400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Білгір химиктер

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын ұяшық, Алтын сандық, Үш тілде жауабын айту.Бейне сұрақ , реакция теңдеулерін теңестіру
Материалдың қысқаша нұсқасы



«№31 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ











Сыныптан тыс сабақ





Тақырыбы: Білгір химик!





Сыныбы: 9 «А» - 9 «Ә»

Машықкер: Мәдениет Нұрзат

Скакова Аяулым

Пән мұғалімі: Тайжумина Алуа Айкынқызы









Семей қаласы

2017 жыл



Бекітемін:

Күні: 14. 03. 2017

Тақырыбы: «Білгір химиктер!»

Мақсаты:

Білімділік: химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру;

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, дүниетанымын

кеңейту, оқушылардың танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: ұжымдасып жұмыс істеуге тәрбиелеу.«Тәуелсіздіктің туы – білімді ұрпақ қолында» дегендей, алдымызда тұрған дені сау, рухы биік, ой - өрісі кең, болашағы айқын жеке тұлғаны білімді азамат етіп шығару өз қолымызда.

Жүргізуші : Көруге бұл сайысқа жиылғандар,

Д. И. Менделеевке құрметпенен сиынғандар.

Қош келдіңіздер, бүгінгідей ғажайыпты

Тамашалау бақыты бұйырғандар!-деп

Құрметті оқушылар! Біздің бүгінгі интеллектуалдық брейн – ринг ойынына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. «Ойлы болсаң, озып көр»

  2. Нағыз химиктер

  3. Химиялық жұмбақтар

  4. Химия және денсаулық

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысты бастамас бұрын әділқазыларымызбен танысып алайқ.

«1» Алуа Айкыновна

«2» Динара Рахимовна

Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.

  1. Топ - сұңқарлар 9 «А»

  2. Топ – қырандар 9 «Ә»

«Сайысымздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп,

кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.


  1. кезең «Ойлы болсаң, озып көр!»

(Әр сұрақ 2 ұпай)

Сыр сандықтан оқушылар сұрақтар жасырылған қағаздарды алады. Әр топ өз білімімен ұпай жинайды.

Сұрақтар:

1.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)


2. Сүйекті қаптайтын элемент? (кальций)

3.Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)

4. Денесінде қышқыл бар жәндік? (құмырсқа)

5. Оң зарядты ион (катион)

6. Қаның құрамында болатын элемент? (темір)

7.Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)

8.Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл? (тұз қышқылы)

9.Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(Йод)

10.Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)

11.Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)

12.Сұйық металл.(сынап)

13.1А топ элементтері басқаша қалай аталады (негіздер)

14. Екі газдан алатын ең қажетті сұйық зат (Н2О)

15. Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым.(С.Аррениус)

16. Адамның дене қызуын өлшейтін құралдағы сұйық металл (сынап)


  1. кезең –«Нағыз химиктер!»

(Әр реакция 2 ұпайдан жалпы 6 ұпай)

Бұл кезеңде әртопқа жеке – жеке генетикалық тізбек беріледі, реакция теңдеуін ақ парақа жазып бүрын бітірген топ тақтаға іледі, слайд көмегімен тапсырма тексеріледі.

  1. Са→ CаO→Сa CO3 →Сa (HCO3 )2

2Ca + O2= 2CaO

CaO + CO2 = CaCO3

CaCO3 +H2O + O2 = Ca (HCO3)2

  1. Al(OH)3→AlCl3→ Al(OH)3→ Al2O3

Al(OH)3 +3 HCl = AlCl3 + 3H2O

AlCl3 +3 NaOH = Al(OH)3 +3 NaCl

4Al(OH)3 =t 2Al2O3 +6 H2O


  1. кезең -Химиялық жұмбақтар:

(жұмбақтың шешіуін үш тілде айтасыздар, Әр жұмбақ 5 ұпайдан)

  1. Табылса бұрын там - тұмнан

Қазір көп әрбір өлкеде,

Қымбат болды алтыннан

Қандай металл ертеде. (Алюминий)

  1. Қымбат деп айтатындай емес алтын,

Сонда да тапты игілік одан халқым.

Апарып Айға елімнің туын тікті

Жемісін ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)

  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.

Көрсететін суықты, жылуды анық

Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап)

  1. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот)



  1. кезең - Химия және денсаулық:

(Сұрақтар сиқырлы колба арқылы презентация көмегімен көрсетіледі. Әр сұрақ 2 ұпайдан)

  1. Адам ағзасында 4 г темір болады. Оның 65 пайызы қайда болады? (қанның гемоглобинде)

  2. Бұл затты тамақпен уланған жағдайда таблетка түрінде қолданады. Бұл қай дәрі? (белсенділінген көмір)

  3. Аммиак суда жақсы еритін өткір иісті газ . Оны суда әртүрлі мөлшерде ерітуге болады. Құрамында 3-10 пайыз аммиак бар ерітінді халық арасында қалай аталады?( мүсәтір спирті)

  4. XIX ғасырдың өзінде ұлулардың көгілдір қанын зерттегенде ,ғалымдар қанның көгілдір болуы осы элементке байланысты екенін дәлелдеді. Ол қай элемент деп ойлайсыздар?( мыс)

  5. «Күлдіргіш газ», оның 20% оттегімен қоспасын медицинада жансыздандырғыш ретінде қолданады. (N2O)

  6. Адам организмінде қай элементтің жетіспеуі тіс кариесіне әкеліп соғады. (Фтор)


Жүргізуші: Құрметті оқушылар сайыс мәресіне жетті. Енді әділ қазыларымыз ұпай санын есептеп қорытынды шығарғанша сіздермен бүгінгі сабағымызға рефлекция жазып берулеріңізді сұраймыз!


Жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» - демекші сайыстың аты сайыс. Сөз кезегін әділ қазыларға берйік.

































Бағалау парағы:




Топтар



«Ойлы болсаң озып көр!»

Әр сұрақ 2 ұпай



«Нағыз химик»

Әр реакция 2 ұпай жалпы 6 ұпай



Жұмбақтар

Әр сұрақ 5 ұпай



Химия ж/е денсаулық

Әр сұрақ 2 ұпай



Қорытынды

Ұпай







Сұңқар














Қыран














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
638
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі