400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Биік ғимараттар

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды Елорданың әсем және биік ғимараттарымен таныстыру. Елорда туралы білімдерін кеңейту.Мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы Атакент кенті

«Мақтарал» мектеп-гимназиясы мемлекеттік мекемесі











Биік ғимараттар









Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:

Тағаева А.Т.





2016-2017 оқу жылы





Бекітемін

«Мақтарал » мектеп-гимназиясының

директоры: _________А.Б.Жолдасов




4 - сынып

Пән: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Биік ғимарат.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Елорданың әсем және биік ғимараттарымен танысу. Елорда туралы білімдерін кеңейту.Мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Дамытушылық:Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік:еліміздің көрікті жерлеріне деген қызығушылықтарын арттыру,бір-біріне көмек беруге, топта жұмыс жасауға баулу.

Күтілетін  нәтиже:Астана қаласының биік және әсем ғимараттары туралы әңгімелей алады.

Сөздерді біледі, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айта алады.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, үлестірмелі карточкалар, стикерлер.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, оқу, аудару, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, талдау.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару.

1.Психологиялық дайындық:

(Оқушылар шеңберде тұрып,бір-біріне жақсы тілектер тілейді)

-Балалар, қабақ түйген не керек?

Бір–бірімізге күлімдеп,

Жақсы сөздер айтайық.

-Кел, қасыма тұр сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сабағымыз сәтті өтсін.

2. Балалар, бір-бірлерімізге сұрақ қойып,жауап берейік.

- Қазір қай жыл мезгілі?

- Қыс айлары қандай?

- Қыста ауа райы қандай?

- Сен қай Республикадатұрасың?

- Қазақстан қандай мемлекет?

- Қазақстанның жері қандай?

- Қазақстанның Елбасы кім?

- Қазақстанның қандай рәміздері бар?

- Қазақстанның елордасы қай қала?

- Сен қай қалада тұрасың?


3. Топқа бөлу: Бәйтерек, Пирамида сурет парақшалары бойынша екі топқа бөлінеді


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге қандай тапсырма берілді?

Мақал-мәтелдерді жатқа тексеру.

Екі топқа мақал-мәтелдерді тақырыптар бойынша бөліп тексеру.( Еңбек, Отан)

Балалар өткен сабақта біз сендермен қандай тақырыптар өттік?


ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа сабақтың мақсатын айту.

Балалар, сендерге саяхатқа шығу ұнай ма? ...

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен, мақсатымен танысайық. Сабағымыздың тақырыбы «Астанадағы биік ғимараттармен танысайық» Елордамызға саяхатқа шығамыз.Астана қаласының әсем және биік ғимараттарымен танысып,білімдеріңді кеңейтесіңдер. Сабағымыз саяхат болғандықтан бірнеше аялдамаға тоқтаймыз.Әр аялдамада ауызша, жазбаша түрлі тапсырмалар орындайсыңдар.

- Ал енді балалар, саяхатқа шығу үшін біз назарымызды слайдқа салайық? ....

- Дұрыс, ендеше мен сендерді Астана қаласының биік ғимараттарымен таныстырайын.

1.Таныстырылым (слайд көрсету) 1. «Астана» 2. «Бәйтерек» 3. «Пирамида» 4. «Ақ Орда» 5.«Думан»

Таныстырылым бойынша Асық ойынымен сұрақ-жауап жүргіземіз

Балалар слайдтан не көрдіңдер?

Астана қаламыз қандай? Көшелері қандай? Астана қаласында нелер бар? Қандай биік ғимараттар бар? Балалар, есімізге түсірейікші. Қазақ тарихында неше астана болды?

Оларды атап шығайық. (Орынбор қаласы, Қызылорда қаласы, Алматы қаласы,Ақмола қаласы)Астана Қазақстанның нешінші астанасы болды?Астана қаласының бұрынғы атауы қалай аталды? Ақмола атауы Астана болып қай жылы өзгертілді?

2) Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздермен танысамыз.Алдымен жаңа сөздерді тыңдайды.Содан кейін тізбектеп оқиды және сөз тіркесін және сөйлемдер құрайды, грамматикалық тапсырма орындайды.

Көрікті – красивый

Ғимарат – здание

Салынды – был построен

Сәулетші – архитектор

Ғажайып – чудесный,прекрасный

Келісім – согласие

Сарай – дворец

Биік – высокий


1-топ. Сөз тіркесін құрастырыңдар.

2-топ. Сөздерден сөйлемдер құрастырыңдар.


3. Дәптермен жұмыс

Тапсырма. Мәтінмен жұмыс тапсырмасын ұсынып отыр.

1-топ. Мәтіндегі 1-ші абзацты оқып аудару.

2-топ. Мәтіндегі 2-ші абзацты оқып аудару


Астана – көрікті қала. Бұл биік ғимарат «Астана Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана-Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. Сәулетшісі -Норман Фостер. Бәйтеректің биіктігі -97 метр.

«Астана – Бәйтерек» монументі – биік және әдемі ғимарат. Бәйтерек - Астананың символы.

Астанада ғажайып ғимарат бар. Ол Пирамидаға ұқсайды.Бұл ғимарт «Бейбітшілік және келісім сарайы» деп аталады. Ол 2006 жылы салынды. Оның биіктігі 62 метр. Сәулетшісі-Норман Фостер.

«Бейбітшілік және келісім сарайы» – биік және әдемі ғимарат.


4.Сөзжұмбақ шешу


1-топ.АСТАНА

2-топ. ОТАН


Сергіту сәті: «Көңілді күн»


5.Тақтамен жұмыс

Бәйтерек, Пирамида сөздерін септеу.

1-топ. Бәйтерек

2-топ. Пирамида


Бекіту: - Балалар, осымен сабағымыз аяқталды.

- Сабақ сендерге ұнады ма?

- Тапсырмалар ұнады ма?

- Астана қаласына барғыларың келе ме?

-Астанада қандай биік ғимараттар бар? Оларды ата?

- Мүмкіндік болса мектеп оқушыларымен бірге немесе ата-аналарыңмен барып өз көздеріңмен көріп келуге болады.


Рефлексия. Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

-Сіздердің алдында стикерлер жатыр.

Жасыл түс-бүгінгі сабақты түсіндім, көңілім толды.

Сары түс- бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті, қызықты болды.

Қызыл түс-сабақты түсінбедім.


Үйге тапсырма беру: «Бәйтерек» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.


Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
634
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі