Тақырып бойынша 11 материал табылды

Би марафоны

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға өнердің қыр-сырын ұғындырып, дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Би өнеріне деген шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерді құрметтеу, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, шапшаңдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы






















Shape1























Би марафоны

Мақсаты: оқушыларға өнердің қыр-сырын ұғындырып, дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Би өнеріне деген шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өнерді құрметтеу, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін дамыту, жылдам шешім қабылдауға, ойларын жинақтап, шапшаңдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар сайысымызға қатысушы жас өркен!

Мектебімізде құрылған «Еркемай» би тобының ашылу салтанатымен бүгінгі 5-9 сынып оқушылар арасындағы би марафоны сайысына қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Ақ көңілмен, ниетпен,
Әділ баға берсін деп,
Шаршамай еш жалықпай,
Айтқанына көндік деп,
Әділқазы алқасын сайлап алған жөн болар

1.Мектеп директоры:____________________________________

2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: ______________________________

3. _________________________

1-жүргізуші: Асыл іс көп халықта,
Іле жүрсең құлаққа.
Ізденген жетер мұратқа,
Ізденуден жалықпа – демекші, ортаға бүгінгі би сайысына қатысушы өнерпаздарымызды шақырып, жеребе арқылы бірінші болып өнер көрсететін қыздарымызды анықтаймыз.

2-жүргізуші: Ендігі кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік

Өнерпаздар жырау аттай баптасын,

Халқымыздың асыл мұрасын сақтасын.

Өнерімен танылып бүлдіршіндер,

Ел сенімін еңбекпенен ақтасын,-деп сайыстың түрлерімен таныстырып өтейік.

  1. Ұлттық би

  2. Өзге ұлт биі

  3. Флешмоб

1-жүргізуші: Жалын болып жанайық,
Әсем әнге салайық.
Сайыскерлер күтіп тұр
Соларменен бір танысып алайық!

Мектебіміздің биші қыздарымыз бен ұлдарымызды таныстырып өтейік.

1.

2.

3.

4.

5.

2-жүргізуші: Өнер десе өртеніп жанып тұрар,

Сусындап сол өнерді ұанып тұрар.

Сегіз қырлы, бір сырлы сайыскерлер,

Кезі келді қыздарымыздың өнерін тамашалайық

Әділқазылар алқасынан таныстырудың бағасын сұраймыз.

1-жүргізуші: Шеберлікте шек жоқ,

Жалқаулыққа жол жоқ.

Өнерлінің қолынан,

Тамып тұрған бал көп - дей келе кезекті «Өзге ұлт биіне» береміз.

2-жүргізуші: Білектең арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін- сайысымыздың соңғы туры флешмобқа береміз.

1-жүргізуші: Әділқазыларымыз дайын болғанша кезекті әсем әнге береміз.

Ән:

2-жүргізуші: Кімдер шебер, кім іскер білейікші,

Өнерлісі деп мектептің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Сайыскерлерге сәттілік тілейікші, - дей келе бүгінгі сайыста әділ бағасын берген әділқазылар алқасына сөз беріп, сайысымыздың жеңімпазы атанған топты анықтайық. Женген топты марапаттау.

Ән:

2-жүргізуші: Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің өрлей берсін қайыспаңдар.

Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,

1-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат-шадымен болыңыздар.

Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламат болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2065
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12