Материалдар / Биік таулы өлкелер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биік таулы өлкелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Қазақстанның биік тау белдеулерінің өзіндік ерекшеліктері жайлы біледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Пәні: География

Сынып: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

§18. Биік таулы өлкелер.

Сілтеме

8 сынып оқулығы, Қазақстанның физикалық картасы,атлас, кескін карта.

Мұғалімге арналған нұсқаулық ( 2014 ж)

Асхат Әлімов оқулығы.

Жалпы мақсаттары

Оқушылар Қазақстанның биік тау белдеулерінің өзіндік ерекшеліктері жайлы біледі.

Негізгі мақсаттары

Топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Өзіндік жұмыстарды тез орындауға үйрету.

Өзін-өзі,бір-бірін бағалай алуға үйрету.

Оқу нәтижелері


Оқушылардың топпен жұмыс жасауда жауапкершілігі қалыптасады.

Өзін-өзі, топты бағалай алады.

Тапсырмаларды орындауда белсенділіктері қалыптасады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысы дамиды.

Биік таулы өлкелер жайында біледі.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасы : « Өзіңе тілегенді, басқаларға тілеңіз» арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтады.

Топқа бөлу: «Құпия қалташа» арқылы топқа бөлемін.Қалташада тақырыпқа байланысты сөздер жасырылған.

Iтоп-Алтай

IIтоп- Сауыр-Тарбағатай

IIIтоп- Тянь-Шань

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: « Ыстық орындық» арқылы сұраймын.

1.Аласа тауларға қандай таулар жатады?

2. Каспий теңізінің Маңғыстау түбегінде қандай тау орналасқан?

3. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмашылығы неде?

4. Сарыарқаның ең биік тауларын атап картадан көрсет?

5.Орталық Қазақстанның көп бөлігін алып жатқан тау?

III. Жаңа сабақ:

Таулар тақырыбына байланысты көрсетілім көрсетіледі және жұмбақ шешеді.

1.Үлкен-үлкен түйені,

Тастапты адам шегеріп.

Өркеші бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп (Тау)

2. Аппақ қудай басы бар,

Сан ғасырлық жасы бар (Тау)

«Ойлан, жұптас, пікірлес » тәсілі бойынша мәтінмен жұмыс.

Кескін картамен жұмыс (жеке жұмыс) атлас 5-6 бет, кескін картада 22 бет.

Сәйкестендіру тесті

  1. Оңтүстік Алтай

  2. Қалба жотасы

  3. Сауыр жотасы

  4. Тарбағатай

  5. Жоңғар Алатауының солтүстігі

  6. Орталық Тянь-Шань

  7. Кетпен жотасы

  8. Күнгей Алатауы

  9. Іле Алатауы

  10. Жоңғар Алатауының оңтүстігі

А) Мұзтау (3816м)

Ә) Бесбақан (4622м)

Б) Сарышоқы (1606м)

В) Мұзтау (4506м)

Г) Хан-Тәңірі шыңы (6995м)

Ғ) Тастау (2992м)

Д) Тышқантау (4359м)

Е) Талғар шыңы (4979м)

Ж) Небесная тауы (3652м)

З) Иманбұлақ (4647м)

 

Жауабы: 1в, 2б, 3а, 4ғ, 5ә, 6г, 7ж, 8з, 9е, 10д

Сергіту сәті: «Атомдар мен молекулалар» жағымды психологиялық ахуал туғыза отырып топқа бөлу.

Мазмұнды сызбамен жұмыс (топпен жұмыс).

Iтоп-Алтай

IIтоп- Сауыр-Тарбағатай

IIIтоп- Тянь-Шань

IV. Жаңа сабақты бекіту:Топтағы оқушыларға карточка беру:

1-карточка сұрағы

Орталық Қазақстан жерінің көп жерін алып жатыр. Қазақстан жеріндегі ең ежелгі, мүжілген аласа таулы өлке. (Сарыарқа)

2-карточка сұрағы

Жер бедерінң ерекшелігіне қарай 3 ауданға бөлінген. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке. (Алтай)

3-карточка сұрағы

Бұл таудың жер бедерінің қалыптасуына ертедегі және осы күнгі мұз басулар қатты ықпал жасаған. Каледон мен герцин тау түзілу кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштердің әсерінен мүжіліп, алапсарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. (Жоңғар Алатауы)

4-карточка сұрағы

Жер бедерінің қалыптасуына ерте заманғы мұз басу, ағын судың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Негізгі құрылымы жоғары палеозойда герцин қатпарлануы негізінде қалыптасқан. Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген, қатпарланған таулы өлке.(Сауыр-Тарбағатай)

5-карточка сұрағы

Тауларының жер бедері біркелкі емес. Негізгі жер бедері неоген мен палеоген дәуіріндегі тау көтерілу тұсында жетілген. Кей жерлерінде әлі де тау көтерілу процесі жүріп жатыр. (Тянь-Шань)

V. Қортынды: Серпілген сұрақтар” арқылы сұраймын.


VI.Үйден біліп келуге: §18. Биік таулы өлкелер. Кескін картаны аяқтау.





VII. Бағалау: Критерилер бойынша.

Сыныбы: Топ:

Критерилер

Дискрипторлар

Топ мүшелерінің аты-жоні:






Тақырыпты түсінуі

Мазмұндауы







Өз ойын еркін жеткізуі






Түсінгенін сабақта қолдануы

Постер сызуда белсене қатысуы







Картадан анықтауы







Кескін картаға түсіруі






Кері байланыс.

































Сыныбы: Топ:

Критерилер

Дискрипторлар

Топ мүшелерінің аты-жоні:






Тақырыпты түсінуі

Мазмұндауы







Өз ойын еркін жеткізуі






Түсінгенін сабақта қолдануы

Постер сызуда белсене қатысуы







Картадан анықтауы







Кескін картаға түсіруі








Сыныбы: Топ:

Критерилер

Дискрипторлар

Топ мүшелерінің аты-жоні:






Тақырыпты түсінуі

Мазмұндауы







Өз ойын еркін жеткізуі






Түсінгенін сабақта қолдануы

Постер сызуда белсене қатысуы







Картадан анықтауы







Кескін картаға түсіруі








Сыныбы: Топ:

Критерилер

Дискрипторлар

Топ мүшелерінің аты-жоні:






Тақырыпты түсінуі

Мазмұндауы







Өз ойын еркін жеткізуі






Түсінгенін сабақта қолдануы

Постер сызуда белсене қатысуы







Картадан анықтауы







Кескін картаға түсіруі






АShape3 Shape2 Shape1

Сауыр-Тарбағатай



Алтай



Алтай

лтай






Shape4

Сауыр-Тарбағатай



Shape6 Shape5

Тянь-Шань



Тянь-Шань










Shape7



Тянь-Шань





Shape8

Сауыр-Тарбағатай




Shape9

Алтай




Shape10

Сауыр-Тарбағатай











Shape12 Shape11



Алтай



Алтай







Shape13

Тянь-Шань





Shape14

Тянь-Шань











Биік таулы өлкелер:

Биік таулар: Алтай тауы, Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань тауы, Жоңғар Алатауы

Алтай тауы

Сібірдің оңтүстігіндегі ең биік таулы өлке. Негізгі бөлігі Ресей жерінде жатыр. Оны Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жотасы деп үшке бөлуге болады. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен палеозой дәуірінде пайда болған метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-26°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С. Ең үлкен өзені – Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі өзендері құяды. Көлдері: Бұқтырма, Жайсан, Түранғыкөл, Марқакөл. Көлдердің үлкені- Марқакөл. Алтай тауларында 328 мұздық бар. Мұзтау-Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506м). Алтай өлкесі аңға бай. Бұғы-марал өсіріледі. Аю, қабан, таутеке, қар барысы, бұлғын, қаракүзен, ақкіс тіршілік етеді, су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан құр, кекілік, шіл, тоқылдақ, ұлар кездеседі.

Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оқтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тірелдеі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді.

Сауыр жотасы – аталған тау жүйесінің биік бөлігі. Оның ең биік нүктесі – Мұзтау (3816м).Жотаның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 60-65км. Батыстан шығысқа қарай ол аласарып, Маңырақ жотасына ұласады.

Құрылымы жағынан Тарбағатай әр түрлі биіктікке көтерілген ірі үйінді –массивтер сияқты. Бұл үйінділер үшбұрыштанып, құзды шыңдарға айналады. Тарбағатайдың орташа биіктігі теңіз бетінен 2000-2100м ғана. Ең биік нүктесі – Тастау (2992 м). Онда мұздықтар жоқ.

Сауыр-Тарбағатай негізінен жоғарғы палеозой жыныстарынан түзілген. Сауырда атпа жыныстар кең тараған.Сауырда жоқ граниттер Тарбағатайдың суайрығында салыстырмалы түрде жиі кезедеседі.

Сауыр-Тарбағатай – қатпарланған таулы өлке. Оның негізгі құрылымы жоғарғы палеозойда герцин қатпарлануы кезінде қалыптасқан Ол Альпі тау көтерілу кезінде жаңғырып қайта көтерілген.Бұл ауданның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына ерте замандардағы мұз басу, ағын сулардың эрозиялық әрекеті және кейінгі тектоникалық процестер әсер еткен. Сауыр тауында Кендірлік көмір кені ашылып, жанғыш тақтатастың мол қоры табылған.

Климаты континентті. Жауын-шашын аздау. Қаңтардың орташа температурасы -20°С, шілдеде 22°С. Жауын-шашын мөлшері 350-500мм.

Өзендері. Жарма, Қайындысу, Көкпекті сияқты өзендер Жайсан көліне құяды. Ұнжар, Қатынсу, Емел өзендері Алакөлге құяды. Аягөз өзені Балқаш көліне жетеді.

Жануарлар дүниесі: қоңыр аю, бұғы, елік, таутеке, арқар, қасқыр, қар барысы, сілеусін, түлкі мекендейді. Бұл жерде «Қазақстанның Қызыл кітабына» енген жолақты қарашұбар жылан бар.

Жоңғар (Жетісу) Алатауы. Солтүстік — шығысында Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстңк-батысында Іле өзені аңғары аралығында созыла орналасқан. Ұзындығы 450км, ені 100-250км. Солтүстік жотаның ең биік нүктесі Бесбақан (4622м), оңтүстік жотаның биік нүктесі Мұзтау (4370м). Жетісу Алатуының құрылымы кембрийге дейінгі жыныстар мен палеозой жыныстарынан тұрады. Жетісу Алатауы каледон мен герцин тау түзілуі кезінде қатпарлы тауға айналса, ал мезозой мен төменгі кайнозойда сыртқы күштің әсерінен мүжіліп, аласарып тегістелсе, кейінгі Альпі қатпарлығының күшті болуына байланысты қатпарлы-жақпарлы биік таулы өлкеге айналған. Тау етегінде климат құрғақ, континентті, ал биік тау беткейлерінде климат қоңыржай: қысы суық, жазы қоңыр салқын. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 600-800мм. Ауаның орташа температурасы қаңтарда -10°-11°С, шілдеде 18°-20°С. Жануарлар дүниесі: бұғы, аю, елік т.б. кездеседі.

Тянь-Шань тау жүйелері. (қытай тілінен аударғанда аспан тауы). Солтүстік және батыс жоталары Қазақстан жеріне кіреді. Солтүстік Тянь-Шань Кетпен, Күнгей Алатауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы мен Шу-Іле тауларынан тұрады. Климаты тым континенттік құрғақ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!