Материалдар / Би өнері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Би өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Би туралы қысқаша конспект
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2023
286
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ақтөбе қаласы

51 гимназия

Құрметжанқызы А.


Би өнері

Би өнерінің тарихы ежелден бастау алады. Оны біздің дәуірімізге дейінгі  VI-VIII ғасырларда тас бетіне өрнектелген алғашқы суреттерден байқауға болады. Әлемде бидің жүздеген түрі бар. Жыл сайын би өнеріне қызығатын адамдар қатары да артып келеді. 29 сәуірде халықаралық би күні атап өтіледі. Бүгін сіздерге би өнерінің тарихын таныстырып, қызық деректерді айтпақшымын.

Бастапқыда би өнері көңіл көтеру немесе мәдени үлгінің негізі болған жоқ. Бұл адамдармен қарым-қатынас құралы, өзін өзі таныстыру, тіпті көтеріліс сипаты болған. Ежелде адамдар өміріндегі маңызды жайттарды (соғыс, махаббат, аңшылық т.б.) би рәсімі арқылы көрсеткен. Жануарлардың қимылын көшіру арқылы билеген. Би сюжеті құдайға табынудан басталып, аңшылық не соғыс алдында рухты көтеру мақсатында құрылған. 

Тастарда бейнеленген би өнері

Тайпаларда би адамды басқару құралы ретінде пайдаланған. Оған бақсылар мен африкалық билерді алуға болады. Музыкалық аспап (ұрғыш, барабандар) ырғағына сәйкес би қимылдары баяудан жылдамға өте бастайды. Солайша рәсімге қатысып отырған адамдардың назарын өзіне еріксіз аударатын болған.

Африкалық би

Адамзат дамуымен бірге би өнері де жетіле түсті. Қоғам мен мәдениеттің қалыптасуы бидің түпкі мәніне әсер етті. Ол енді өз концепциясы бар, мән мен сәннің үндестігіне айналды.

Бидің түрлі мәдениетте дамуы

Әрбір мәдениетте би өнері өзіндік мәні болып, оның қолданыс аясы қалыптаса бастады. Жапония мен қытай хореографиясы көркемдігімен, ырғағымен ерекшеленді. Әрбір қимылдың өзіндік мағынасы болды, оларды иероглифтердің бейнеленуі ретінде қабылдауға болады. Еуропада бидің композициясы болды, қимыл ансамбль қозғалысының үйлесімінен тұрды. Үнді би өнері көңіл-күй мен түрлі сезімді көрсете білді. Сонымен қатар үнді билері ең көне би өнеріне жатады. 

Заманауи хореография

Заманауи хореография тарихы 50-жылдардағы рок-н-роллдан басталды. Бидің бұл түрі қоғамға айтарлықтай өзгеріс алып келді. Би ғана емес, сән, адамдардың араласуы, тіпті жастардың құндылықтары өзгерді. Рок-н-ролл еуропалық және африкалық сарынның бірігуінен жасалса, би қимылдарында агрессия, қимылдардың жылдам әрі ыңғайсыз болуы байқалды. Бұл би түрі заманауи бидің бірнеше стилінің қалыптасуына себеп болды. 

Би өнері туралы деректер

Сальса биін билеу ер адамға қарағанда қыз баласына қиынырақ. Өйткені ер адам ылғи қимылды өлең ырғағына және өз талғамына қарай өзгертіп отырады. Ал әйел адам өз серігінің қимылына ілесе отырып, оны үйлесімдіктен айырмауы тиіс.  

2. Нағыз "жауынгер биі" деп Бразилиялық капоэйраны атауға болады. Капоэйра алғашында әскери өнер ретінде қалыптасқан. Кейін оларға жаттығуға тыйым салынған. Соған қарамастан олар оны би өнері деп таныстырып, музыкалық ырғақ негізінде жаттығуды жалғастыра берген. 

3. Гиннесс рекордтар кітабына енген ең ұзақ би 123 сағат 15 минутқа созылған. Биші — Үндістандық Каламандалам Хемаленте. 2011 жылы жасалған бұл рекордты әлі ешкім жаңарта қоймады. 

4. Алғашқы адамдар от жағалай секіріп жүріп билеген. Бұл – ежелгі би өнері. Ал қайта өрлеу дәуірінде би өнері сол күні ұсынылған тамақ менюімен тығыз байланысты болған. Олардың қандай тағам түрін қалайтынын биіне қарап аңғарған.

5. Әлемге белгілі италиялық би тарантелла бүйелер қаптаған аймақта пайда болған. Жергілікті тұрғындар бүйе шаққан адам бұл биді билесе ғана аман қалады деп сенген. Шынымен биден соң өлген адам болмаған. Себебі би емес, сол аймақты мекендеген бүйенің улы болмауы.  

6. Бимен хобби ретінде айналыссаңыз, ол айтарлықтай қауіпті болмауы мүмкін. Бірақ кәсіби мамандар жиі жарақат алады. Оның үстіне ағзаға үлкен күш түсетіндіктен олар 35-36 жаста "зейнетке"шығады.  

7. Әр мемлекеттің өзіне ғана тән қызық би түрі бар. Мысалы Перуде үлкен қайшымен билейді. Бұл би 400 жылдан астам уақыт өтсе де, әлі күнге дейін танымал. Ал Шығыс Азия мемлекеттерінде "мың қол" би өнері танымал. Бұл биді жиырма бір қыз билейді. Бір қатарда тұрып, тек қолын қимылдатқан кезде тек бір адам билеп тұрғандай әсер қалдырады. Біздің елімізде ең танымал би – "Аққу". Қыздың сұлу мүсіні мен би қимылы аққу құсының әсемдігін айқындай түседі. 

8. Құштарлыққа толы би түрі – танго. "Танго отаны" атану үшін Аргентина мен Уругвай елі әлі де келісімге келе алмай жүр. Тангоны махаббат биі деп те атайды.

9. Би мұражайын көргіңіз келсе Стокгольмге барыңыз. Көрермендерге өз есігін 1953 жылы ашқан.

10. Грекиядағы ең танымал би түрі — сиртактар. Би өнері 1964 жылы "Грек Зорба" фильмінің түсірілімінде пайда болған. Оны америкалық актер Энтони Куин ойлап тапқан.

Қандай би түрлері спорттық би қатарына кіреді?



Cпорттық бал билері екі бағытқа жіктелген: "стандарт" және "латина”. Стандарт бал биіне баяу вальс, фокстрот, квикстеп, вена вальсі мен танго жатады. Ал латинаға джайв, ча-ча-ча, самба, румба мен пасадобль кіреді. 

Бал биін билеуге бала кезден бастап дағдылану керек. Егер бұл мүмкіндікті жіберіп алсаңыз не ұнамаса, онда заманауи спорттық би түрлерін таңдасаңыз болады. Мысалы джаз-фанк, хип-хоп, брейк-данс пен стрип-дэнс те спорт түрлеріне жатады. Сонымен қатар, контемпорариді де қатарға қоса аласыз. Контемпорариде белгілі бір құрылым жоқ, биші музыканы қалай сезеді солай билей алады.  

Билеу арқылы тек шынығып қана қоймай, иммунитетті күшейтіп, бұлшық етті қатайтуға болады. Олар өзін әрдайым тік ұстайды, сонымен қатар шыдамды келеді. Сіздің жаныңызға жақын би түрі қандай?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!