400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Білгірлер алаңы" сыныптан тыс шара (7 сыныптар)

Материал туралы қысқаша түсінік
7 сынып оқушыларына арналған математика пәнінен сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Дулатұлы атындағы №63 ЖББОМЛ










Сыныптан тыс шара




Ұйымдастырушылар:

Айдарбаева Г.Б

Базарова Б.Д





2019 – 2020 оқу жылы




Мақсаты: Оқушылардың аталған пәндер бойынша білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, ғалымдар,фигуралардың суреттері

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, т.б.

Формасы: ойын сабақ

Жүргізуші:

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы жайында,

Кешімізді бастайық.


КЕШТІҢ БАРЫСЫ:

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 27 – 31 қаңтар аралығында мектебімізде физика – математика және информатика пәндерінің «МИФ әлемінде» атты пән апталығы өткізіліп жатыр. МИФ кемесі бүгінгі айлаққа да келіп жетті.

- Олай болса, «Білгірлер алаңы» атты ойын сайысына қош келдіңіздер!

Ойынның шарттары:

ТАНЫСТЫРУ (әр топ өз құрамын таныстырады)

  1. «СҰРАҚ - ЖАУАП» (викториналық сұрақтар); (Kahoot)

  2. 4 сурет, бір жауап

  3. Танграмм

  4. Терминдер (2мин)

  5. Ойлайықта,ойнайық!(Есептер шығару)

6. Артық сөзді тап

Сайысқа түсетін командалар өз топтарының құрамымен таныстырып өтсін.


ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)

  1. СҰРАҚ - ЖАУАП» (викториналық сұрақтар)

1. Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем қалай аталады? Жауабы: аксиома

2. 300 –дің 25% (75)

3. y=ax2 функциясының графигі қалай аталады? Жауабы: парабола

4. Үшбұрыштың қабырғаларына қарай түрлерін ата? (теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әртүрлі)

5.Қабырғасы 5 см квадраттың ауданы? (25 см2)

6. «Геометрия» сөзінің тікелей аудармасы Жауабы: Жер өлшеу

7.Диаметрдің жартысы? (радиус)

8. Шеңбердің кез-келген екі нүктесін қосатын кесінді.(хорда)

9. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан қалай аталады?(аралас сан)

10. Ең кіші жай сан (2)

11. Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

12.Сыбайлас бұрыштардың қосындысы (1800)

13.Квадраттың қабырғасы 6 см Периметрін тап. (24 см)

14. Дәлелдеуді қажет етеін тұжырым (теорема)

15. Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)


ІІ тур. 4 сурет, бір жауап

Оқушыларға 4 сурет беріледі, оқушылар осы суреттерге қарап жасырылған мақал – мәтелді немесе тыйым сөздерді айтады( бір жауап қана қабылданады).

  1. Жігітке жеті өнер де аз.

2)Жүз теңген болғанша, 100 досың болсын!

3) Қызға қырық үйден тыйым!

4) 7 рет өлшеп,1 рет кес

5) Бір тал кессең,10 тал ек

6) Жеті атасын білмеген ұл жетесіз

7) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

8) Төртеу түгел болса төбедегі келеді

Алтау ала болса ауыздағы кетеді



9) Бас екеу болмай, мал екеу болмас.

ІІІ тур. Танграмм


ІVтур. Терминдер

Оқушылар 2 минут ішінде ақ параққа терминдерді жазады.


V тур. Артық сөзді тап!

А) зүту В) ратквад С) тепмек

усәле бершең ретеорма

дісінке пециятра масиоак

деутең бомр дарсал

QR CODE арқылы беріледі

Қорытынды.

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе «МИФ» кемесін келесі аралға аттандырамыз. Сонымен біздің кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1143
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі