Демеубаева Бақытжан
Әуесханқызы.
Ақтөбе облысы Шалқар
қаласы
«Балдырған» санаторлық
бөбекжай -
бақшасының
тәрбиешісі
Білім саласы:
Денсаулық
ҰОҚ:
Денешынықтыру
Тақырыбы: Биіктіктен
секіру(25-30 см)
Арқан үстімен
жүру
Мақсаты:
Білімділік:
Балаларды биіктіктен секіре
білуге,арқан үстімен жанымен жүруге
үйрету;
заттың арасымен ирелеңдеп
жүруді және еңбектеуді ,гимнастикалық
орындықтың
үстімен тепе -теңдік сақтап
жүре білуін бекіту.
Дамытушылық: балалардың қимыл қозғалыс
әрекеттерін жетілдіру, денсаулығын
шынықтыру
Тәрбиелік: ұлттық ойындар арқылы
шапшаңдыққа. ептілікке, жылдамдыққа
баулу.
балалардың ұлттық ойындарға
деген қызығушылығын арттыру,
адамгершілікке ,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сала аралық
байланыс: Қатынас, әлеуметтік орта,
таным,шығармашалық
Керекті
құралдар: Қыста жайылып жүрген
жылқылар суреті немесе слайд, қамшылар - 8 дана , гимнастикалық
орындық,текшелер(10-20-30см), құрсаулар, ойыншық аттар-
8дана
Ұйымдастырылған оқу іс
-әрекетінің барысы:
Нұсқаушы. Балалар мен сендерді
көргеніме өте қуаныштымын.Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне
шақырамын. Қонақтармен амандасып
алайық.
Арайлап бүгін атты
күн!
Шашып бізге шапағын!
Тілейміз сізге ақ таңның,
Қуанышын
шаттығын!
Ұл -қыз сәлем
береміз,
Өнегелі
өренбіз!
Сәлеметсіздер
ме,қонақтар!
Жылқышы аға
келеді.(әндетіп)
Мен- жылқышы ,сен -
шабан
Қияда жүріп ән
салам.
Өскелең елім
өрлеуде
Өркендей берші нұр
заман.
- Амансыңдар ма,
балалар? Мен жылқышы боөламын.Боранда жылқыларым жоғалып
кеткен.
Мен жылқыларымды іздеп
жүрмін,сендер көрмедіңдер ме?Бір үйір жылқым жоқ. Балалар,сендер
жылқы малы туралы білесіңдер ме?
Жылқы суыққа
төзімді,сезімтал, сұлу, жүйрік жануар,жылқы тақ тұяқты
жануар.Жылқылар қыста далада жайылады олар тұяқтарымен қарды ашып
шөп жейді
Қамшы - ат айдайтын
қайыстан өріп жасалып , тобылғы ағашқа бекітілген құрал
.
Жылқыларымды іздеуге
көмектесесіңдер ме? Сендерге мен қамшыларымды берейін,сендер
жаттығу жасап ,денелеріңді шынықтырып алыңдар.Мен де сендерге қарап
шаршағанымды басып алайын.
1-бөлім.
Нұсқаушы:- Балалар
, әуен ырғағымен бірінен соң
бірі саппен жүреді, қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру; қолды
желкемізге ұстап өкшемізбен жүру;жеңіл жәй жүгіреміз , жылдам
жүреміз, қамшыны алып үш қатарға
тұрады.
.
Жалпы жетілдіруші
жаттығулар: (Қамшымен жасалатын жаттығу
)
- Балалар ,атқа
мінеміз
1. «Жылқы болып басымыз
қозғаймыз»
Б.қ: Атқа тік отыру, оң
қолда қамшыны төмен ұстау.
О: .Жоғары,төмен екі
реттен оңға, алдыға солға, алдыға шұлғу (
рет)
2. Б.Қ:Қол кеуде
тұсында
О:Қолды алға
созу,бүгу.
3. Б.қ: Қолды төмен
ұстау
О: Қолды алға созу,
жоғары көтеру,алға созу, төмен ұстау(
рет)
4.«Жылқымызды
қараймыз»
Б.қ: Тік отыру,сол қол
белде,оң қолды бүгіп қамшыны маңдай тұста
ұстау.
О:1- денені оңға бұрылып
,2 бастапқы қалыпқа келу, 3-солға бұрылып қарау, 4-
бастапқы
қалыпқа
келу(рет)
6.Б.қ:Тік
отыру.
О: 1-оң жақтан еңкейіп
қамшыны еденге қою,2-3- алға,артқа тербелу, 4-
еңкейіп
қамшыны алу.Сол жаққа да
қайталау(рет)
7. Б.қ:Тік
отыру
О: 1-2- екі аяқты
қозғау, 3-4- алға,артқа тербелу
8. «Жылқы болып
шабамыз»
Б.қ : Тік отыру, қамшыны
сермеу
О:Қамшыны сермеп,
шабу(тербелу) (2рет)
9.«Қуанышымызды
білдіреміз.»
Секіру Б.қ: қамшыны
жоғары ұстап,,тік тұру.О: қос аяқпен жоғары
секіру
Шеңбер бойымен тыныс алу
жаттығуын жасаймыз(қолды жоғары көтеріп дем алу, қолды төмен
түсіріп дем шығару)
Нұсқаушы: - Жылқышы бала ,балалардың
жаттығу жасағандары сізге ұнады ма? Менің балаларым да жылқышыға
ұқсайды ма? Балалар енді біз жылқышы балаға көмектесіп, жылқыларды
іздеуге шығамыз. Біз алдымызда кездескен кедергілерден өтуіміз
керек . Әуенмен бірінің соңынан бірі
жүреді.
1-кедергі Заттардың
арасымен жүру
2- кедергі Үңгірден
өту
Текшеден
секіру(10см)
Текшеден
секіру(20см)
Құрсаудан құрсауға
секіру
Текшеден
секіру(30см)
«Көпірден
өт»
Нұсқаушы:
-Балалар жан - жағымызға көз
салып жылқыларды қарайық.Көрінеме
екен?
Ендеше биікке шығып
қарайық.
Негізгі
жаттығу.
«Арқанмен жүру(аяқтың
ұшы еденде,өкше арқанда,қол белде)
Биіктіктен
секіру(10-20-30см биіктік)
-Қауіпсіздік ережесін есте
ұстау ) Жылқыларды қараймыз.
( Жайылып жүрген
жылқылардың суретін көрсету)
-Көрінді ме,балалар?
Жылқылар жайылып жүр екен. Жарайсыңдар,балалар.Жылқышы ағамыз
қуанатын болды.
Жылқышы
:( қарап ,қуанады.)
- Балалар, мен барып
жылқыларымда түгендеп қарап келейін.(шығып кетеді де, екі ат алып
қайта келеді) Мен сендерге риза болдым,әрқашан адамдарға
көмектесіп, жақсылық жасау керек, бұл - жақсы қасиет.Сендерге көп
алғыс айтамын.Сендер ұлттық ойындар ойнап көңілдерін көтерсін деп
мына екі жорғамды сыйға тартамын. Сау болыңдар
балалар! (қоштасып шығып
кетеді)
Тыныс алу жаттығуы:
«Қолымызды жылытайық»
-Балалар, сендер жылқыларды
іздеп жүргенде қолдарың тоңды ма?Тоңса,ендеше қолымызды өз
демімізбен жылытайық. 1-2-.алдымен терең дем аламыз, сосын3-4-
терең дем шығарып қолымызды жылытамыз .Қәне,қәне қолың тоңса өз
деміңмен жылын !(4-5 рет қайталау)
Нұсқаушы: -Балалар,атқа
байланысты қандай ұлттық ойындарды білеміз? Қайсысын ойнағыларың
келіп тұр?
Кел жарысып
көрелік,
Эстафеталық
ойында!
Ендеше екі қатарға тұрып
«Бәйге» ойнаймыз.
Ойын
шарты: 3м қашықтықта межелер
белгіленеді. Екі топтың балалары жұптасып атпен жарысады.Шабандоз
межені айналып келіп,аттан түсіп,келесі балаға атты ұсынады.Озып
келген бала жеңіске жетеді.Қай топтың ұпай саны көп болса,сол
топжеңеді.Балалар аттың шабысына салып жүгіруі
тиіс.
«Жылқышы» әнінің әуенімен ойын
ойналады
Марапаттау.
Нұсқаушы :
-Балалар, орындарыңа тұра
қойыңдар.Балалар бүгін біздер оқу іс- әркетіміз барысында не
істедік? Бізге кім келді? Ол не іздеп жүр екен? Жылқышы балаға
қалай көмектестік?Қандай кедергілерден өттік. Жылқышы бала сендерге
риза болды ма?Өскенде сендер де жылқышы боласыңдар
ма?
Жұмбақ: Астында
жүйрігі,
Қолында
құрығы /
жылқышы/
Денсаулық туралы кім мақал
мәтел біледі?
-
Денсаулық зор
байлық
-
Дені саудың жаны
сау.
-
Денсаулық
теңіз
Ән мен спорт
егіз
-Ендеше, балалар бүгін
сендерге мен де ,қонақтарда ризамыз.Барлығыңда тапсырмаларды өте
жақсы орындадыңдар.Үнемі шынығып шымыр болайық. Жарайсыңдар!
Қонақтармен қоштасайық.
Қоштасу
шеңбері:
Әдеп сақтап
қашанда,
Әрбір адал
адамға.
Жасасаң бір
жақсылық,
Қайтарады саған
да.
Саулығыңды
тілейміз
Көріскенше
баршаңа!
Күтілетін
нәтижелер:
Білу
керек: Негізгі қимыл -қозғалыс
түрлерін біледі
Меңгереді: Биіктіктен секіруді,арқанмен
жанымен жүруді.ұлттық ойындарды ойнайды.
Жасай
алады: Тапсырмаларды
орындайды.Үлкендермен және құрбыларымен қарым- қатынас жасауды
біледі.