жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Білгір тарихшы
Тақырыбы: «Білгір тарихшы»
Сабақтың мақсаты: жарысу арқылы оқушылардың бәсекелесу қабілеттерін
дамыту, жылдам шешім қабылдауда, ойларын жинақтап,
тұжырымдай білуде тарих сабағының маңыздылығын
ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой
түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту,
Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай
білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілеті мен тарих пәні
бойынша алған білімдерін ұштастыру.
Сабақтың міндеті:
Ойын тәсілі арқылы оқушылардың ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту;
Тарихты түсініп, бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру;
Тарихты оқуда өз беттерінше ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиетпен, қазақ тілімен, суретпен
Көрнекілігі: презентациялар, гүлдер, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- сайыстың тақырыбымен таныстыру,
- сайысқа қатысушы топтармен таныстыру,
- әділ қазы алқаларымен таныстыру.
- сайыстың шарттарымен таныстыру
ІІ. Сайыс барысы:
Мұғалім:
Тарих
ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды
қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих
ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты
ұрпақтарға жалғайтұғын.
- деп «Білгір тарихшы» атты сайысымызды
бастайық.
1) – Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Бұл сайысқа 10-11- сыныптардың оқушылары өздерінің тарих пәнінен алған білімдерін сынамаққа келіп отыр.
Ендеше сайыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық. Сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерімізді жетондар арқылы топқа бөліп алайық.
Сонымен қадірменді көрермен қауым, сайыскерлеріміздің білімі мен білгірлігін тамашалауға баршаңызда қош келдіңіздер дейміз.
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс
7 кезеңнен тұрады:
1. «Беташар» (3 мин)
2. «Эстафета» (2 мин)
3. «Тарихи оқиға» (10 мин)
4. «Шешендер» (5 мин)
5. «Артығын тап»(2мин)
6. «Өткел» (3мин)
7. «Білгір тарихшы» (5мин)
Жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
_______________________________________________________
_______________________________________________________
_______________________________________________________
Сайскерлерімізге сәттілік тілей отырып біздің күнделікті іс-әрекеттеріміз білімге,оқуға,үйренуге бағытталған,бірақ менің ойымша бұл қасиеттерге қоса шапшаңдық пен тапқырлық қажет. Дұрыс па, сайыскерлер?! Ендеше сайысымызды бастаймыз.
1-кезең:
«Беташар» (3
мин)
Бұл бөлімде оқушылар топ атымен, ұранымен таныстырады.
2-кезең: «Эстафета» (2 мин)
Бұл кезеңде Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалық бірлестіктердің атауы беріледі. (сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар). Топ басшылары шығып тақырыпты таңдап алады да эстафетаны бастайды. Әр топтан бір оқушы шығып мәлімет қосып отырады. Артынан топтар бір-бірін тексереді.
3-кезең: «Тарихи оқиға» сайысы. (10 мин)
Бір тарихи оқиғаны таңдап, яғни ұлт-азаттық көтерілістердің бірін таңдап, сол туралы мәлімет даярлауды тапсырамыз. Тақырыпты 1 топ бастайды, сосын мұғалім келесі топты көрсетсе сол топ жалғастырады, оқиғаның кез-келген жерінен үзіп, келесі топқа жалғау ұсынылады. Ойын мынадай сапа бойынша бағаланады:
Мазмұндылығы, жүйелілігі, тарихи фактілердің келтірілуі, қосымша материалдармен толығуы, ойдың үзіліп қалмай, бірден жалғасын табуы.
4-кезең: «Шешендер» сайысы (5 мин)
Қазақ даласы шешендерге, ақындарға, дау-тартысты әділетті шешетін билерге, ақыл айтар ел ағаларына бай болған. Ел басына күн туған заманда, жаугершілік заманда, румен-ру, елмен-ел арасындағы тартыстарды әділетті шешіп ел мархабатына бөленген. Төніп келген қатер мен жауды сөзге тоқтатқан. Ойынға қатысушыларға тапсырма:
Жаугершлік заман. Аулыңның үстіне ат ойнатып қатерлі жау келіп тұр. Қарсы шығып, соғысқаннан пайда жоқ, жаудың күші басым. Сіздің міндетіңіз сөзбен, нақты аргументтермен өз ойыңызды байланыстыра отырып, жауды тоқтату керек. Ойында шешеннің тапқырлығы мен шешендік дауыс ырғағы міндетті түрде ескеріледі.
5- кезең: «Артығын тап»(2мин)
Сүткент
Сығанақ
Сарайлы
Жанкент
Асынас
Жент
Баршынкент
Себебі: Сарайлы артық , ол Кеңгір өзінінің бойында орналасқан, қалған қалалар Сырдария өзенінің бойында орналасқан орта ғасырдағы қалалар.
6-кезең: «Өткел» (3 мин)
Бұл кезеңде «Басқатырғыш» шешеміз. Мына әріптерден сөздер құрастыр және анықтама бер.
1.РХЕАГИЯОЛО-заттай деректер бойынша адамзат тарихының ежелгі кезеңін зерттейтін ғылым.
2.ТРОЕПФЛИГ- тас,жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет.
3.ЮЙЬШАН- ғұн мемлекетінің билеушісінің лауазымы.
4.ГРАЭТФИЯНО- әр түрлі халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттейтін ғылым.
5.АЦИЯТАДАП- қалыптасқан жағдайға бейімделу.
6.ФЕРЕРЕНДМУ- аса маңызды мемлекеттік мәселе бойынша жалпы халықтық дауыс беру.
7.АТКРДЕИЯМО- халық еркі немесе билігі.
8.ПОСЭК-1917 жылы Астанада өтетін дүниежүзілік көрме.Тақырыбы: «Болашақтың энергиясы».
9.ЕКОНЮС-БҰҰ-ның білім және мәдениет жөніндегі ұйымы.
7-кезең: «Білгір тарихшы» (5 мин)
Берілген уақыт ішінде сұрақтарға жылдам жауап беру.
Абылайдың шын аты ?(Әбілмансұр)
1771-1781ж.ж Орта жүздің ханы? (Абылай)
25-жыл бойы бас бостандығынан айрылған тарихшы? (Бекмаханов)
Абай жолы романының авторы? (Әуезов)
1964-1984ж.ж КСРО-ның бірінші хатшысы? (Брежнев)
1822ж қабылданған жарлық? (Сібір қазақтарының жарлығы)
Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1989ж. 22 қыркүйек, 1997ж. 27 шілде)
Қуғын сүргінді ұйымдастырушы кім? (Сталин)
Тың және тыңайған жерлерді игеруде қанша адам келді? (2млн.)
1783-1797ж. көтерілістің басшысы кім? (Сырым Датұлы)
Кіші жүздің Ресейге одақ болуын қалаған хан? (Әбілқайыр)
Жеті жарғының авторы? (Тәуке хан)
Абылайдың жалған аты? (Сабалақ)
Кариб дағдарысы қашан болды? (1962ж)
Капитализм дегеніміз не? (Жалдамалы еңбекшілердің еңбегін қанау)
«Ленинградтық өрендерім» өлеңінің авторы кім? (Ж. Жабаев)
Қазақтың «Бұлбұл әншісі» деп кімді айтады? (Бибігүл Төлегенқызы)
«Кел, балалар оқылық» өлеңінің авторы кім? (Ы. Алтынсарин)
Астананың көне аты қалай аталған? (Қара өткел)
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған данышпан, ұлы ойшыл, ғалым кім еді? (Әл – Фараби)
Халық қаһарманы, жазушы,«Артымызда Москва» кітабының авторы кім? (Б. Момышұлы)
Ғалым, ағартушы, «Мұсылман даласы туралы», «Жонғария очеркі» т.б авторы кім? (Ш. Уәлиханов)
«Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (И. Есенберлин)
Қазақстанның ұлттық валютасы қай жылы қолдана бастады (қараша,1993ж.)
Қазақтың педагог –ағартушысы, алғашқы рет Қазақстанда қыздарға арнап училище ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
Ахмет Иассауи кесенесін қай хан салдырған? (Ақсақ темір)
Жамбыл Жабаевтың өзіне пір тұтқан ұстазы кім? (Сүйінбай)
Атақты күйші кім? (Құрманғазы Сағырбаев)
«Жеті жарғы» заң жобасын жасаған кім? (Тәуке хан)
Төле би қай жүздің биі? (Ұлы жүз)
Қожа Ахмет Йасауидің «Даналық кітабы» қай тілде жазылған? (араб)
Грек тарихшысы Геродот сақтарды қалай атаған?(массагеттер)
Қаңлы тайпаларының астанасы болған қала? (Битянь)
«Ұлы Жібек жолы» қайдан басталады?(Қытайдағы Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан)
Бүкілхалықтық Президент сайлауы қай жылы өтті? (1991 жылы, 1 желтоқсан)
Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған қала? (Орынбор)
Тұңғыш қазақ даласынан ғарышқа аттанған кім, қай жылы?(Т. Әубәкіров, 1991 жыл 2 – қазан)
Жаугершілік заманында 50 - жылдан астам уақыт қазақ қолын бастаған батыр?(Бөгенбай батыр)
Тәуке ханның «Жеті Жарғысын» жасауға қатысқан қазақ батыры кім?(Бөгенбай батыр)
7 - жасынан жетім қалған қазақтың дарабоз батыры кім?(Қабанбай батыр)
Жер - ұйықты іздеген адам кім? (Асан – Қайғы)
Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған Қазақстанның қай аймағы? (Оңтүстік Қазақстан)
Қазақ хандығы құрылған жылдар? (1465 - 1466 жылдар)
Қазақ хандығының іргесін қалаған хандар?(Жәнібек пен Керей)
Елші ретінде Жоңғар хандығына барып Абылайды босатып әкелген қазақ биі кім? (Қазыбек би)
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен қазақтың атақты жырауы кім? (Бұқар жырау)
«Тарих»сөзін алғаш қолданған кімдер? (арабтар)
Шығыстағы тарихтың атасы Сыма Цяньның еңбегі(«тарихи жазбалар»)
Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар кімдер?(қытайлар)
Оғыз мемлекетінің астанасы(Янгикент)
Тарих сөзі қандай мағына береді? ( зерттеу, өткен оқиғалар жайлы әңгіме)
Ұлы Отансоғысы қай жылдары болды? (1941-1945 жж)
Қазақстанның астанасы болған қалалар. (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
БҰҰ «Қазақстан қай жылы БҰҰ-ның құрамына енді? (1992ж)
Рейхстагқа жеңіс туын тіккен батыр. (Қошқарбаев)
Құрманғазыдан бата алған күйшіні ата. (Дина Нұрпейісов)
Тұңғыш қазақ ғалымы? (Шоқан)
«Құтты білік» кімнің еңбегі? (Жүсіп Баласағұн)
Спорт алғашқы қай елде пайда болды? (Грекия)
«Қазақ» газетін шығарған кім? (Байтұрсынов)
Тұңғыш қазақ әліппесін жазған кім? (Байтұрсынов)
«Алтын Адамды» тапқан кім? (Кемел Ақышев)
Еділ есімі тарихта қалай аталып кеткен? (Атилла)
Тұңғыш қазақ академигі? (Сәтбаев)
Йасы деп ІХ-Х ғасырларда қай қала аталды? (Түркістан)
Алматы қай жылдары Қазақстанның астанасы болды? (1927-1997)
«Ақтабан шұбырынды» қай жылдары болды? (1723-1728 жж)
ІІІ. Қорытынды:
Жүргізуші: Өзіңе
бүгін қызыға елім қарадым,
Шалқытып
көңіл, шарықтап енді барамын.
Тарихты
терең үңіліп еске аламыз,
Ғұлама
жылдар судырлатқанда парағын.
Тәуелсіз
жылдар сыйласын елге ғажабын,
Қалсыншы
артта көрген бір ауыр азабың.
Саналы
әрі ұлтжанды болып ұрпағың,
Шалқи
бер мәңгі, шалқи бер мәңгі қазағым!-деп
бүгінгі сайысымызды аяқтай отырып,әділқазылар
алқасына сөз береміз.
(әділқазылар алқасынасөз беріледі.Марапаттау)
Жүргізуші:
Халқым
менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих
беті қатпар-қатпар бұралаң.
Талай
зардап қайғы-мұңның соңынан,
Егемендік
алғаныма қуанам!
Бейбіт өмір тілеймін
мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба,
жарқыра!
Тарихымда таланттылар
көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!-
деп бүгінгі «Білгір
тарихшы» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
1.РХЕАГИЯОЛО -
2.ТРОЕПФЛИГ-
3.ЮЙЬШАН-
4.ГРАЭТФИЯНО-
5.АЦИЯТАДАП-
6.ФЕРЕРЕНДМУ-
7.АТКРДЕИЯМО-
8.ПОСЭК-
9.ЕКОНЮС-
1.РХЕАГИЯОЛО -
2.ТРОЕПФЛИГ-
3.ЮЙЬШАН-
4.ГРАЭТФИЯНО-
5.АЦИЯТАДАП-
6.ФЕРЕРЕНДМУ-
7.АТКРДЕИЯМО-
8.ПОСЭК-
9.ЕКОНЮС-

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген