Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бидай мен Қаңбақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Әдіскер: Қалиева С.С.

Мектеп мұғалімі:


Баға:


Сабақтың тақырыбы: Әдебиеттік оқу

«Бидай мен қаңбақ»

Асқар Тоқмағамбетов

Мұғалімнің аты-жөні: Амантаева Г.А.

Күні: 26.04.2018

СЫНЫП:3«Б»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

2.2.1.1 - мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, мәнерлеп оқу;

2.3.2.1*- мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер, жұмбақтар жазу;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Сабақтың жоспары

уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Амандасу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Психологиялық ахуал.

Егістікте болдың ба?

Жұмбақ жасыру:

1. Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар.

2. Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


Жаңа білім

10 минут






Балалар , өздерің шешкен жұмбақтың жауаптарына сай біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Бидай мен қаңбақ» мысалы. Мысалдың авторы Асқар Тоқмағанбетов (1905-1983). Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінде сатиралық поэзияның негізін қалаушы және дамытушылардың бірі болды.

Мағынаны ашу

Мысал – адам бойындағы әр түрлі мінез – құлықтарды жануарлар, өсімдіктер, құстар арқылы бейнелеп көрсету.

Бидай – дәнді дақыл. Ол егістікте өседі. Одан ұн тартады. Ұннан әр түрлі тағамдар дайындайды, сабанын мал жейді.

Қаңбақ – жабайы өсімдік. Оның тамыры топыраққа әлсіз бекиді. Оны мал жемейді, отқа да жақпайды. Қаңбақ желмен жарысып көшіп жүреді.

Мәтінмен жұмыс. Мұғалімнің оқуы, тізбектей оқу, рөлге бөліп оқу.

1. Мәтін бойынша сұрақтар.

А) Өлеңде не жайлы айтылған ?

Ә) Ақын не айтпақшы болды?

Б) Бидайды қандай адамға теңейді?

В) Қаңбақты қандай адамға теңейді?

2. Мысал кейіпкерлері Қаңбақ пен Бидайға мінездеме беру

3. Шығармашылық тапсырма.

1-топ Мысал өлең жолдарын пайдалана отырып бидай мен қаңбақ туралы жұмбақ құрастыру.

2- топ Бидайдың қандай пайдасы бар?

3- топ Нанға байланысты тыйым сөздер жинастыру.

4. Венн диаграммасын құру.

5. «Синкуейн»

- Не? – Бидай.

- Қандай? – Сары, пайдалы.

- Не істейді? – Піседі, жайқалады.

Сөйлем. – Бидайдан ұн тартылады.

Негізгі ой. – Дақыл.

Жеке оқушылармен жұмыстар.


Сабақты бекіту

7 минут

Ой қозғау

Мысалда адам бойындағы қасиеттер бейнеленетін болса, осы мысалдан қандай қорытынды шығаруға болады?

- Қаңбақтың бойындағы қасиеттер ұнады ма?

- Мысалдағы негізгі ой қай жерде айтылған?

- Өздерің қандай қорытынды жасар едіңдер?

1.Қаңбақ бидайға не деп тіл қатты?

2. Қаңбақ бидайдан қандай жауап алды?

3. «Уф» десе ұшасың «Суф» десе қонасың дегенді қалай түсінесің?



Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Белсенді қатысқан оқушыларға бағалар қойылады.

Сабақ ұнаса Саусағымызды «жоғары» ал ұнамаса «төмен» көтереміз.


Үйге тапсырма: Мысалды рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Бидай мен қаңбақтың суретін салу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.11.2018
4608
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12