400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

"Білекті бірді, білімді мыңды жығар"2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру. б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ) Сабақтың әдісі: Ойын элементтер Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте Сабақ барысы:
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білекті бірді, білімді мыңды жығар


Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын, білім деңгейін нығайтып, біліктілігі мен білімділігін дамыту
ә) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
б) тәрбиелік: Оқушыларды шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың әдісі: Ойын элементтер
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сабаққа назарын аудару.
Құрамында 10 оқушы болатын екі топ қатысады. Сыныптың ұлдары мен қыздары қатысады. Қыздар тобы - «Гүлдер», ұлдар тобы - «Ұлағат». Сайыс 7 айналымнан тұрады.
I айналым: «Сәлем - сөздің анасы».
II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
III айналым: «Анаграмма»
ІҮ айналым: «Ойлан тап»
Ү айналым: «Кім жылдам?»
ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
ҮІІ айналым: Қорытынды
I айналым: «Сәлем - сөздің анасы»
Бұл шартта сыныптың ұлдары мен қыздары екі топқа болініп, топтарының атын қорғап, сәлемдеседі
II айналым: «Мақал - сөздің мәйегі»
Бұл шартта оқушылар әдептілік, достық, қыздар мен ұлдар туралы мақал - мәтелден жарысады.
III айналым: «Анаграмма»
Бұл шартта оқушылар адасқан әріптерді дұрыс жазу керек.
Кесіб - бесік
Иот - той
Арыбмод - домбыра
Саж - жас
Анызақ - қазына
Екерем - мереке
Ысабот - отбасы
Сытай - айтыс
Келйокит - иткөйлек
Зыбоқ - қобыз
ІҮ айналым: «Ойлан тап»
Қымыз - түйенің сүті ма?
Қыз қуу - қазақтың ұлттық ойыны ма?
Наурыз жаз айында басталады ма?
Абай - қазақ халқының ұлы ақыны ма?
Қазақстанның Астанасы - Алматы қаласы ма?
Қуырдақ қазақтың ұлттық тағамы ма?
Абай жолы романын С. Сейфуллин жазды ма?
Сәукеле қазақтың ұлттық бас киімі ма?
Роза Рымбаева - Ресей әншісі ма?
Ү айналым: «Кім жылдам?»
Бүл шартта оқушылар логикалық сұрақтарға жауап береді.
1т мақта ауыр ма, 1т темір ауыр ма?( тең)
Үш түйеқұс ұшып келеді, аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы
қ алды?( түйеқұс ұшпайды)
Сегізінші наурыз күні 2 шеше мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Сонда қанша орамал сыйға тартылды?
Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында Барлығы қанша үйрек( 3 үйрек)
Түнгі сағат 10 - да түн жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( мүмкін)
Егер «М» бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»- ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын( Май - ай)
2.«К» - ден бастап оқысаң Құс атауы, қарашы!
«Е»- ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.( кекілік - екілік)
3. Тәрелкеде 5 алма,
Қолымда бар 2 алма Қосқан кезде барлығын Болады екен неше алма?
Біреуін берем атама,
Біреуін берем апама
Сонда қанша болады,
Менде қанша қалады?( 5 алма)
ҮІ айналым: «Білімділер патшалығы»
Бұл шартта топ басшылары білім бәйгесіне түседі.
Айтыстың түрлерін ата?( қыз бен жігіт, бәдік айтыс)
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?( домбыра, жетіген, сырнай)
Кәсіби мереке күндерді ата?( мұғалім; дәрігер, шахтер, шопан)
Төрт түлік малға нелер жатады?( сиыр, қой, ешкі, жылқы)
16 желтоқсан қандай мереке?( тәуелсіздік күні)
Абайдың шын атын атаңыз?( Ибраһим)
Екі кісінің сөйлесуі( диалог)
ҮІІ айналым: Қорытынды Алған фишкалары есептелініп, жеңімпаз топтар марапатталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
743
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі