жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білгір химик 10 кл
"Білгір химик" сыныптан тыс ашық сабақ
Сыныптан тыс сабақ
Мұғалімнің аты-жөні: Жайлаубаева Р.Г
Іс-шараның тақырыбы: «Білгір химик»
Мақсаты:
• Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық есептерді шығару қабілетін бақылау
• Қызықты есептер арқылы қызығушылықтарын ояту,ойлау қабілетін дамыту
• Еңбек сүйгіштікке,ой еңбегіне,шапшаңдыққа,топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Типі:білімдік шара
Түрі:сайыс
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,презентациялар.
Барысы:
I. Таныстыру (ұран)
II. Бәйге. ( сұрақ-жауап)
III. Сиқырлы ұяшықтар
IV. Көкпар (есеп шығару)
V. Қызықты 7 сұрақ
VI. Ертегілер елінде
«Білгір химик»сайысы.
Жүргізуші: Саламатсыздар ма,құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«Қайда қарасақта,қайда көз жіберсек те химия ғажайыптары»демекші,шындығындада бізді қоршаған табиғат химиялық құбылыстарға толы.Атап айтсақ,күнделікті көріп жүрген ағаштың,көмірдің жануы.Міне осындай таңғажайып сыры мол химия пәнінен 8 -10 сыныптар арасында өткізілгелі отырған«Білгір химиктер»сайысына қош келдіңіздер!
Енді бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған топтарымызды ортаға шақырайық.
Сайысымызға әділ бағасын берер әділ-қазы алқасымен таныстырып өтейін:
Білгір химиктер сайысына қатысушы сайыскерлерлерімізді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтер болсам:
I. Таныстыру (ұран)
II. Бәйге. ( сұрақ-жауап)
III. Сиқырлы ұяшықтар
IV. Көкпар (есеп шығару)
V. Қызықты 7 сұрақ
VI. Ертегілер елінде
Жүргізуші: Өз тобын таныстыру үшін дайын топты ортаға шақырамын
Ең қиын жарыстың бәйге келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер,ойланып тұрып қалма.
Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп зымыранды сұрақтарға кезек береміз.Бұл турда әрбір топқа 10 сұрақтан беріліп,дұрыс жауапқа 10ұпайдан беріледі.
« »тобының сұрақтары:
1.Атомдардың әр түрінен тұратын заттар не деп аталады?(Күрделі заттар)
2.Коэффицент нені көрсетеді?(молекула санын көрсетеді)
3.Күкірт қандай валенттілік көрсетеді? (2,4,6)
4.Металл атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?(Тұздар)
5. судың мұзға айналуы қандай құбылыс? (Физикалық)
6.Оттектің салыстырмалы молекулалық массасы нешеге тең?(32)
7.Жану реакциясы кезінде не байқалады?(жылу мен жарық)
8.Мыстың латынша атауы?(купрум)
9.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшегі?(атом)
10.Кез келген заттың 1 молінде қанша молекула бар?(6,02*1023)
« » тобының сұрақтары:
1.Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты?( Ж Пруст)
2.Индекс нені білдіреді?(Атом санын)
3.Натрий неше валентті?(І)
4.Екі элементтің біреуі оттегі болатын заттар?(оксид)
5.Атомдардың белгілі бір түрі?(Элемент)
6.Атмосферада оттек неше пайыз?(21 процент)
7.Судың салыстырмалы молекулалық массасы?(18)
8.Оттектің латынша атауы?(Оксигениум)
9.Отынның жануы қандай құбылыс?(Химиялық)
10.Қышқылдармен де,сілтілермен де әрекеттесетін негіздер?(екідайлы негіздер)
« » тобының сұрақтары:
1. Қаның құрамына кіретін металл?(Темір)
2.Темір қандай валенттілік көрсетеді?(2 және 3)
3.Сутек атомынан және қышқыл қалдығынан тұратын заттар?(қышқылдар)
4.Металдардың кернеу қатарын ұсынған ғалым? (орыс ғалымы Н.Н.Бекетов)
5.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі? (Моль)
6.Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы? (23)
7.Сутектің латынша атауы? (Гидрогениум)
8.Суда еритін негіздер қалай аталады? (сілтілер)
9.Зат массасының сақталу заңын кім ашты?Орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов)
10. Реагент дегеніміз не? (реакцияласушы заттар)
Жүргізуші:Рахмет сендер бірінші турда белсенділік көрсеттіңдер,енді сөз кезегін әділ-қазылар өз бағасын есептейді
Жүргізуші: келесі сайысымыз «Сиқырлы ұяшықтар»
Турдың шартымен таныстырып өтетін болсам,әр топ қалаған тақырып таңдайды.Әр тақырып төңірегінде 10,20,30,40,50 ұпайлық сұрақтар жасырылған.
ОТТЕК (10 ҰПАЙ) ОКСИГЕНИУМ –ҚЫШҚЫЛ ТУДЫРУШЫ
ОТТЕК (20 ҰПАЙ) ТАБИҒАТТА КҮН СӘУЛЕСІ ӘСЕРІНЕН ЖҮРЕТІН ӘЙГІЛІ ФОТОСИНТЕЗ ПРОЦЕСІ КЕЗІНДЕ,ЖАСЫЛ ӨСІМДІКТЕР ОТТЕКТІ БӨЛІП ШЫҒАРАДЫ.
ОТТЕК (30 ҰПАЙ) 29 ҒА ТЕҢ
ОТТЕК (40 ҰПАЙ) ОТТЕКТІ КӨП МӨЛШЕРДЕ СҰЙЫҚ АУАНЫ АЙДАУ АРҚЫЛЫ АЛАДЫ.
ОТТЕК (50 ҰПАЙ) 7,9 40,5 39
ОКСИДТЕР (10 ҰПАЙ) Екі элементтен тұратын, оның бірі оттек болып келетін қосылы
ОКСИДТЕР (20 ҰПАЙ) CuO SO2 Cr2O3 NO2.
ОКСИДТЕР (30 ҰПАЙ) Оксидтер 3-ке бөлінеді. Негіздік оксидтер, екідайлы оксидтер және қышқылдық
ОКСИДТЕР (40 ҰПАЙ) 33,6 л
ОКСИДТЕР (50 ҰПАЙ) 4 P +5 O2 = 2P2O5 фосфор (V) оксиді
ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (10 ҰПАЙ) Газдың бөлінуі, тұнбаның түзілуі,жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі
ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (20 ҰПАЙ) біртекті және әртекті қоспа. Әртекті қоспаның тазарту жолдары:тұндыру, сүзу. Біртекті қоспаны бөлу әдістері: қайта кристалдану, айдау
ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (30 ҰПАЙ) V =44,8л m=88г
ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (40 ҰПАЙ) валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. Түлері: тұрақты және айнымалы
ХИМИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР (50 ҰПАЙ) Сутекті 1776 ж ағылшын ғалымы Кавендиш ашты.
ҒАЛЫМДАР (10 ҰПАЙ) ағылшын ғалымы Р.Бойль
ҒАЛЫМДАР (20 ҰПАЙ) 19 ғасырда француз ғалымы Ж.Пруст
ҒАЛЫМДАР (30 ҰПАЙ) қосылу, айырылу, орын басу және алмасу
ҒАЛЫМДАР (40 ҰПАЙ) Физикалық және химиялық қасиеттерінің ұқсастықтары бойынша біріккен топтарды табиғи ұяластар д.а. Мысалы: Металдардан сілтілік металдар және сілтілік жер металдар; бейметалдан галогендер және халькогендер.
ҒАЛЫМДАР (50 ҰПАЙ) өз ойларын айтады
Ал енді келесі кезекте Көкпар. 2 мин
Берілген формуладағы әрбір элементтің массалық үлесін анықта?
1 топ – BaSO4
2 топ- Na3PO4
3 топ - Al(OH)3
Қызықты 7 сұрақ,шарты қай топ бірінші дайын болады,сол топ жауап береді.
1.Сау адамның асқазанында қандай қышқыл бар? (HCl)
2.Антибиотик дегеніміз не?
(микроб, бактерияларды өлтіретін заттар)
3.Қай элементтің жетіспеуінен тіс ауруына ұшырайды? (F)
4.Қандай металды Чернышевский металы деп аталады? Al
5.Қандай(элементтерді) металдарды салқын сумен жандыруға болады? (K,Na,Fr,Cs)
6.Қандай элементтерде адамға қажетті тіршілік көздері кездеседі ?.. (O,H,C)
7.Адам мен элементтер қасиеттерін салыстырып теңейтін мысалдар келтір?
«Алтын қол» , «темір мінезді», «күміс күлкі», «күміс көмей», «жез таңдай»
Ертегілер елінде. Әр топ жауабын жазып,әділ – қазының алдына апарады. 5 мин
1.Бір көргеннен ұнату Жауабы:
Көміртегі оттегін ұнатқан, №2 период 2 қатар да ,№6 бөлмеде тұратын көміртегі (жігіт), №8 бөлмеде тұратын оттегі қыз . Екі жас деген көміртегінің реттік № 6.
Оттегінің реттік №8. Қыздың портреті О реакция теңдеуі
С+О2=СО2
2.Оттегі жайлы : Жауабы. Оттегі бұрын тотықтырғыш болып келсе,бұл реакцияда тотықсыздандырғыш рөлін атқарды.Сөйтіп фтордың оттегіненде тотықтырғыштығы асып түсті.«Өзіңнен зор шықса,екі көзің сонда шығар» дегеннің кері келді.
O2+2F2 2OF2
Жүргізуші:Білімді жастарымызды бағалау үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
ІІ кезең «Қызықты жазулар»
Басқатырғы
Бос тор көздерге элементтердің аттарын жазыңдар.
Жауабы: Оттегі, бор, азот, аргон, фосфор, криптон. трийек
Жауабы: н атрий и т с у т ек о т т
(Бұл кезеңде оқушылар жасалған тәжірибелердің құпиясын ашу керек.)
Үстел үстінде атқылаған «вулкан»
Вулканның атқылауы жөніндегі мәліметтер география сабағынан белгілі. Сол
вулканды үстел үстінде атқылатуға мүмкіндік бар. Штативке бекітілген асбест
торының үстіндегі қос хром қышқылы аммоний тұзына сіріңке тигізеді. Сонда одан
жан - жаққа, жасыл түсті жалын шығара ұшқын атып, дыбыс шығарған вулкан
атқылағандай әсері бар құбылыс байқалады. Алынған зат көлемін әлде неше өсіріп
жасыл түсті күлге айналады. Сонда мынандай химиялық реакция жүреді.
Суреттегі от
Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының концентрациялы ерітіндісімен
қылқалам арқылы сурет салынады. Бірақ суреттің ізі үзілмеуге тиіс.
Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып, аяқталады, сол жерін қарындашпен
белгілеп қою керек. Селитраның ерітіндісі кепкен кезде қағаз бетіне ешбір із
байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде қарындашпен белгіленген қағаз шетіне
ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен қуалаған от
суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген:
Ауыртпай жасалған «операция»
Оқушының білегіне «спирт» жағып, операция пышағын дезинфекциялағыш сұйықтан
алып, оны кеседі (оны пышақтың сыртымен жасайды) қолдан «қан» шығарады. Артынан
қолдың «қанын» тазалаған болып, суланған таза шүберекпен сүртеді, қолы
жазылады, «қаны» тазарады. Бұдан кейін оқушылар жасалған «операцияның» жасырын
құпиясын айтады.
«Оқушының білегін спиртпен тазалаған болып, оған 5 проценттік темір (ІІІ)
хлоридінің ерітіндісін жағылды да, калий роданидінің ерітіндісіне батырылған
операция пышағын алып, пышақтың сыртымен оның қолын кесті. Сонда оқушының
білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір
роданидін түзеді». Ол реакцияның теңдеуін былай жазуға болады:
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобы анықталды.Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті.Бізбен бірге болып,ойынды тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.Сау болыңызда
Өскемен қаласы әкімдігі «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
«Білгір химик»
тақырыбына өткізген сабақ жоспары.
Химия пәнінің мұғалімі: Жайлаубаева Раушан Газизовна
2018-2019 оқу жылы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген