Күні: 16.01.2019
Сыныбы:3-4
Тақырыбы: «Білгір» - интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Көрнекілігі: Тақырып, магнитті тақта, сайыс аттары, сыйлықтары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды ұйымдастыру. Әнұран айту.
2. Кіріспе сөз: Бүгін бастауыш сыныптарының алғыр оқушылары сайысқа түсіп, ең білгір оқушыны анықтамақпыз.
Жас жүректе жанған шақ
Талаптың аты арындап
Әр қиямға салған шақ
Жастықтың оты жалындап
- деп данышпан Абай келер ұрпаққа терең ой тастаған. Жақсы болсаң, ел азаматы болсаң деген үлкен үміт бала кезден бастау алады да, ұласады.
Сайысқа қатысатын оқушыларымызды таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Әділқазылар әділ баға беріп сайысқа бақылау жасайды. Әділқазы мүшелері:
Қарағым оқу оқы, босқа жүрме
Ойынға құр қаларсың, көңіл бөлме
Жолама шақырса да, қасына ерме
Кідірме, аялдама, ұмтыл алға
І кезең «Бәйге»Шарты: Мен әр оқушыға бірнеше сұрақтар қоямын ойлануға 30 секунд. Егер оқушы жауап бере алмаса, білетін оқушыға жауап беруге болады. Тез жылдам нақты жауап беру басты шарт. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
- Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
- Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
- Қазақстан ғарышкерлерін ата? (Т. Аубакиров, Т. Мұсабаев)
- Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р. Қошқарбаев)
- Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
- 1 жылда қанша күн бар? (365 – 366 күн)
- Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
- Біздің тұңғыш Президентіміз кім?
- Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
- Жер бетінің қағаз бетіне өте кішірейтіліп салынған бейнесі? (географиялық карта)
- Қазақстан туының авторы кім? (Шакен Ниязбеков)
- Шоқанның шын аты? (Мұхаммедқанапия)
- Қой атасы кім?
- Тәуелсіздік мерекесі қац күн?
ІІ кезең «Тіл өнері»
Бұл кезеңде мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер шешесіңдер. Шешуін 3 тілде айту керек: орысша және қазақша. 1 тілде айтсаңдар – 5 ұпай, 2 тілде айтсаңдар – 10 ұпай,3 тілде айтсаңдар-15 ұпай беріледі.
1. Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық (қар,снег,snow)
2. Қағазсыз ақ, қаламсыз ақ
Сурет салар адамға ұқсап (аяз,мороз,frost)
3. Суда қалқиды
Жылыда балқиды (мұз,лёдь,ice)
4. Қалқиып 2 құлағы
Елеңдеп, қорқып тұрады (қоян,заяц,rabbit)
5. Ауаға шықса ауырады
Су ішінде сауығады (балық,рыба,fish)
6. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су,вода,water)
7. Мұрны насос, кран да
Таң қаламын бұл аңға (піл,слон,elephant)
8. Жеп көріп ем өзім мен
Жас шығарды көзімнен (пияз, лук, onion)
9. Қыста киімін тастайды
Көктемде киіне бастайды (ағаш,дерево,tree )
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық, кошка, cat)
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады (есік, дверь, door)
12. Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қулығы (түлкі, лиса, fox)
Аузы, мұрны жоқ отау (жұмыртқа, яйцо,egg)
Әділқазылар есептеп ең көп ұпай жинаған 4 ойыншыны атайды. Сол 4 ойыншы ойынды жалғастырады. Ал жеңілген оқушыларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
ІІІ кезең «Ғажайып төртеу»
Біздің сайысымызда 5 негізгі пән әдебиеттік оқу, қазақ тілі, дүниетану, математика, ағылшын тілі пәндері бойынша білімдерің тексеріледі. Қалған 4 ойыншымен ойынымызды жалғастырамыз. Әр оқушы әр пәннен 1 сұраққа жауап береді. Дұрыс жауапқа 2 ұпай.
Математика:
1. Көбейтудің қастерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың ауданы мен периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 3 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (999+1=1000)
4. Әлібек 1 айда 2 ертегі оқыды. Ол 1 жылда неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (24 ертегі)
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Климат деген не?(жыл бойына жүйелі қайталанатын ауа райының ауысуын )
10. Шежіре деген не?(Әулеттің шығу тегі мен таралуын )
11. Неге глобустың көпшілігі көк бояумен боялған? (жер шарының 3/1 бөлігі су)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Әдебиеттік оқу:
13. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. «Азаттық жолында» Зейін Шашкиннің әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? (Тоқаш Бокин)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Ағылшын тіл:
17. Ағылшынша апта күндерін атаі
18. Ағылшынша жыл мезгілін ата.
19. Ағылшын алфавитінінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?
20. Ағылшынша түстерді ата.
IV кезең «Сөз шебері»
Оқу, білім жанған шырақ, ойласаң
Үйренерсің іздеп көрсең, қоймасаң
Қу өнерді, бу беліңді жігер сал
Пайда аларсың, қаужанарсың тоймасаң
Шарты: әр ойыншы өз қалауы бойынша 1 өлеңді мәнерлеп жатқа оқып беруі керек. Ал әділ қазылар 1-5 ке дейін ұпай бере алады. Әділқазы ұпай саны аз 2 ойыншыны атайды. Олармен де қоштасуға сәт туды. Ешқашан мойымаңдар, Қайсар болыңдар. Жеңіс пен жеңіліс алма – кезек болады.
V кезең «Жорға»
Соңғы кезеңде әр ойыншыға жеке 15 сұрақ қойылады соларға тез нақты жауап беру керек. 1 минут ішінде.
1. Қыс айларын ата?
2. Қазақ алфавитінде неше әріп?
3. 250 х 0?
4. Күй атасы кім?
5. Суретші ата?
6. Кейде дауысты, кейде дауыссыз болатын дыбыс? (У)
7. 6 х 9 =
8. 4 түлікті ата?
9. ҚР - да неше облыс бар?
10. Ұлы Отан соғысы қай жалдары болды?
11. Ағылшын алфавитінде неше әріп бар?
12. «Менің атым Қожа» – ны кім жазды?
13. Қазақтың Ұлы Отан соғысындағы қаһарман қыздары?
14. Зиянды заттарды ата?
15. Қазақстандағы көмір өндіретін ең ірі қала?
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Әділқазылар ұпай санын анықтап жеңімпазды белгілесін.
Бүгін жеңген:__________
Білікті бірді
Білімді мыңды жығады - дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.
ІІІ. Қорытындылау. Марапаттау
Көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп- интеррнаты
Сайыс сабақ
Мұғалімі: Оспанова.Г
Тақырыбы: «Білгір »- интелектуалдық ойыны
Сыныбы:3-4
Қызылорда қаласы 2018-2019жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Білгір -интеллектуалдық" ойыны

шағым қалдыра аласыз