400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

«Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар »

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар ».


Мақсаты:Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім – білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.


Көрнекілігі:білім, тіл туралы қанатты сөздер,интерактивті тақта,ақ қағаз.


Мұғалім:Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменнен аспанға жол салынар.

Армысыздар ата – аналар, ұстаздар!

- Бармысыздар,

Болашақтың басталуы,

Балғын шақты балалар!

Бүгінгі шәкірт-ертеңгі азамат.Сол азамат бойында тапқырлықты,алғырлықты қалыптастыру мектеп табалдырығынан басталады.Біз сендермен бүгін «Білекті бірді жығар ,білімді мыңды жығар» сайысымызды бастағалы отырмыз. Құрметті менің білім сайысына қатысқалы орырған оқушыларым,сендерге ақ жол тілеймін!Сайысымызды бастамас бұрын,біз әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.Бүгінгі сайысымыз топтық түрінде өтеді.


Сайыс шарттары:

1-айналым. «Таныстыру»

2-айналым . «Кім көп біледі?»

3-айналым . «Мақал-сөздің мәйегі»

4-айналым. «Жалғастыру»

5-айналым. «Жұмбақ шешу»

6- айналым. «Логикалық есептер»


Ал, келіңдер, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер,

Біліміңді тексеріп,

Сайысқа қатысып көріңдер.

(Сайысқа қатысушы 3 «а» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.)

Қатысушы оқушылар:


1-топ

1. Нұрділла Әсел

  1. Мұстапа Ақмарал

  2. Қалжан Ақниет

  3. Жарылғап Несібелі

  4. Шамчадин Нұрсұлтан

  5. Өсербай Бақтияр

  6. Ибадулла Бекзат

  7. Чапай Аружан

ІІ-топ

1.Айтқали Тілеулес

2.Мұхаммедин Балнұр

3.Олжабек Айдана

4.Уали Ұлданай

5.Қадыр Ерасыл

6.Байтеев Ерасыл

7. Алдан Нұрдәулет

Ал оқушылар сайысымызды бастамас бұрын топтарыңмен және ұранымен таныстырып өтейік.


1-айналым. «Таныстыру»

Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде.

Өзіндік менің үнім бар,-деп кезекті таныстыру кезеңіне береміз.

Екі топ өз таныстыруларын көрсетеді.


Мұғалім:2-айналым. «Кім көп біледі» Бұл бөлімде сайысқа қатысушы топтарға қойылған сұрақтарға тез және нақты жауап беру керек.Дұрыс жауапқа 1 ұпай.


1-топ. «Қыран»

  1. «Қырдан келген жас қазақ»кімніңәңгімесіндегі бала кімеді?(Шоқан)

  2. Дүние жүзіндегі ең терең көл?(Байкал)

  3. «Әліппенің атасы»әңгімесінің авторы кім?(Ахмет Байтұрсынов)

  4. Өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар не?(жарық,жылу,су,ауа,қорек)

  5. Ұршық,өрмек,кітап.Бұлар қай мәтінде айтылған? (Жақсылардың жақсысы)

  6. «Талаптан да,білім мен өнер үйрен»деп өсиет қалдырған кім?(Шәкәрім)

  7. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін» деген кімнің сөзі?(Шоқанның )

  8. Зат есім дегеніміз не?(Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді)

  9. Географиялық карта дегеніміз не?(Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп түсірілген бейнесін географиялық карта дейді)

  10. «Баланың айласы» әңгімесінің авторы кім?(Ы.Алтынсарин)


2-топ . «Сұңқар»

  1. «Алмас қылышты ардагер»әңгімесіндегі 30 жасында қолбасшы болған қазақ батыры кім?(Бөгенбай)

2.Етістік дегеніміз не?(Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз)

3. «Азаттық жолында»әңгімедегі кейіпкердің аты кім еді ?(Тоқаш Бокин)

4.Тығыз тау жыныстарына не жатады?(гранит,мәрмәр,құмтас,тас көмір)

5.Құмнан не жасауға болады?(әйнек)

6.Қазақстан суретшілері кімдер?(Нелли Бубе,Әбілхан Қастеев,Айша Ғалымбаева,

Гүлфайрус Исмайылова)

7.Қазақтың ұлы ханы Абылайдың ақылшы –кеңесшісі,жыраулық дәстүдің көрнекті өкілі кім еді?(Бұқар жырау)

8. «Қанеки,тілім,сөйлеші» өлеңінің авторы кім?(Нұртуған Кенжеғұлұлы)

9.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?(тас көмір,мұнай,газ)

10.Жылу сүйгіш өсімдіктерге нелер жатады? (мата,асқабақ,күріш,жүгері,үрмебұршақ)

3-айналым . « Мақал-сөздің мәйегі»

Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып,мақалды жалғастыру.Әр дұрыс жауапқа-5ұпай.



