400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Білгірлер мен тапқырлар» (Интеллектуалды сайыс)

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Білгірлер мен тапқырлар»

(Интеллектуалды сайыс)

5-9 орыс сыныптары арасында



Мақсаты: Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

Әдісі: сайыс сабақ

Көрнекілік: слайд, қима қағаздар, ребустар

Пәнаралық байланыс: ауыз әдебиеті, тарих, география

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.

2) Әділқазылар алқасын сайлау.

3) Сайыстың мақсатымен таныстыру.

4) Топтардың аттарымен , ұранымен, таңбасымен танысу.

І топтың аты- «Барыс», ұраны: «Қадам басып барыстай

Сіздерден біз қалыспай,

Көрсетуге білімді,

Picture 1 Келіп тұрмыз сайысқа-ай»

таңбасы- барыс суреті.





ІPicture 2 І топтың аты- «Бәйтерек», ұраны: «Өрмелейміз біліммен

Бәйтерктей шыңға біз,

таңбасы- бәйтеректің суреті. Алға ұрандап сеніммен,

Сайысамыз сізбен біз»

І тур «Бәйге»

(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут

ішінде тез жауап беруі тиіс) I топ-«Бәйтерек» тобына сұрақтар


  1. «фонетика» ғылымы нені зерттейді? (дыбыстар мен әріптерді)

  2. Кітапты, баланы, дәптерді сөздері қай септікте тұр? (табыс)

  3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)

  4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)

5. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?

  1. Неше септік жалғауы бар? (6)

  2. Сын есімнің шырайларын атаңдар. (жай, салыстырмалы, күшейтпелі)

  3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?

  4. Сын есімнің сұрақтарын ата. ( Қандай, қай)

  5. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)

  6. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)

  7. Қазақ әліпбиін ең алғаш құрастырушы (А.Байтұрсынов)

  8. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)

  9. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)


ІІ топ-«Барыс» тобына сұрақтар

1. Буынның түрі нешеу? (3) ашық, тұйық, бітеу 2. Үндестік заңы нешеу? (2) буын, дыбыс үндестігі 3. Морфология ғылымы нені зерттейді? (сөз құрамын) 4. «Лексика» сөзі қай тілден енген? (латын тілінен) 5. Тыныс белгісін не зерттейді? (пунктуация) 6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын) 7. Қазақ тіліне тән дыбыстар. ә, ө, ұ,ү,і, қ,ғ,ң,һ 8. Қимыл, іс- әрекетті білдіретін сөз табы (етістік) 9. Жүз жасаған ақын?

10. Орфография нені зерттейді? (дұрыс жазылуын) 11. Дауысты дыбыстардың саны қанша? (12) 12. Әліпбидегі 3-ші дыбыс қандай дыбыс? (б) 13. Сөз таптары нешеу? (9) 14. Қосымша нешеу? (екеу) жұрнақ, жалғау 15. Оқушының, мектептің, жердің сөздері қай септікте тұр? (ілік) 5 мин.

II тур

Мақал-мәтелдер сайысы

Екі топқа екі конверт тапсырылады. Бұл конверттерде мақал-мәтелдер берілген. Мақал-мәтелдер екі бөліктен тұрады. Оларды тауып, дұрыс құрастырып оқу керек.



III тур

Бес жұмбақ

Әр топ бір- біріне 5 жұмбақ жасырады. Жауаптарын қарсылас топ тауып, екі тілде айтады.

IV тур

Өтірік өлеңдер

6а-сынып оқушысы Сейілханова Ақнұрдың орындауында «Ертегілер» әні.Әр топ өтірік өлеңдер жазып дайындалады. Қай топтың өлеңі қызықты

болады, сол топ ұтады

V тур

Жекпе-жек

Бұл турға тек топ жетекшілері ғана қатысады.

Тапсырма: мына мақалдарды тауып, оқу. Солдан оңға қарай, сағат тілінің бағытымен бір әріпті тастап оқу керек.

Picture 111 Picture 113

VI тур

Көрерменнен көрімдік

Көрермендер әр топқа бір-бір әріптен тапсырады. Әр топ осы әріптен басталатын зат есімдерді теріп жазады.

Мысалы: А әріпіне: алма, асық, алтыбақан, аспан, ат, алмұрт, арман т.б

Ж әріпіне: жапырақ, жастық, жүлде, жүргізуші, жүзім, жер т.б

Әділқазы үшелеріне сөз беріледі. Әр топ мадақтама қағазбен, сыйлықтармен марапатталады. Осымен «Білгірлер мен тапқырлар» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне де жетті.

Назарларыңызға көп рахмет!

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

























































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
968
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі