400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Билердің сөзі - ақылдың кені

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік өнерді таныту мәселелері 1). Білімдік: Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсініктер беру. 2). Дамытушылық: Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту; мән-мағынасын ашу. 3). Тәрбиелік: Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған парасатты шешендікті таныту; тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би-шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой-толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: «Билердің сөзі – ақылдың кені».


Сабақтың мақсаты: Шешендік өнерді таныту мәселелері

1). Білімдік: Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысына түсініктер беру.

2). Дамытушылық: Қазақ халқының даналығы мен дәстүрлі шешендік асыл қазынасын оқыту; мән-мағынасын ашу.

3). Тәрбиелік: Ой зерделігінен туып, халық жүрегіне ұялаған парасатты шешендікті таныту; тарихымызды танытып, ұлттық намысымызды оятып, рухымызды көтеретін би-шешендер сөздерін саралап, жүйелеу барысындағы ой-толғаныстар. Сөз тереңдігін түсініп, бағалай білуге, сұлулық сезіміне баулу.

Сабақтың көрнекілігі:

А) Әлем ойшылдарының шешендік өнер туралы пікір білдірген нақылдары мен қанатты сөздері жазылған әдеби журнал. Кейбір сөздер ретіне қарай интерактивті тақтада көрсетіледі.

Ә) Үнтаспадан шешендік толғау, арнауларды тыңдату.

Б) Шешендік сөздер туралы жазылған еңбектер, әдеби-сын мақалалар, зерттеулер, т.б. (кітаптар көрмесі).

Сабақтың типі:

Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру, қайталау, бекіту.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын даярлау, жаңа сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап әдісі. «Кім жылдам?» ойыны.


ІІІ. Жаңа сабақ:


Сабақ жоспары:


  1. Топтастыру.

  2. «Билер бізде қонақта». (өмірбаяндық деректер беру).

  3. «Сөз сайысы». Билер сөзін жатқа айту.

  4. «Сіз қалай сөйлер едіңіз?».

  5. Сұрақ-жауап: «Кім жылдам?»

  6. Үзінді-инсценировка.

  7. «Кім жатқа көп біледі?».

  8. «Бабалар ісі - өнеге, сөзі - өсиет» (топтастыру). Қорыту.


Оқушылардың назарын төмендегідей сұрақтарға топтастыру; түсініктер, мағлұматтар беру.

  1. Қазақ елінде ертеден қалыптасқан дәстүрлі шешендік мектебі бар.

  2. Шешендік сөздің ел өміріндегі орны (Жеті Жарғы).

  3. Шешендік сөздердің бұлақ-бастауы – халық ауыз әдебиетінің үлгілері. Мысалдар арқылы дәлелдеу.


  1. Топтастыру: сынып оқушыларын топтарға бөлу.

Топтастыру: Оқушылардың назарын төмендегідей сұрақтарға топтастыру.

1. Қазақ елінде ертеден қалыптасқан дәстүрлі шешендік мектебі бар.

2. Шешендік сөздің ел өміріндегі орны (Жеті Жарғы).

3. Шешендік сөздердің бұлақ-бастауы – халық ауыз әдебиетінің үлгілері. Мысалдар арқылы дәлелдеу.


Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке

Асқар тау Қазығұрттай білімді еді.

Бірі - күн, бірі – туған айдай болып,

Заманға сәйкесімен келіп еді, - дегендей қазақ тарихындағы елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ұүмыр кешкен ірі тарихи тұлғалардан қалған асыл сөздер – біз үшін таусылмас қазына. Оны танып, оқып, түсіне білу бәрімізге міндет.


  1. «Билер бізде қонақта» (өмірбаяндық деректер беру). Әр топтан бір-бір оқушы өз тобының атын қорғап шығады, яғни Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өмірбаяндарын айтып шығады.

Төле би: Төле би шамамен 1663 жылы бұрынғы Жамбыл облысы, Шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы, Ақбұрхан деген жерде тоқсан үш жасында дүние салған. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле би оқыған, сауатты, жастайынан халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен көзге түсіп, елге танылған. Төле бидің ел-жұрт, ағайын-туыс, алыс-жақынға қадір-қасиеті хан, сұлтандардан да жоғары болған.