1.Тіл тас жарады.тас жармаса...................(бас жарады)

2.Сөз тапқанға ...........................................(қолқа жоқ)

3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты.........(сөз бұзар)

4.Жақсы сөз..............................................(жарым ырыс)

5.Шебердің қолы ортақ,шешеннің..........(сөзі ортақ)

6.Бір тал кессең,..........................................(он тал ек)

7.Білгенің бір тоғыз....................................(білмегенің тоқсан тоғыз)

8.Отыз тістен шыққан сөз...........................(отыз рулы елге тарайды)

9.Суретте: Жылқы .Суретке байланысты мақал –мәтел айту.

10.Жеті атасын білмеген...............................(жетесіз)

11.Айдағаның бес ешкі...............................(ысқырығың жер жарады)

12.Жігіт сегіз қырлы,..................................(бір сырлы болуы керек)

13.Жеті өлшеп .............................................(бір кес)

14.Жыртық үйді жел табар,өтірік сөзді......(шын табар)

15.Оқу инемен құдық..............................................(қазғандай)

16.Суретте: гүл .Суретке байланысты мақал –мәтел айт

17.Оқу –білім бұлағы,білім-өмір..............................................(шырағы)

18.Алтау ала болса,ауыздағы........................(кетеді)


4-айналым. «Жалғастыру»


Өлеңнің бірінші жолдары оқылады,сол өлеңді жалғастырып,авторын айту керек.Жауапқа 10 ұпайдан беріледі

1.Өнер, білім бар жұрттар

..................................................................(Ыбырай Алтынсарин)

2.Ақ киімді,денелі,ақ сақалды

..................................................................(Абай Құнанбаев)

3.Бостандық таңы атты,

.....................................................................(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

4.Ең бірінші бақытым-халқым менің,

....................................................................(Мұқағали Мақатаев)

5.Туған тілім-бабам тілі- өз тілім!

...................................................................(Дихан Әбілев)

6.Кеңсің,дала-

..................................................................(Сәкен Сейфуллин)

7.Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

....................................................................(Абай Құнанбаев)

8.Ой,балалар,балалар!

...................................................................(Ілияс Жансүгіров)

9.Таулардан өзен ағар сарқыраған,

.......................................................................(Ыбырай Алтынсарин)


5-айналым. «Жұмбақ шешу»

Дұрыс жауапқа 5 ұпай.

Сайыстағы жұмбақ қазақ,орыс тілінде шешіледі.

1-топ

1.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.(кітап-книга)

2.Ақ жібек асыл көрпедей,

Қыс болса жерді жабады.

Жазғытұрым болғанда

Су болып сайға ағады.(қар-снег)

3.Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.(пияз-лук)

4.Қардай аппақ,балдай тәтті-ақ.(қант-сахар)

5.Ұрсаң жерде зулайды,

Жерде қарғып тұрмайды.

Тиіп кетсе басыңа,

Ешбір зиян қылмайды.(доп-мяч)

2-топ

1.Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.(аю-медведь)

2.Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған. (бор-мел)

3.Құштар болып оқу менен білімге,

Біз барамыз қыркүйектің бірінде.(мектеп-школа)

4.Тұмсығымен қозғалар,

Соңында аппақ із қалар.(бор-мел)

5.Аяғы біреу ,қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.(қалам-ручка)


6- айналым. «Логикалық есептер»

Екі топқада қойылатын сұрақтар. Дұрыс жауапқа 5 ұпай. Топ басшылар сайысы.


1.Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?(ағашта балық отырмайды,балық ұшпайды)

2.Жанұядағы 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар.Жанұяда неше бала бар?(8 бала)

3.Алма ағашында 10 алма өсіп тұр,ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр.Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр?(үйеңкі ағашында алма өспейді)

4.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды.Әрқайсысы неше сағаттан ойнайды?

(2 сағат)

5. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы керек?(5 бала)

6. Тышқан аулағышты 5 әріппен басқаша қалай атайды?(мысық)

7.Екі тауық екі күнде 2 жұмыртқа туады. 4 тауық 4 күнде неше жұмыртқа туады? (4)

8. 3 түйеқұс ұшып келеді,1-ін аңшы атып алды неше түйеқұс қалды?(түйеқұс ұшпайды)

9. Шарты,сұрағы,шешуі,жауабы бар,бұл не?(есеп)

10.Ағаш үстінде 10 торғай отыр еді. Аңшы 5 торғайды атып алады, торғайдың қаншасы қалды? ( торғай ұшып кетеді)

11. 4 қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

12. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (Жоқ, себебі, түнде күн шықпайды)



Қорытынды


Сөз әділқазылар мүшелеріне беріледі.Көп ұпай жинаған топ жеңіп шығады.

Бүгінгі кеште шабыт шындалады,

Кеш қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі,

Болса егер көңіл жақын тыңдалды

Көңіл бөліп бұл кешке келгендерге көп рақмет,

Шын сезінген көрерменге мың рақмет!

Жеңімпаздарды марапаттау.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
1736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі