Алматы
облысы
Көксу
ауданы
№12 орта мектебі
КММ
7- сынып жетекші
:Б.С.Нургалиева
Сабақтың тақырыбы:Биғайша
Құндақбаеваның өмірбаяны
Мақсаты:Б.Құндақбаеваның өмірі мен
еңбегін ұрпаққа таныту, ерлігін дәріптеу
Сабақ
барысы:
1-оқушы:
І
. Биғайша Құндақбаеваның дүниеге
келуі:
Биғайша Құндақбаева 1920 жылы
Алматы облысы, Қаратал ауданындағы Киров ауылында дүниеге келген.
Ата-анасынан ерте айырылған жақын адамдары Биғайшаны Үштөбе балалар
үйіне өткізген, соңынан Есік балалар үйіне
ауыстырылған.
1939 жылы орта мектепті
бітіріп, Алматы медициналық институтына түседі. 1942 жылы өз
құрбы-құрдастарымен бірге комсомол жастар облыстық әскери
комиссариатқа өз еркімен майданға сұранып, арыз берді. Арыз
қабылданды.
Мемлекет қайраткері,
республикамыздың бұрынғы шет елдермен байланыс қоғамның
председателі Роза Шамжанова, Алматы қаласынан Салима Махмұтова,
Жамбыл қаласынан Зұлиха Аусабаевалармен бірге майданға аттанды.
Түркменияның Красноводск қаласында 33-ші дара байланыс ротасында
болды. Осында үйрену-жаттығу оқуын 1 жылдай оқытты. Содан кейін
2-ші Беларусь майданына аттанды. Майдан басшысы сол кезде
К.К.Рокоссовский еді. Дәрігер боламын деп жүрген қыз осылайша
мойнына автомат салып, иығына байланыс аппарат көтеріп, көзіне
бинокль салып, жау қай жақтан көрінеді деп, солдат болып шыға
келді. Командир өзінің майдангерлерінің арасында абыройсыз болған
жоқ. Соғыс жылдарында командирдің бұйрығы бойынша КПСС мүшелігіне
өтті. Көптеген алғыстарға ие болды. Сарыла жүріп, зарыға күткен
жеңіс те жетті. 1945 жылдың күзінде елге
оралды.
2-оқушы:
ІІ.Сіңірген еңбегі мен
наградалары:
Биғайша Құндақбаева 1946-1978
жылдар арасында жерлесіміз 28 гвардияшы Панфилов дивизиясының
құрамында болған Совет Одағының батыры Мұсабек Сеңгірбаева атындағы
орта мектепте мұғалім болып істеді. Осы мектепте 30 жылға жуық
еңбек етті. Осы жылдардың ішінде тәрбиелеген ұрпақтары аз емес.
Республикамыздың түкпір-түкпірінде әртүрлі мамандықпен жұмыс істеп
жүр.
Сіңірген еңбегі бағаланып
«Ағарту ісінің озаты» значогымен наградталды. Облыстық оқу бөлімі
мен облкомпрофсоюздан, аудандық ағарту бөлімінен, кәсіпкерлер
одағынан алған награда, грамота, алғыстары
бар.
Сонымен
қатар:
-
1945 жылғы 20-маусымда «СССР
Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен» ефрейтор әскери атағымен
елге оралды
-
1948 жылы «1941-45 жылдардағы
Отан соғысындағы Германияны жеңу»
медалімен
-
1961 жылы «Ардақты ана»
медалімен
-
1965 жылы 7-мамырда « 1941-45
ж. Отан соғысы жеңісінің 20 жылдығына»
-
1967 жылы 26-желтоқсанда «СССР
қарулы күштерінің 50 жылдығына»
-
1975 жылы 25-сәуірде «1941-45
ж. Отан соғысы жеңісінің 30 жылдығына»
-
1977 жылы 22-ақпанда «Еңбек
ардагері» медалімен
-
1978 жылы 28-қаңтарда «СССР
қарулы күштеріне 60 жыл» медалімен
-
1985 жылы 11-наурызда «Отан
соғысының ІІ дәрежелі» орденімен
-
Қазақстан Республикасы
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары
кеңесінің 1995 жылы 26-мамырдағы шешіміне сәйкес Кеңес Одағының
Маршалы Г.К.Жуков медалімен наградталды.
3-оқушы.Г.Сарыбаеваның
Естелігі газет қиындысынан оқу:

4.Өмірден
өтуі:
1997 жылы 29-наурызда Көксу
ауданы, Бостоған ауылында дүниеден өтті.
Қорытындылау : Қазірде Биғайша
Құндақбаева атымен №1 мектеп аты берілген. Бұл кісінің ерең еңбегі
үшін еске алу үшін
бір минуттық үнсіздік
жариялайық.