Қаз дауысты Қазыбек би: (1667-1764) – орта жүздің «төбе биі» атанған, шешендік сөздің майталманы, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» әдет-ғұрып заң жинағын жасаушылардың бірі, еліміздің тарихынан мәңгілік орын алған ірі тұлға.

Қазыбек бидің беделі мен ықпалын қазақ хандары ғана емес, оның парасатты елші, дипломат екенін бағалап, 1761 жылы Қытай империясының елшілігі, 1762 жылы орыс мемлекеті әкімшілгінің өкілдері оған арнайы келіп қайтқан.

Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділқазы; үшіншіден, ол – халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.

Қазыбек би 1667 жылы туып, шамамен 1764 жылы 97 жасында дүние салса керек. Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың кесенесі Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген.


Әйтеке би: Әйтеке Байбекұлы (1644-1700) – артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлкетін құруға атсалысып, үлкен үлес қосқан қоғам қайраткері.


  1. «Сөз сайысы». Билер сөзін жатқа айтудан сайыс. Шарты: әр топтың оқушылары өзіне ұнаған би-шешендердің тапқырлық сөздерін жатқа айтуы тиіс. Қай топтың оқушылары шешендік сөздерді көп және нақышына келтіре оқиды, сол топ жеңіске жетеді, мадақталады.


Төле бидің Жәнібекке айтқаны: - Өгізді өрге салма, қанатың талар, наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер, дұшпаныңа сырыңды айтпа, түбіңе жетер. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт жисаң ұятқа қалдырар. Елге бай құт емес, би құт. Кәсіп болмай, нәсіп болмас!


Екі шешеннің айтысы: 10 класс

Сырым батыр өз елінен ығысып, Үргеніш ханына барады. Сырымды бір шешенімен айтыстырады.

Шешен Сырымнан:

  • Дау мұраты не?

Саудагер мұраты не?

Қыз мұраты не?

Жол мұраты не? – деп сұрайды.

Сырым оған:

- Дау мұраты – біту,

Саудагер мұраты – ұту,

Қыз мұраты – кету,

Жол мұраты – жету, - деп жауап берген екен.


Қазыбек бидің дауды қалай шешкенін айту. «Бала – бауыр етің». 10 класс қазақ тілі. 94 бет.


Қазыбек “Не жақын?” деген сұраққа:

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, апайың жақын.

Бауырмал болса, інің жақын.

Алдына тартқан адал асын –

Қимас жақын қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.

Жан серігің жас кезіңнен,

Бәрінен де әйелің жақын!


Қазыбек “Не қымбат?” деген сауалға:

Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атай қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Мейірімді апай қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат

Өзің сүйген жар қымбат...


Әйтеке би:

Бүркіт бол заманыңыз түлкі болса,

Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.

Жақсылардың белгісі сол емес пе,

Қара қылды қақ жарған әділ болса!

Әйтеке би:

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

Сөз қуған пәлеге жолығады

Опасыз күнде құбылады...


Әйтеке би:

Суалмайтын суат жоқ,

Тартылмайтын бқлақ жоқ.

Құйрығы суда тұрса да,

Уақытысы жеткенше

Қурамайтын құрақ жоқ.








  1. Кеспе қағаздармен жұмыс. Кеспе қағаздар арқылы шешендік сөздерге байланысты тапсырмалар беріледі. Шешендік сөздердегі фразеологизмдерді табу, түсініктеме беру.

Қанатты сөздердің мағынасын түсіндіріп, айтып беріңдер.

Сегіз қырлы, бір сырлы. Бұл қанатты сөз әрі білімді, тапқыр әрі шешен, өзі ер, өзі сері, өн бойында бір міні жоқ адамдарға айтылады.

Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Әрбір оқиға, құбылыс, жақсылық-жамандыққа әркімнің көзқарасы әділетті, тура болу керек. Оны шын жүрекпен сезініп, ұғына біл. «Тілде сүйек жоқ», оны еркіне жібермей, таза, адал жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды, - деп өсиет айтады Абай.


Бет моншағы түсу – стесняться, стыдится. Адамның түрін, мінезін сипаттайтын фразеологизмдер. Жүзіктің көзінен өткендей красивый, статный, безупречный. Жылқы мінезді – изменчивый, непостоянный. Қой аузынан шөп алмас – робкий, скромный, застенчивый.

Отқа май құю, түймедейді түйедей ету, төбе шашы тік тұрді, мұрнын көкке көтерді, бетінен оты шықты.


  1. «Сіз қалай сөйлер едіңіз?». Топтағы әрбір оқушы бірінші оқушының ойын сақтай отырып, сөйлемдерді бұзбай жалғастырады. Сонда бүтіндей бір мәтін шығуы керек. Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, мәтін жазуға дайындал. Тақырыптар: А). Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал. Ә). Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс. Б). Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.


1. Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М.Әуезовтің сөзі бар. Біз болашағымызды тілімізді жақсы меңгеріп, ұлтымызды тану арқылы бірге қалаймыз. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» (Ғ.Мүсірепов). «Өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адамды сауатты, мәдениетті деуге болмайды» деген ұлы ғұлама М.О.Әуезов. «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» (Ғ.Мүсірепов).


2. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс. Әрбір ұлт қалыптасқаннан соң, өзінің ұлт екенін дәлелдейтін, өзгеше айтқанда тілін, дінін, тарихын, жерін қалыптастырады. Ана тілі - әр халықтың түп тамыры, асыл қазынасы, ата-бабасы қалдырған мол тарих пен мәдениетінің айғағы әрі шежіресі, өзін де, өзгені де танып білетін рухани байлықтың асқар шыңы. Бірақ рухы асқақ халқымыз мәңгі өрлеп, ұлы қадам жасау үшін жаралған. Қазақи мінез бен шыншылдық сияқты қасиеттерді бойымызға сіңіру.... «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» Ш.Айтматов. Тілімізді сақтап, дамыту – бәріміздің қасиетті міндетіміз. Ең алдымен қазақ қазақша, ана тілінде сөйлеуі, жаза білуі керек.


3.Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Бұл елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзі. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген сөзі, бұл – қағида, бұл – мемлекетіміздің бағдары, саясаты. Біз қазақ тілінің қазақ халқының ғана емес, Қазақстан мемлекетінің тіліне айналарына сенімдіміз. Өйткені бізге Елбасымыздың «Қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де дәл орыс тіліндей қолданылуы үшін бәрін істеу қажет» - деп айтқаны сенім береді. Тілді құрметтеу әуелі өзіңді, содан соң еліңді құрметтеу болып табылады. Ана тілі қазіргі ұрпақ өссе өсіп, дамып, өшсе өшіп, өлі тілге айналмақ. Шынында да, Қазақстанның болашағы жастардың қолында екені баршамызға мәлім. Сол жастар біз боламыз. Біз елбасымыздың сенімін ақтайтын боламыз.

  1. Сұрақ-жауап: «Кім жылдам?» ойыны (үй тапсырмасын тексеру ретінде). Шарты: әр топқа дайындалған сұрақтар қойылады. Қай топ көп сұраққа және дұрыс жауап береді, сол топ жеңіске жетеді және мадақталады.

Сұрақтар: І топқа:

1). Шешендік өнер деген не?

2). Шешендік сөздерді неге шағын жанр дейміз?

3). Шешендік сөздердің құндылығы неде?

4). Шешен-билердің халық арасындағы ықпалы.

5). Бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата...

6). Шешен-билерді ата...

7). Төле бидің өмір сүрген жылдары...

8). «Елге бай құт емес, би құт» дегенді кім айтқан?

9). Мақалдың мәтелден айырмашылығы неде?

10). Мына ұлағатты сөзді аяқта: Жақсы сөйлеу - ... (жақсы ойлау деген сөз).


ІІ топқа:

11). Қанатты сөздер деген не?

12). Әйтеке би өмір сүрген жылдар...

13). Шешенге қойылатын талаптар...

14). «Қарлығаш әулие» атанған би...

15). Төле бидің туылған жері...

16). Ұлы Абайдың «Бас-басыңа би болған өңшең қиқым» деген қынжылысының мәні неде?

17). Шешендік сөздердің бастауы қайдан шыққан?

18). «Өнер білім – бәрі де,

Оқуменен табылған» дегенді кім айтқан (Ы.Алтынсарин).

19). Шешендік дау неден туындайды?

20). Нақыл сөздер деген не?

ІІІ топқа:

21). Шешендік сөздер нені бейнелейді?

22). Қазыбек би өмір сүрген жылдар...

23). «Төбе би» атанған би...

24). Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің қай түрінде жиі кездеседі?

25). Қазақтың шешендік өнерінің ерекшеліктері неде?

26). Шешендік толғау дегеніміз ...

27). Әйтеке би туылған жер...

28). Қазақ тарихындағы қандай ұлы шешендерді білесіңдер?

29). Фразеологизмдерге мысал келтір.

30). Абайдың шешендігінен мысал келтір...


  1. «Кім жатқа көп біледі?». Мақал-мәтел, жұмбақ,, қанатты сөздер айтудан жарыс.

Сөз өнері, тіл өнері. Би-шешендер туралы мақал-мәтелдер.


  1. «Бабалар ісі - өнеге, сөзі - өсиет» атты тақырыпта үзінді-инсценировка... Әр топқа мәтін беріледі. Сол мәтінді оқып, сол мезетте естерінде сақтап, көрініс құрып беру.


  1. Топтастыру. Қорыту. Шешендік өнер, шешендік сөздер тақырыбы бойынша алған білімдерін зерделеу.


Тіл білімі Логика


Этика Эстетика Шешендік өнер Әдебиеттану Адамтану


Педагогика Психология


Философия


Сұрақ-тапсырма: Қазақ халқының шешендігі жайында айтылған пікірлерімен таныстыру.


Шешендік нақылдар мен толғаулар – ата-бабаларымыздың қалдырған сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлық өсиеті.


Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері.


Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.


Қорытынды: Ой түйіндеу.


Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы айтады. Сабақтан алған білімдерін байқау мақсатында төмендегі мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын ашып айтады.


Шешеннің сөзі – мерген, Көп біліп, аз сөйлеген - шешен,

Шебердің ісі – мерген. Аз біліп, көп сөйлеген – мылжың.


Сөз сүйектен өтеді. Тіл қылыштан өткір.


Әділ би халық үшін, Туғанына бұрғаны,

Залым би құлқын үшін. Биді құдай ұрғаны.


Өз білмегеніңді кісіден сұра, Тіліңмен жүгірме,

Үлкен жоқ болса, кішіден сұра. Біліммен жүгір.


Көп сөз – көмір, Тура биде туған жоқ,

Аз сөз – алтын. Туғанды биде иман жоқ.


Би болмасаң болма, Әділсіз болса би оңбас,

Би түсетін үй бол. Әйелсіз болса үй оңбас.


Сөз өнеріне байланысты айтылған ой-пікірлер (әдеби журнал (ауызша)):


1. «Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет».

А.Брем.


2. «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты».


С.Е.Малов.


3. «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар – шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты».

П.М.Мелиоранский.


4. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады...».

В.В.Радлов.


5. «Шешендік нақылдар мен толғаулар – ата-бабаларымыздың қалдырған сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлық өсиеті».

М.Әуезов.


6. «Шешеннің парызы – шындықты айту».

Платон.


7. «Созбақтай берсе, тамаша сөз де жалықтырып жібереді».

Б.Паскаль.


8. «Тыңдаушылардың қолдап-құптауы – шешен сөйлеуге қисапсыз мүмкіндік тудырады».

Цицерон.


9. «Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп келеді».

А.П.Чехов


10. «От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз».

Ш.Құдайбердиев.


Үйге тапсырма: «Сөз өнері – біздің тарихи мұрамыз» атты тақырыпқа шығарма жазып келіңдер.

Шешендік өнер, Шешендік сөздер туралы мәліметтер іздестіріп, Реферат жазып келу.

Оқушылардың білімдерін бағалау: Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.




Сабақ жоспары:

1. "Өткенге қарайық!"

2. Топтық жұмыс

3. Сергіту

4. Мәнерлеп оқу, талдау

5. "Кім тапқыр?"

6. Шығармашылық жұмыс

7. "Сандарды сөйлетейік!"

8. Кері байланыс

9. Бағалау

9. Үйге тапсырма


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі