400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Білгірлер сайысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың қызығушылығын ояту,
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тақырыбы: «Білімділер клубы »

Мақсаты: оқушылардың білімдерін , логикалық ойлау қабілетін арттыру, интеллектуалдық сапаларын анықтау және ойын арқылы білім беру.


Көрнекілігі : плакаттар, карточкалар, ребус, ҚР жалаулары, маркер.


Жоспар :

  1. Таныстыру

  2. Сұрақ -жауап

  3. Жекпе –жек

  4. Полиглот

  5. Кім жылдам?

  6. Егер де мен...





1 тур. Таныстыру . Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

1топ (5-сынып) «Ақылдылар » тобы

ІІ топ (6-сынып) «Достар»

ІІІ топ (7-сынып) «Қыран»

ІҮ топ (8-сынып)«Өзін өзі тану»


2 тур. Тақтада суреттер ілулі тұр. Әр команда кезектесіп, бір – бірден суреттен таңдайды. Әр суреттің ар жағында тақырыптар белгіленген. Әр тақырыпқа бес сұрақ немесе тапсырма беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі. Жауап нақты, толық болу керек және ойланып топпен ақылдасуға болады)



1. Көп тілді білетін адам кім? (полиглот)

2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» - деп Ата Заңның нешінші бабында жазылған. (4 бап)

3. Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, ашық, қысаң, еріндік, езулік)

4. Сөз таптарын атап бер (Зат есім, Сын есім, Сан есім, Есімдік, Етістік, Үстеу, Шылау, Одағай, Еліктеу сөздер.)

5. Қазақ тілінде неше жалғау бар екенін атап бер (4)


1. Ыбырай Алтынсарин туралы не білесіңдер (монолог)

2. Абай Құнанбаев туралы не білесіңдер (хр.таблица бойынша)

3. А.Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айт.

4. 5 дос пен 5 дұшпанды ата

5. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедханафия)


1. Ата Заң қашан қабылданды? (1995 жылы 30 тамызда)

2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсанда)

3.Қазақстанның астаналары туралы айтып бер. (Орынбор, Қызылорда.

4. Қазақстанда қандай ұлттар мекендейді? (қазақ......)

5. «Алтын адам» қайдан табылған (Есік обасынан (курган))


1. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан)

2. Сөз тіркесі, сөйлемді зерттейтін ғылым?(синтаксис)

3. Шыңғыстауда (Семейде) қандай атақты адамдар туған? (Абай, Шәкәрім, Мұхтар)

4. «Айша бибі» кесенесі қайда орналасқан? ( Таразда)

5. Абайдың мұражайы қайда орналасқан? (Жидебайда



3-тур.Жекпе – жек (капитандар сайысы)

1 топтың капитанына 5 сұрақ

1. Атақты қазақ суретшісі кім?(Әбілхан Қастеев)

2. Теңге қашан айналымға енді? (1993ж)

3. «Ау, қызғыш құс» кімнің өлеңі? (Махамбеттің)

4. Орхон – Енисей жазбаларын алғаш оқыған кім? (Радлов)

5. Қазақтың музыкалық аспаптарын ата (домбыра...)

2 топтың капитанына сұрақ.

1. Қазақстанның бұрынғы астаналарын атап бер (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)

2. Абайдың неше қара сөзі бар (45+1)

3.Әнұранның авторларын атап бер (Ж.Нәжмиденов, Н. Назарбаев)

4. Қазақтың актерлерін атап бер. (Шәкен Айманов, Кәкен Кенжетаев)

5. Сен неше жастасың? (16- да)

3 топтың капитанына 5 сұрақ

1. Тұнғыш қазақ ғарышкері кім?(Тоқтар Әубәкіров)

2. Қазақстан Тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991ж)

3. ”Ескендір» кімнің поэмасы? (А. Қ.)

4. Орхон – Енисей жазбаларын қайдан тапты? (Монғолиядан)

5. Асан Қайғы қай ғасырда өмір сүрген?(15)

4топтың капитанына 5 сұрақ.

1. «Бәйтеректің» биіктігі неше метр (97)

2. Қазақтың батыр қыздарын ата

3. Елтаңбаның авторлары кім? (Шота Аман Уәлихан, Мәлібек Жәндәрбекұлы)

4. «Бес арысты» ата

(Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов)

5. Қазақтың атақты палуаны кім? (Қажымұқан


4тур.”Полиглот”


(Жұмбақтың шешуін сайыскерлер шешіп, оны қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтады.)

1) Асқар тауда,

қара орман (шаш - волосы -hair)

2) Қимылдаса қос шебер,

Қыруар –қыруар іс өнер (қол – рука – hand )


3) Судан шығады,

Судан қорқады. (Тұз-соль-sult)


4) Жүзіне салсаң көзіңді,

Көрсетеді өзіңді. (Айна-зеркало-mirror )


5) Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. (Кітап –книга-book )



5. Кім жылдам ?

Берілген ұзақ сөздерден сөдер құрастыру.

Адамгершілік


Жасөспірім


Қамқоршылық



6.Егер де мен....Қатысушылар карточкаларда жазылған жағдаяттарды таңдап, ситуациядан қалай шығуға болатынын өздері түсіндіреді.




Егер де мен досымды ренжетіп алсам...


Егер де мен анамның жақсы көретін бір затын сындырып алсам...


Егер де мен сабаққа мүлдем дайындықсыз келсем...

Егер де мен мұғалімнің берген маңызды қағазын жоғалтып алсам...




  1. Қорытынды .Сайыс соңында жеңіске жеткен топ анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталады.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
604
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі