Материалдар / "Білгір эколог" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білгір эколог" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
690
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Білгір эколог» сайысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

Дамытушылық:Білім алушы зейінін сабаққа аударып, қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік:Білім алушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, елінің, жерінің құндылықтарын сезе біліп, оларды дәріптеуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қазақстан картасы, тақырыптық суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер, қазақ әліпбиі.



Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды.

«Қар кесегі» ойыны

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Әуен ойнауын бастағанда «Қар кесегін» балалар тез бір-біріне береді. Әуен тоқтаған кесек кімде қалады, ол бала ішіне жазылған сұраққа жауап береді. Ойын сұрақтар таусылғанша жалғасын табады. 

Отандеген не, кім қалай түсінеді?

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан Республикасы астанасы қай қала?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде нешінші орында?

Қазақстанда тұратын ұлттарды ата.

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Қазақстанның әлемге танымал спортшыларын ата.

Қазақстан республикасында неше облыс бар?

Қазақстанның үшінші мегаполисі қай қала?


«Құпия жануар» ойыны

Жүргізуші балаларға фотосуреті алдын-ала таңдалған белгілі бір жануардың сипаты, сыртқы бейнесі, көлемі, өмір салты туралы сипаттап айтады. Содан кейін балаларға сол жануардың суретін салу тапсырылады. Сурет салынып болған соң, жүргізуші балаларға жануардың фотосуреті көрсетіледі. Балалардың салған суреті мен фотосурет салыстырылады.


«Экозоология» ойыны

Оңтүстік Қазақстанды мекендейтін құстардың суреттерін «Қызыл кітапқа енген құстар» және «Елді мекендердегі құстар» топтарына бөліп, атауларын табу.

«Қызыл кітапқа енген құстар»

Көк құс, Бүркіт, Жұмақ шыбыншы, Құтан, Дегелек, Қоқиқаз, Тырна.

«Елді мекендердегі құстар»

Қарлығаш, Торғай, Алақанат, Ала қарға, Көгершін.


«Жасырын алфавит» ойыны

Білім алушыларға сұрақтардың сандармен шифрланып жасырылған жауаптары беріледі. Балалар қазақ әліпбиін пайдалана отырып, не сөз жазылғанын табу керек.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі) (15 1 11 1 15 25 38 15 38)

  2. Жартылай тұщы, тұйық көл (Балқаш) (3 1 16 15 1 34)

  3. Еңүлкенжануар? (кит) (14 12 25)

  4. Құстыңнегізгімекені? (Ұя) (27 42)

  5. Еліміздің оңтүстік астанасы /Алматы/ (1 16 17 1 25 37)

  6. Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/ (2 3 38 16 17 1 18 24 27 23)

  7. Астана қаласының символы /Бәйтерек/ (3 2 13 25 8 23 8 14)

  8. Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ /Ғасыр Адамы/ (6 1 24 37 23 1 7 1 17 37)

  9. «Алтын адам» қайдан табылды? /Есік/ (8 24 38 14)

  10. Сиырдың пірі /Зеңгі баба/ (11 8 19 5 38 3 1 3 1)

  11. Қазақтың соңғы ханы /Кенесары/ (14 8 18 8 24 1 23 37)

  12. Қазақстанның бұрынғы астанасы /Орынбор/ (20 23 37 18 3 20 23)

  13. Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы /Өскемен/ (21 24 14 8 17 8 18)

  14. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын /Абай/ (1 3 1 13)

  15. Кеңес Одағы Батыры атағын алған қазақ қызы /Әлия/ (2 16 12 42)


«Қазақстан картасы» ойыны

Білім алушыларға Қазақстан Республикасы облыстарының картасының кесінділері ұсынылады. Балалар облыстардың атт арын айта отырып, дұрыс орналастыруы қажет. Сонымен қатар, облыстарда мекендейтін жануарлардың суреттері ұсынылып, мекен ету ортасына қарай картаға орналастыруы тиіс.


Сергіту сәті.

-Егер сіз Экологиялық орталыққа қуана-қуана келген болсаңыз, оң қолыңызды бұлғаңыз

-Егер сіз адамдардың бойындағы адалдық, адамгершілік сезімдерін бағалайтын болсаңыз, алдыға қарай бір қадам жасаңыз.

- Егер өз күшіңізге сенсеңіз, аяғыңызды тақылдатыңыз.

-Егер сіз адамдардың ұлты мен әлеуметтік жағдайына қарай құқықтары сақталуы тиіс деп санасаңыз, артқа қарай бір қадам жасаңыз.

-Егер сізді мемлекетіміздің тағдыры мазаласа, алақаныңызды шапаттаңыз.

-Егер сіз өзіңізді патриот деп санасаңыз, екі қолыңызды жоғары көтеріңіз. 
-Егер сіз біздің мемлекетіміз әлемдегі өзіне лайықты орын алады ден санасаңыз, екі қолыңызды алдыға қарай созыңыз.

- Егер біздің мемлекетіміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда екендігіне сенсеңідер, бір-бірлеріңіздің қолдарыңыздан ұстаңыздар.








Тексерілді:__________________


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!