биін сендерге үйретсін деп, өйткені әр қазақтың баласы осы биді билей алу керек деп. Өйткені балабақшалардағы кішкентай бүлдіршіндерден бастап ата-әжелерімізге дейін «Қара жорға» биін билеу дәстүрге айналып барады.

-Бидің денсаулыққа тигізер әсері де мол, әр қозғалысының өз мәні бар және дене шынықтыруға пайдасы мол.

-Бұл биді билеген баланың бүкіл сүйегі қимылдайды:иық, табан, тізе буындары, сүйек буындары өте жақсы жұмыс жасайды, яғни денемізді шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл, жанымызға жағымды, тәнге пайдалы. Бәрінің де әдемі және дендері сау болғылары келеді. Оны билеген балалар өздерін сергек сезініп, өмірге деген қызығушылығы, ынтасы артады. Биге жүйелі дайындық – денсаулыққа нағыз жол – деп айтатын ата-әжелеріміз.

Т: Балалар, олай болса үйренейік, осы биді билесек буындарымызға қан жүріп, денеміз шынығады.Өйткені, «Қара жорға» би ғана емес, дене шынықтырудың бір түрі.

Ұл мен Қыз: Олай болса бастайық , алдыменен бейне таспаны тағы да қосып ,әуенмен билеп көрейік.

Алдыменен денемізді қыздырып алайық, ол үшін мына жаттығуларды орындайық:

  • Шеңберді айналу кезінде тіземізді көтеріп жүру.

  • Табанның ішкі жағымен жүру,

  • «Тырна» жүріс, аяқтың ұшымен,

  • Табанымыздың сыртқы жағымен жүру,

  • Ақырын жүрісті, жүгіріске айналдыру.

  • Шеңберді айнала жүгіру.

  • «Жыланша» жүгіріс.

  • Жүгіруді жүріске айналдыру.

Енді балалар биімізді бастайық.:

  • Саусақты майыстыра билеу,

  • Иықпен қозғалыс, артқа шегіну.

  • Қол мен аяқ үйлесе отырып алдыға, содан кейін артқа шегіну.

  • Тізерлеп отыру, денемізді қозғалта отырып, алдыға содан кейін, артқа шегіне отырып орнымыздан тұру.

  • Шеңберді айналып жүре билеу.

Енді әуеннің сүйемелімен билеп көрейік, ең бастысы әр буынымыз, сүйегіміз қозғалса болды.

Бишілер: Балалар бұл би өте тез жатталады және әсерлі би шығады.

Тәрбиеші: Рахмет, сендерге балалар. Енді біз сендермен бірге ойын ойнайық.

Ойын: - «Орамал тастамақ».

Бишілер: Балалар сау болыңдар, біздің қайтатын уақытымыз да болды. Бізді басқа топтың балалары да күтіп отыр. (Бишілер топтан шығып кетеді).

Тәрбиеші: Балалар сендерге би билеу ұнады ма?

– ия.

Балалар, мына сиқырлы қорапшаның ішінде тағы да хат жатыр екен, оқып көрейік, ол да бізге жіберілген тапсырма шығар. Конвертты ашып хатты оқиды.

Сәлем хат.

Құрметті менің кішкентай достарым, қалдарын қалай, менің жіберген дискімді көрдіңдер ме?Ал, менің кішкентай достарым барды ма, оларды менің сендерге жіберген тосын сыйым, сендердің түрлі тәсілдермен сауықтырылып жатқандарыңды естіп «Қара жорға» биі сендердің денсаулықтарының жақсаруына септігін тигізер деп жіберген едім. Өйткені , бұл биді билеген балалардың бүкіл сүйегі, буыны қимылдайды, денелеріне қан жүріп, денелерін шынығады, яғни денені шынықтыру үшін таптырмайтын тәсіл. Бұл биді үйренген бала өзін сергек ұстайды, бұл би жанға жағымды, тәнге пайдалы.

Балалар менің сендерге өтінішім бар, маған бір тұлпардың суретін өз қолдарымен салып беріп жіберсеңдер. Менің кішкентай ғана сурет галереям бар, онда мен түрлі тұлпарлардың, бейнелерін, ойыншықтарын жинаймын. Өйткені маған жылқы малы тәніме жақын.

Сәлеммен Алдар аталарын.



























Тәрбиеші: Балалар, мына салынған

тұлпарды қағаз сүлгіні бүктеу,

мыжғырлау арқылы , алақанмен дөңгелетіп суретке желім арқылы жабыстырып, қара бояумен бояп әрлендірейік.


Балалар қорапшаны ашып ішінен диск тауып алады.



Кино, мультфильм, өлен, туған күн кешінің видеосы болар.





Балалар тәрбиешінің «Қара жорға» биінің шығу тарихы туралы айтқан әңгімесін мұқият отырып тыңдайды



































балалар қонақтармен амандасады





қонақтарға сұрақтар қояды:



-бидің денсаулыққа қандай әсер тигізеді?

Би денеміздің қандай буындарына әсер етеді?





















Балалар алдыменен жаттығу жасап денелерін қыздырып алады .

















Балалар бишілердің қозғалысын қайталайды.

















Балалар бишілермен бірге ойынды ойнайды.

Қонақтармен қоштасады









Хаттың мазмұнын тыңдайды

























Қағаз сүлгілерді бүктеп , мыжғырлап, желіммен жылқыға жапсырады.



Балалар тұлпарды

жасап үлкен

конвертке салып

Алдар атаға жібереді


Рефлексиялық – түзетушілік кезеңі




Осымен балалар біздің сабағымыз аяқталуына жақын қалды,

сабақ соңында бір-бірімізге

жақсы тілектер айтып сабағымызды қорытындылайық

. Балалар бір-біріне ойыншық тұлпарды беру арқылы тілектер айтады:

- Деніміз сау болсын!

- Биді билеп денемізді шынықтырып жүрейік!

- Қолымызды түрлі тәсілдермен

(бүктеу, жырту, мыжғырлау)

арқылы шынықтырып жүрейік!

- Дені сау, саламатты бала болып жүре берейік!



Күтілетін нәтиже:

Біледі: би билеу арқылы дене сымбатының дұрыс қалыптасуы, жаттығулар арқылы тыныс алуының жақсаруы, сүйектері мен бұлшық еттері нығаятынын .

Меңгереді: Қазақ биінің билеу тәсілдерімен танысып, биді ести отырып, оның мінезін жеткізуді меңгерді.

Жасай алады: қағазды мыжу,жырту, бүктеп тұлпардың бейнесін жасайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі